Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplomkaNEGIZGI.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать

1.5 Мұнай өңдеу процесінде еңбек қауіпсіздігін қамту

Қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Еңбек қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мұнай өңдеу зауытында зауыт объектілерінде қауіпсіз және апатсыз жұмысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ зауыт қызметкерлері үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және ұйымдық сипаттағы кешенді алдын – алу шаралары жүргізілуі керек. Зауыт объектілерінде қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау жөніндегі алдын – алу жұмыстары бекітілген жоспарлар мен кестелер бойынша жүргізілуі керек. Сонымен қатар негізгі назар анықталған ескертпелерді жою, зауыттың бақылаушы қызметтерінің жұмысын жақсартуға, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелерін шешуге цехтардың жұртшылығын тарту жөнінде жедел шаралары.

Қызметкерлерге арнаулы киімдерді, арнаулы аяқ киімдерді және басқа жеке қорғаныс құралдарын тегін беру нормаларына сәйкес арнаулы киімдермен, арнаулы аяқ киімдермен, тыныс органдарының жеке қорғаныс құралдарымен – сүзгілегіш, минисүзгілі газ тұтқыштармен, респираторлармен қамтамасыз етілуі керек.Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құбыршекті газ тұтқыштар, бұған қоса қызметкерлер сақтандырғыш құрылғылармен (белбеу, диэлектрлік кілемше, т.б.), қолды қорғайтын (қолғаптар, биялайлар), басты қорғайтын (дулыға, шлем), бетті қорғайтын (қорғаныс маскасы, қалқаншалар), көзді қорғайтын (қорғаныс көзілдіріктер), есту органын қорғайтын, (шуға қарсы құлаққаптар, бирушилер), дизенфекциялаушы құралдармен (крем, жақпа май) қамтамасыз етілуі керек.

Барлық қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылуы керек.

Жыл сайын зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкерлерге медициналық тексеру жүргізілуі тиіс.Тексеру нәтижелері бойынша анықталған науқас бақылауда болуы және медициналық пункт жағдайында алдын ала ем алуы керек. Әртүрлі жұқпалы, вирусты аурулардан сақтандыру мақсатында сақтандыру шаралары өткізілуі керек. Оған: жыл сайынғы тұмауға қарсы маусымдық вакцина егу, флюрографиялық тексеру жатады. Күн сайын қызметкерлерді вахта алдында тексеруден, жүргізушілер мен электр монтерлері ауысым алдында медициналық куәландырудан өтуі керек.

Зауыттың цехтары мен бөлімшелері жедел жәрдем көрсерту үшін медициналық дәрі қораппен жабдықталған болуы керек. Дәрі қорап бекітілген тізбеге сәйкес медициналық дәрі-дәрмектермен жабдықталған, оларды қолдану жөнінде нұсқаулық болуы тиіс. Қолданылған, пайдаланылған дәрі-дәрмектер медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану туралы журналға тіркелінеді.

Ауысым бойынша жұмыс істейтін технологиялық цехтардың қызметкерлеріне зиянды өндірістердің жөндеуші, қызмет етуші және ауыстырушы қызметкерлерінің құрамына, сондай-ақ, технологиялық қондырғыларды күрделі жөндеумен айналысатын қызметкерлерге ауысымда кем дегенде бір рет тегін ыстық тамақ берілуі, сондай-ақ кәсіби аурулардан және уланудан сақтандыру, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер денсаулығын нығайту мақсатында ауысымда 0,5 литрден сүт беріледі. Қызметкерлерге арналған санитарлық-тұрмыстық жағдай, ауыз су режимі, тамақ пен сүт сапасы инженерлік-дәрігерлік бригаданың тұрақты бақылануы тиіс.

Зауыт ұжымын қауіпсіздік техникасының, өнеркәсіп қауіпсіздігінің, еңбекті және қоршаған ортаның, өрт және газ қауіпсіздігінің, қызметкерлердің ауру-сырқаулығының жәй-күйі және олар жөніндегі жұмыстан хабардар ету мақсатында айына бір рет инженер-техник қызметкерлермен қауіпсіздікті, еңбек қорғауды және қоршаған ортаны жақсарту, бақылаушы органдардың ұйғарымдары жөніндегі шаралардың орындалуы талқыланып отыруы керек. Қауіпсіздіктің және еңбек қорғаудың өзекті мәселелері, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзушыларға қолданылған шаралар ұдайы жасалғаны жөн.

Зауытқа жаңадан қабылданатын барлық қызметкерлермен, келушілермен және жұмыс істеп тұрған зауыт аумағында жұмыс жүргізетін бөгде ұйымдардың қызметкерлерімен, олардың біліміне, мамандығы немесе лауазымы бойынша еңбек өтіліне қарамастан, қауіпсіздік және еңбек қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі жөнінде таныстыру нұсқауы өткізіледі. Зауыттың бөлімшелерінде жұмыс орнында қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқау өткізіледі.

Зауыттың жаңадан қабылданған қызметкерлері қауіпсіздік және еңбек қорғау, ҚР Еңбек кодексі, өрт және газ қауіпсіздігі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, т.б. жөнінде лекциялар курсы кіретін бейімдеу бағдарламасы бойынша оқытылады. Жоғары қауіп-қатері бар мамандықтағы қызметкерлерді: газ шаруашылығының операторлары, кран машинистері, жүк ілушілер, т.б. оқыту жұмыстары жүргізілуі керек.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ережелер мен нұсқаулық жасалуы керек.

Жұмысшының еңбек қауіпсіздігі оның денсаулығы, білімі, жүктелген жұмыс бойынша іскерлігі және біліктілігі,қауіпсіддік талаптары мен еңбек процесіндегі жеке тәртіпті орындауға байланысты анықталады. Өндірістік процесте бұл шараларға жауапты тұлғаның ролі тек өндірістік тапсырманы орындау ғана емес, міндетті түрде еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтау болып табылады.

Қызметкерлердің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

Еңбек қорғауға байланысты нормаларды негізінен 4 топқа бөлуге болады:

1 – өндірістік нысандарды жобалау сатысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар;

2 – өндірістік процесс кезінде қауіпсіздік сақтауға бағытталған нормалар;

3 – емдеу –сауықтыру, тамақтандыру және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану нормалары;

4 – еңбек заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау мен заңдылықты бұзушылардың жауапкершілігінің нормалары.

Осы нормалардың орындалуына мекеме басшылығы үнемі қадағалау жасап отырады.

Еңбекті қорғаудың нормативті құжаттарының бірі еңбек қауіпсіздігінің стандарттары.Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі:

- еңбек қауіпсіздігінің талаптарын белгілейді;

- зиянды және қауіпті фактарлардың мөлшері мен талаптарды белгілейді;

- жабдықтарға, технологиялық процестерге, жұмысшылардың қорғану құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;

- ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді;

Біздің елімізде стандарттардың мемлекеттік жүйесі 4 санатқа бөлінген:

- Мемлекеттік (ГОСТ)

- Салалық (ОСТ)

- Республикалық (РСТ)

- Кәсіпорындық (СТП)

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі төмендегідей құжаттардан тұрады

Құжаттардың шифры

Құжаттардың аты

0

Ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар

1

Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мөлшері мен талаптарының стандарттары

2

Өндіріс жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың стандарттары

3

Өндірістік процестердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың стандарттары

4

Жұмысшылардың қорғау құралдарына қойылатын талаптардың стандарттары

5

Ғиматартар мен құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың стандарттары

Өндірістік процесті қадағалап отыру үшін әрбір нысанда немесе бригадада, жұмыс орнында келесідей нормативті-техникалық құжаттар: технологиялық регламент немесе технологиялық карта, санитарлы-техникалық құжат, апатты жою жоспары, ауысымдық журнал мен жұмысшылардың еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтары және т.б болуы керек. [1]

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) жұмыс беруші, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлердің өкілінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді. Сондай-ақ нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйым) тапсырысы бойынша келісім-шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары да жүзеге асыруы мүмкін.

Нұсқаулықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе жауапты тұлға мен мүдделі құрылымдық бөлімшелер, лауазымдық тұлғалар мен қызметкерлер өкілдерімен келісілгеннен кейін жұмыс беруші бекітеді.

Бекітілген нұсқаулықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жұмыс берушінің жауапты тұлғасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды есепке алу журналында есепке алады.

Мамандықтар мен жоғары қауіптілікпен байланысты жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықты қайта қарау 3 жылда бір реттен сирек емес жүргізіліп тұруға тиіс. Нұсқаулық мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:

1) заңнамалық кесімдер, мемлекеттік стандарттар және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгергенде;

2) жаңа техника мен технология енгізілгенде;

3) өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды зерделеудің нәтижелері бойынша.

Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.[20]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]