Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.21 Кб
Скачать

33. Хiх - хх ғасырлардағы Батыс философиясының негізгі бағыттарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.

Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Позитивтік немесе дұрыс пікір барлық құбылысты ғылыми жолмен түсіндіреді. Конт эмпирикалық ғылымға, тәжірибеге сүйенеді. Сондықтан философияның зерттеуге байланысты ақиқат өзіндік пәні жоқ. Оның мақсаты ─ арнаулы ғылымдардың нәтижесін қортындылау; әрбір ғылымның пайдалы әрі пайдасыз жағы бар, тек пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ол француз революциясының теориясы болған француз материализмінен бас тартып, идеализм жолына түседі.

Неотомизм – ХІХ ғ 70 жж пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышарттылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен Жильсон. Неотомизмнің орталық мәселесіҚұдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз, діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Неотомизмнің басты мәселесі - адам, оның өзінің «Менін» іздеп, қайталанбайтын рухын өзгертуге, жаңартуға ұмтылуы. Олар адам мәселесін этикамен байланыстырады. Кейінгі кездерде діни философия адамдағы жақсылықтың мәнін түсіндіруге белсенді күресуде. Олар адамзаттық құндылықтарды қорғайды: ядролық қаруға қарсылық білдіреді, экологиялық мәселелерді шешу мәселесін көтереді. Неотомизм ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ғылым өзінің даму барысында адамзатқа тигізіп отырған зияндығын сынайды.

Персонализм (лат. Persona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басында көптеген философиялық бағыттарда «Нео» деген қосымша сөз жалғанады. Ол ілімдердің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді. ХХғ философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады.

1. Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді:

- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;

- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.

2. Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылым адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды. Ал ғылым, ғылыми-техникалық прогресс адамға зиян келтіреді, адамның ерекше қасиеттерін сөндіреді, адамның физиологиялық жағдайын нашарлатады, адам есептеуді, ойлауды тоқтатады, адам миының қызметі нашарлайды деген сылтаулар айтады. Иррационализм - мистикаға (түсініксіз, жұмбаққа) сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, оны жақтауға не даттауға болмайды.

Неопозитивизм – қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациялау (лат. Verus – ақиқат және fasio - істеп жатырмын) - ойды сезімдік тәжірбелермен салыстыру арқылы тексеру. Егер ой тексеру немесе логикалық сараптау арқылы верификацияланса (дәлелденсе немесе терістелсе), онда ғылымға жатады да, қалғандары–жалған болып шығады.

Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизмағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994),Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74). Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғылыми жаңалық ашу логикасы» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Бұл ағым өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжам (гипотеза) қорытындысының жалған болуынан еш уақытта қорықпауы керек. Фальсификация - бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл қағиданы Поппер ғылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде әрі неопозитивизмдегі верификация әдісіне балама ретінде ұсынды.

Постпозитивизмнің өкілі Т. Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың бәсекелестігі, алма-кезек күресінің нәтижесі дейді. Негізгі рөлді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығын білдіреді.

И. Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылыми-зерттеу жоспарларын салыстыруды ұсынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]