Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplomkaNEGIZGI.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать

3.3 Пку-1

Біз бұл процесте метанның жартылай тотығы арқылы табиғи газды синтез газға айналдырамыз.

1,2 грамм никель түйіршіктелген катализаторды реакторға саламыз. Жалпы тәжірбие 600-900°C аралығында жасалады. Температура өскен сайын түзілген өнім көлемі артады. Жалпы тәжірбиеге 8 сағат уақыт кетеді.

+ +

Сонда бізден ,синтез газдары алынады. Алынған сутек () мөлшері - 28%, көміртек (СО) мөлшері - 66% және 6% - көмірқышқыл газы().

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мұнай елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да салаларының дамуына ықпал етеді. Өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

2009 жылы республикада мұнай және газ конденсатын өндіру 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға өсіп, 76,5 млн. тоннаны құрады. 68,1 млн. тонна мұнай және газ конденсаты экспортталды – (8,4%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының аумағында 2009 жылдың қорытындылары бойынша негізгі мұнай өндіруші компаниялар «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) (22,5 млн. тонна), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС (бұдан әрі – КПО б.в.) (11,9 млн. тонна), «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚМГ БӨ) (8,9 млн. тонна), «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ММГ) (5,7 млн. тонна) және «Ақтөбемұнайгаз СНПС» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Ақтөбемұнайгаз СНПС) (6 млн. тонна) болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында құрлықтағы кен орындарында игерілетін көмірсутек шикізатының басым бөлігі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейлі сатысына жетті. Құрлықта өндірудің одан әрі өсуі бірінші кезекте, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын игерудің жылдамдауына байланысты. 2012 жылдың аяғында Қарашығанақ кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік іске асыруды бастау жоспарлануда. Бұл ретте, өнімді болу туралы келісімге Екінші қосымша шартқа сәйкес Қашаған коммерциялық өндірісінің басталуы 2013 жылдың қазанына дейін ұзартылуы мүмкін.

2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 2009 жылмен салыстырғанда 124,2 %-ға дейін өседі деп күтілуде (өндіру өсімі 18,5 млн. тоннаны құрайды) бұл 1-диаграммада көрсетілген.

2009 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, млн. тоннамен

2009 жылы республиканың мұнай өңдеу зауыттарында (бұдан әрі - МӨЗ) 12,1 млн. тонна немесе 2008 жылдың деңгейіне қатысты 98,8 % мұнай өңделді. 2589,1 мың тонна бензин (98,7 %), 3795,3 мың тонна дизель отыны (95,3 %), 3237 мың тонна мазут (104,3 %), 373,5 мың тонна авиакеросин (92,7 %) өндірілді.

2009 жылы мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарында 1824,5 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы өндірілді, 2008 жылдың деңгейіне қарағанда өсім (125,7 %)-ды құрады.

Мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты, 2015 жылға дейінгі кезеңде мұнай өңдеуді жылына 17,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту және тиісінше мұнай өнімдерін өндіру жоспарлануда. 2015 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіру мен өндіріс серпіші төменгі екі диаграммаларда бейнеленген.

2009 жылы мұнай өңдеу және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, млн. тоннамен

2009 жылы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, мың тоннамен

2010 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 153 қаулысымен адам өмірін және денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында автомобиль бензиніне, дизель отынына және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілді (бұдан әрі – Техрегламент).

Осы қаулыға сәйкес Қазақстан аумағында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 – экологиялық кезең стандарттарының талаптары енгізілді. 3 – экологиялық кезең және 4 – экологиялық кезең стандарттарының талаптарын Қазақстан Республикасында тиісінше 2014 жылғы қаңтардан және 2016 жылғы қаңтардан енгізу жоспарланып отыр.

Осы стандарттарды енгізу республиканың МӨЗ технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың моральдық және табиғи тұрғыдан ескіргендігіне және мұнайды тереңдей өңдеуге мүмкіндік бермейтіндігіне және тиісінше тиісті Экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтіндігіне байланысты болып отыр.

Әлемдік талаптарға, оның ішінде жоғарыда көрсетілген Техникалық регламентке сәйкес келетін өндірілетін өнім сапасын жақсарту мақсатында отандық МӨЗ-де қазіргі өңдеуші қуаттарды қайта құру мен жаңғырту шаралары жоспарлануда.

Отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдейтін қуаттары бар қондырғыларды жаңғырту және жаңасын салу жөніндегі іс-шаралар жоспарлануда. Бұл ретте, республиканың тұтынушыларын ЕВРО-3,4 талаптарына сәйкес келетін сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету, Қазақстан Республикасының автокөлік және әуе жағармайларына қажеттілікті қамтамасыз ету, сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттарының жиынтық қуатын мұнай өңдеу бойынша жылына 17 млн. тоннаға дейін жеткізу болжанып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]