Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.21 Кб
Скачать

35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.

Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Платонның пікірінше, шын болмыс ақыл-мен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, ұқсас заттар, қатынастар, процес-тер көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір – біріне бағынышты немесе ортақ бір идеяға бағынышты болады. Жоғарғы идея – абсолютті жақсылық немесе әлемдік ақыл – ой. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді.

Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. «Тимей аттың шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан демнург құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от,ауа, жер. Космос ақылды тірі жан деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай: 1) Құдыретті ақыл (демнург); 2) Әлемдік рух; 3) Әлемдік дене. Болмыстағы бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі.

Дж. Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөніндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есптесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді. Сыртқы және ішкі тәжірибені бір – бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж. Локк идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды.

Бірінші сапалар – олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттері – созылу, бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.

Екінші сапалар - әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы ашамыз: түрлі – түсті нәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстарды құлақпен естиміз, неше түрлі истерді, мұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы – тұщыны тіліміз арқалы сезінеміз т.с.с Сонымен екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыратын соңғы себеп – ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір – бірімен қосылуы деген пікірге келеді.

Тұрпайы идеялардан күрделіге көшетін болсақ, оны Дж. Локк субстанциясы ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы идеялардың бір – бірімен қосылуынан болады. Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж. Локк эмпериялық, яғни тәжірибеден туатын субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге көтерілсек, онда ол – материя, рух. Мысалы, біз күнді алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрін біз тәжірибе арқылы жинаймыз.

Д.Юм материя ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін дәлелдей алмаймыз деген ойға келеді. Бізге берілген тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары арқылы берілетін идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана.

Олай болса, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар – объективті өмір сүріп жаткан «мән», я болмаса тәжірибеге берілген «идея» емес, өзінің эмпириялық, яғни тәжірибеден шығатын мазмұны бар ассоциациялар. Мысалы, таныс адамның суреті өзінің ұқсастығымен ол жөніндегі біздің идеяларымызды оятуы мүмкін.

Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют – құдай барлық заттар да бар, бірақ тек таза ақыл ойда ғана өзіне өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шыңдық болмыс және барлақ материалдық денелердің түп негізі және мәні оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол – таза ақыл - ой, ақыл - ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі – абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.

Абсолюттік идеяның, әуел бастан- ақ негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, ал ақиқаттың өзі – абсолюттік идеяның өзі болғандықтан бұл мақсаттың жалпы дүниежүзілік тарихтың даму процесіндегі адамдардаң іс - әрекеті негізінде жүзеге асырады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]