Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

37. Атмосферадағы ауа құрамының өзгерісіне адамның тигізетін ықпалы

Адам қызметінің нәтижесінде соңғы жылдары ауа қабаты ұдайы ластануда. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта шоғырланады. Бұл әсіресе өнеркәсіпті қалаларда көп байқалады, дамыған елдер Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Алғашында ластануға қарсы еш шара қолданбаған, соның салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан жылға көбейе түскен. Мәселен, Англияның кәсіпорындары құбырларынан жылына 420 млн т шаң – тозаң, түтін, күйе, түрлі улы қосылыстар биосфераға тарап жатады.

Ұзақ емес тарихи мерзімде (19-20 ғ.ғ.) елді мекендердегі ауаның физикалық-химиялық құрамында өзгерістер болды, мұның өзі адамдардың денсаулығына зиянды зардаптарын тигізді. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануы ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Улы заттардың атмосфераға шығарылуы жылына 2,5 миллион тонна, транспорттың қалдықтар 1 миллион тоннадан асады.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына тигізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Осылардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейініне миллион тонналап тасталады. Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. т құрайды. Атмосферада газ түрінде азоттың бес негізгі қосылысы болады: N2, NH3, NO, NO2, N2O. Мамандардың қолында негізгі бар мәліметтер бойынша азот қосылыстарының ішінде адам организміне өте қолайсыз әсер тигізетін азоттың диоксиді. Бастапқы шығарынды газдардағы барлық азот оксидтерінің қоспасында диоксидке келетін үлес 10%-тей, бірақ-та ауада күн сәулесінің әсерінен азот оксидтерінің біраз бөлігі күрделі бір ізді химиялық реакцияларға қатысып, қауіптілігі жоғары азоттың диоксидіне айналады.

38. Парниктік эффект және озон қабатының бұзылуы

Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиациясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Яғни парниктік эффеккт пайда болады. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда. Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі.Парниктік эффектің  Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз.

Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсетті. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал етті. Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]