Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Файзулла.А.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.54 Mб
Скачать

3.3 Бағдаршам туралы есеп (қандай жағдайда бағдаршам алдында кептеліс орын алмайды)

1955 жылы М.Лайтхилл және Дж.Уизем алдына келесі есеп қойылып, өз шешімін тапты:

болған жағдайда бағдаршам алдында кептеліс болмайтындай (екі түрлі қалыпта жұмыс жасайтын:қызыл және жасыл) k>0санын табу керек.

Бағдаршамнан алыс орналасқан көлік ағымының тығыздығы деп есептеп(ағым мәні ),мұндаағым мәні максималды болатын тығыздық.

3.2-сурет. Бағдаршам туралы есеп

Қызыл шам жанды делік (3.1-сурет). Онда бағдаршам тарапынан транспорттық көлік ағымына қарай келесі жылдамдықпен толқын соққысы барады (пайда болған шеткі есепті егер бағдаршамның АТҚ тағыздығы максималды , яғни бағдаршам тарапынан қозғалыс жоқ деп есептеуге алдын ала келісіп, бастапқы есеп секілді түсінген жеңіл)

(42)

(43)

қызыл шам жанған уақытта жиналған АТҚ қалдық уақыт келесіге тең:

(44)

Енді жасыл түс жанды делік. Онда бағдаршамнан қалдық уақыт өтпейінше бағдаршамнан өтетін АТҚ ағымы максималды және - ге тең болады.Осылайша бағдаршам алдында кептеліс болмайды,егер:

3.3-сурет. Лайхиллдің бағдаршам туралы есебі

3.4 Бағдаршам қызметін жол тораптарында тиімді үйлестіру

Жол қозғалысын басқарудың автоматизацияланған жүйесі және бағдаршам

Дамыған елдерде кең қолданыс тапқан жаңа жол қозғалысын басқарудың автоматизацияланған жүйесі видеобақылаудан алынған ақпаратпен жұмыс жасайды. Бұл ақпараттар транспорттық көлік ағымын басқаруға, кілттік траспорттық түйіндерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Видеобақылаудың өзге басқару жүйелерінен айырмашылы – цифрлық және визуалды ақпараттардың бір-бірімен үйлесуінде. Мысалы, бір мезететте жүйе операторымен, басқару орталығының диспетчерімен кенеттен пайда болған мәселелерді шешу үшін немесе жай ғана жүйені тексеру мақсатында кері бакйланыс орнату мүмкіндігі.

3.4-сурет. Көлік қозғалысын бақылайтын видеобақылаушы

Видеобақылау жүйесінің жұмыс істеу принципі танымал. Белгілі бір жол бөлігінде, көлік торабында, магистральда, қауіпті жол бөлігінде биіктікте видеобақылау орнатылады. Одан түскен сигнал видеоақпаратты өңдеу модуліне жіберіледі. Бұл модульде көлік ағымы зор болып жатқан жолдар анықталады, әртүрлі интегралданған бағалар есептеледі. Кейін басқару орталығында қарастырылып отырылған бөліктің цифрлық ақпараты немесе видеоақпараттары көрінеді.

Көлікке бағытталған видеобақылау жүйесі 3 түрлі ақпарат береді:

  1. Статистикалық өңдеуге арналған трафик жайлы ақпарат:

  • Анықталған көліктер саны;

  • Жылдамдық;

  • Транспорттық көлік ағымын жылдамдату;

  • Ағым тығыздығы;

  • Қозғалыс жолдарының бостығы;

  • Автокөліктер классификациясы.

  1. Жолда болған апаттар жайлы ақпарат:

  • Жоғары жылдамдық, ағым тығыздығы немесе жолақ бостығы;

  • Кептелістердің болуы немесе жолақ бойындағы кері бағыттағы қозғалыс;

  • Тоқтап қалған немесе төмен жылдамдықтағы көліктер;

  • Жолдағы күдікті заттардың болуы.

  1. Автокөліктердің болуы/болмауы жайлы ақпарат:

  • Жақындап келе жатқан көліктердің болуы;

  • Жол қиылысында тоқтап қалған көліктердің болуы;

  • Байқау аймағынан өткен көліктер саны;

  • Кезек ұзындығын өлшеу.

3.5-сурет. Германиядағы кептеліс құрылғысы

Шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ақпараттың соңғы түрі бағдаршамды басқару жүйелерінде кең қолданылады. Видеобақылау жүйесі бағдаршамды басқару модуліне интеграцияланған. Ол ағым көп жолдардағы барлық бағдаршамдардың жұмыс біріктіруге мүмкіндік береді. Мысалы, біздің жолдарда жалғыз аяқ жолдардан өту уақыты сол жолда келе жатқан көліктер санын ескермейді.

Европа елдерінде көлік қолғалысын басқару мен басқару жүйелерін техникалық модернизациясындғы ірі қадамдардың бірі Франция жасаған жаңалық болды.

3.6-сурет. Франциядағы жол торабын анықтауға көмек беретін құрылғы

Бұл елдегі жол қозғалысын бақылау жүйесі алғашында тек қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың қадамы ғана еді.

Осы қадамның арқасында Франциядағы көлік апаттары жылына 2 есеге төмендеді.

Британдық компаниялардың бірі қозғалыс жылдамдығын реттеу арқылы жол қауіпсіздігін арттыратын «транспорттық видеобақылаулар» ойлап тапты. Жаңа құрылғылар – бұл жолда орнатылған жанып-өшіп тұратын виеобақылау арқылы өтіп жатқан көліктердің жылдамдығын анықтайтын шамшырақтар.

Олардың тозу арқылы автокөлік нөмірі анықталады. Компьютермен байланысқан диаметр» 13 см камера жер астына 4 мм тереңдікте орнатылады.

Жақындап келе жатқан транспорттык көлік жылдамдығы анықталғаннан соң құрылғы бағдаршам секілді жұмыс істей бастайды – түстікдиодтар автокөлік иелеріне түстік қызылды-жасылды сигналдар көрсетеді. Бұл шамшырақтарды жаяу аяқ жолдарда қолдану жобаланады.

2006 жылдан бастап Жанпония автокөліктерінде «ақылды» нөмірлер жұмыс жасай бастады. Бұл нөмірлерге микрочиптер орнатылады, онда автокөлік нөмірі, иесі, автокөлік көлемі, тіркеу орны туралы ақпарат сақталынады.

Құрылыс жіне транспорт министрлігінің бұл тәжірибесінің мақсаты – жаңа технологиялар арқылы қала орталықтарында қарбалас сәттерде автокөліктердің қапталып қалуын болдырмау.

3.7-сурет. Жапон жолдарындағы құрылғы

«Ақылды» бағдаршамдар қашан дүниеге келеді?

Келесідей оқиғаны елестетіңіз. Сіз жол қиылысында қызыл шамға тоқтайсыз, ал қиылыс көшеде қозғалыс мүлдем жоқ! Сізге тек жасыл шам жанғанын күтуден басқа амал жоқ. Әрине, жансыз үш түсті дүниеге еш мінәрат жоқ, ол программаланған күйінде қызмет етіп тұр. Алайда сол дүниені сәл «ақылдырақ» жұмыс істетуге бола ма?!

Болады екен! Тым болмаса Дрездендік Техникалық Университетінің ғалымдары теория жүзінде де, практика жүзінде де Цюрихте қолданыс таптыра білді. Сонымен қоса, бұл құрылғы өздігінен оқи алады және жүргізушілердің уақыты мен жүйкелерін ғана емес, оған қоса жанармайды да үнемдейді.

Шындығында бұл «үшкөзді данышпанның» пайдасымен қатар зияны да жүреді екен. Зияндығы – көршілес жатқан қиылыстарда нық орналасқан кептелітің орын алатындығында. Дұрыс жұмыс жасау үшін барлығын бірегей жүйеге байланыстыру қажет. Мамандар компьютерлік модельдеу арқылы бірнеше бағдаршамдарды байланыстырып, күннің көп бөлігінде «мәңгілік жасыл түс» режимінде жұмыс жасата алды.

Алайда мұндай транспорттық жұмақтың орнауы әзірше аз мүмкіндікке ие. Оның себебі европа елдерінің барлық дерлік көшелерінде 60-70 жылдардағы бағдаршамдармен жабдықталған. Сондықтан мұндай ескі-құсқы дүниені қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларымен байланыстыру мәнсіз болып есептеледі. Ал бүкіл жүйені жаңасына алмастыру қаншаға түсетінін елестету оңай. Оған қоса, қаншама уақыт өтеді десеңші.