Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Файзулла.А.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.54 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ 7

1 СВЕТОФОР 2.0, TRANSCAD ЖӘНЕ TRANSMODELER АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ БАҒДАРШАМДЫ АЛЬТЕРНАТИВТІ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ 8

1.1 СВЕТОФОР 2.0 компьютерлік бағдарламасы 8

1.2 TransModeler трафик пакетінде бағдаршам сигналдарын альтернативті түрде басқаруды талдау 12

1.3 TransCad географиялық ақпараттық жүйесінде көлік ағымының қозғалысын бақылау 14

2 КӨЛІК АҒЫМЫН ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ҚАЖЕТТІ МАТЕМА-ТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР 17

2.1 Макроскопиялық модельдер 17

2.1.1 Лайтхилл-Уизем-Ричардс моделі 17

2.1.2 Танака моделі 24

2.1.3 Уизем моделі 25

2.1.4 Пэйн моделі және оның жинақталуы 26

2.1.5 Кинетикалық модельдер 27

2.1.6 Стохастикалық модельдер 27

2.2 Микроскопиялық модельдер 27

2.2.1 Ньюэллдің тиімді жылдамдық моделі 28

2.2.2 Трайбераның «ақылды жүргізуші» моделі 30

2.2.3 Клеткалы автомат модельдері 31

3 БАҒДАРШАМ ТУРАЛЫ ЕСЕП 37

3.1 Бағдаршам түсінігі 37

3.2 Бағдаршамның жұмыс істеу принципі 38

3.3 Бағдаршам туралы есеп (ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БАҒДАРШАМ АЛДЫНДА КЕПТЕЛІС ОРЫН АЛМАЙДЫ) 41

3.4 Бағдаршам қызметін жол тораптарында тиімді үйлестіру 42

ҚОРЫТЫНДЫ 48

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

А ҚОСЫМШАСЫ 50

Қысқартылған сөздер тізімі

LWR моделі–Лайтхилл-Уизем-Ричардс моделі

АТҚ–Автокөліктік транспорттық қозғалыс

АЖ–Ақпараттық жүйелер

ST–Sim Traffic

ГАЖ–Географиялық ақпараттық жүйесі

ОЖ–Операциялық жүйелер

Анықтамалар

Бағдаршам – жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.

Кептеліс – жолдың өткізу мүмкіндігінен ағын тығыздылығының жоғары болғандыктан, көлік ағынның жылдамдылығының нөлге дейін түсуіне сәйке келетін күй.

Көлік, көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.

Жолаушы ағымы – белгілі бір уақыт көлеміндегі бір бағытта тасымалданған жолаушылар санын анықтайтын көлік өнімінің өлшеуіші.

КІРІСПЕ

Сіз бен біз күнделікті өмірде бағдаршам сынды адамзаттың кезекті таңғажайып өнертабысымен жиі ұшырасып қалып жатамыз, оның көмегіне жүгінеміз. Ал сол аталған бағдаршамның тамыры мен дамуы, жұмыс жасау принципі туралы мәліметтерді жете біле бермейміз. Математикалық тұрғыдан қарағанда бағдаршамның жұмыс жасау әрекетіне, кептеліс орын алған кездегі тиімді шешімді табуға бағытталған нақты есептеулер қолданылады.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі-бағдаршам қызметін жақсарту арқылы кептеліс пен басқа да жол апаттарын болдырмаудың жолдарын қарастырдым. Және де транспорттық көлік ағымын талдауға қажетті математикалық түсініктер мен деректерге, яғни макроскопиялық, микроскопиялық моделлерге, физиктер мен математиктердің көлік ағымының қозғалысын бақылауға, бағдаршам сигналдарының жұмыс істеу моделіне бағытталған есептеулеріне аса тоқталып өттім. Сонымен қоса, географиялық ақпараттық жүйелердің ішіндегі ең кең қолданыс тапқандарын зерттедім.

Әдетте көлік ағымы, кептеліс және бағдаршам қаз қатар жүретін түсініктер болып табылатыны хақ. Сондықтан мен бағдаршам туралы есепке тоқталмас бұрын транспорттық көлік ағымын сипаттап, кептеліс орын алған жағдайдағы шешімге қол жеткізуді ашып көрсетуді жөн көрдім.

Жұмыстың негізгі бөлімінде макроскопиялық моделдердің негізгі түрлері келтірілген, әсіресе біржолақты транспорттық көлік ағымына мысалдар жиі кездеседі.Гидродинамикалық аналогияларға терең назар аударылған.Бұл бөлімнің кілттік түсінігі сақталу заңына арналған транспорттық көлік ағымын суреттейтін бастапқы Коши есебінің жалпы шешімі болып табылады. Атап айтқанда, Лайтхилл-Уизем-Ричардс моделіне жете тоқталдым. Бұл макроскопиялық модел транспорттық көлік ағымы қозғалысының динамикасын есептеудегі тапсырмас дүние болып табылады. Және бұл модел біз қарастырып отырған макроскопиялық моделінің айырмалық және дифференциалды-айырмалық аналогы болып табылады. Сонымен қоса Танака моделіне, Пэйн моделіне, Уизем моделіне және олардың жинақталуына назар аударылған.

Транспорттық көлік ағымы қозғалысы мен кептеліс жағдайын анықтаған соң бағдаршамның осы аталғандармен қай уақытта тиімді және қай уақытта тиімсіз қызмет ететіндігін зерттедім. Әсіресе қандай жағдайда бағдаршам алдында кептеліс орын алмайтындығын көрсететін есепке тоқталдым.