Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplomkaNEGIZGI.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать

2 Жұмыстың әдістері мен нысандары

2.1 Жұмыстың нысандары

Зерттеу жұмысы Алматы қаласындағы "Жану проблемалар институтында" өтті. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында зерртеу, бақылау әдістері қолданылды.

2.2 Жұмыстың әдістері

Мұнай процестерін өңдеудегі қауіпсіздікті тексеру шаралары төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің талаптары бойынша жүргізілді:

  • Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 157-ө Бұйрығы.

  • "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 471 Қаулысы

  • Правила Безопасности в нефтяной и газовой промышленности. ПБ 08-624-03.

2.3 Арн - лаб - 03 құрылғысы арқылы мұнайды фракциялау әдісі.

Мұнайдың молекулалық массалары , қайнау температуралары әртүрлі болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға бөледі. Фракциялау арқылы күрделі қоспаны қарапайым немесе жеке құрамдастарға бөледі. Мұнайды фракциялау, оның физикалық және химиялық қасиеттерінің айырмашылығына қатысты әдістерді қолданып жүргізіледі. Фракциялау әдісінде ең жиі қолданылатыны –айдау және ректификациялау. Айдау процесінде мұнайдың құрамындағы қосылыстар өзінің қайнау температурасына байланысты бөлініп шығады. Белгілі температура аралығындағы жеке бөлінген заттар бөлек жиналып, массасы анықталады. Одан кейін олардың әр фракциядағы пайыздық құрамы табылады. Құрамында С5-С12 көмірсутектері бар және 30-180°С аралығында қайнайтын бензин (авиация бензині, 205°С), кұрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 120-240°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С9-С16көмірсутектері болатын 180-300°С аралығында қайнайтын керосин, С11-С20 көмірсутектері болатын 240-275 °С аралығында қайнайтын газойль алынады, бұлар - ашық түсті мұнай өнімдері деп аталады. 300-350°С температураға дейін фракциясын бөліп алғаннан кейін мазут қалады. Оны әрі фракциялап, тұтқырлығына байланысты фракцияларын бөлек жинақтайды. Май дистиляттары: солярка, машиналық және цилиндрлік болып бөлінеді. Мазутты айдағаннан кейінгі қалдықты - гудрон деп атайды. Мұнайдың фракциялық құрамы ғана экономикалық тұрғыдан тиімді, рационалды қайта өңдеу әдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.

АРН-ЛАБ-03 құрылғысы - мұнай мен мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын анықтауға арналған, ГОСТ 2177-99, ГОСТ Р ЕН ИСО 3405-2007, ISO 3405, ASTM D 86 және басқада стандарттармен сәйкестендірілген құрылғы. Бұл қондырғыда қара және ақшыл түсті өнімдерді жүргізеді.

Құрылым ерекшеліктері:

- ішкі айналымға немесе термостатқа салқындатқышты қосатын тот баспайтын болаттан жасалған жылуоқшаулайтын салқындатқын ванна;

- тоңазытқыш түтігі коррозияға берік жезден жасалған;

- жарықтандырғышты қабылдайтын цилиндр өлшемі;

- салқындатқыш ваннадағы сұйықтықты алмастыратын су жібергіш шүмек;

- ұнтақ бояумен боялған күшейтілген болат корпус;

- төменвольтті жылытқыш элементі бар электр қауіпсіз жүйе;

- диаметрі 50мм колбаны тірейтін керамикалық әйнек;

- колба мен сынама орналасқан үстелдің биіктігін реттегіш;

- қызбаның қуаттылығын реттегіш;

- колбадағы қалдықты буланып кетуден сақтайтын қысқыш;

- қабылдағыш цилиндрге ыңғайлы тіреуіш;

- биіктікте тірелетін реттегіш;

- ГОСТ Р ЕН ИСО 3405-2007 сай толық термомерт;

АРН-ЛАБ-03 моделінің айырмашылығы:

- өңделген, күшейтілген, толық жабылған корпус;

- цементтен жасалған тіреуіштің айнек-керамикалыққа алмастырылуы;

- салқындатқыш ваннаны қосуға ынғайластырып орналастырылған штуцер;

- ыңғайлы, шағын қылып жасалынған аққыш кран;

- жетілдірілген жарықтандырғыш;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]