Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

23. Географиялық қабықта жүріп жатқан процесстер.

Геграфиялық қабық - атмосфераның, литосфераның және гидросфераның бір-бірімен жанасып, әрекеттесіп жатқан планетамыздың барынша күрделі қабығы. Тек мұнда ғана заттар, қатты, сұйық және газ ретінде кездеседі. Бұл қабықта күн сәулесінің энергиясының жұтылуы, айналуы жүзеге асады. Тек оның негізінде ғана тіршіліктің пайда болуы мен таралуы мүмкін. Және ол өз кезегінде гео.қабықтың күрделенуінің басты факторы болып табылады. Гео.қабықтың айқын шекарасы жоқ. Оның жоғары шекарасын тропопауза бойынша, ал төменгі шекарасын атмосферадағы газдар, сұйық күйдегі су және кейбір бактериялар кездесетін, 3-5м тереңдікке дейін жететін қабық бойынша анықтайды.

Географиялық қабықтың біртұтастығы оның құраушыларының байланыстылығы, үздіксіз зат және энергия алмасу арқылы анықталады. Географиялық қабықтың құрылымы аса күрделі. Оның құраушылары вертикальды және горизонтальды бағытта таралған. Соның ішінде негізгі 3 құрылымдық блокты ажыратуға болады: атмосфера, тропосфера және стратосфера. 4-ші блок: биосфераның өзіндік қабығы болмайды, ол аталған 3 блокты қамтиды. Сондай-ақ барлық тіршілік аталған 3 бейорганикалық сфераның жанасу шекарасында шоғырланған.

1 зона: атмосфера мен литосфераны қамтиды;

2 зона: атмосфера мен гидросфераны қамтиды;

3 зона: литосфера мен гидросфераны қамтиды.

Бұл зоналардың біріншісін ландшафттық қабық немесе ландшафттық сфера деп атайды. Екінші зона дүниежүзілік мұхиттың 200-500 метрге дейінгі қабатының атмосфераға жанасқан су маңы қабаттарын қамтиды. Ал үшінші зона су асты ландшафттар сферасы. Географиялық қабықтың тұрақтылығы осы үш блокта өтіп жатқан процесстерге тәуелді. Жалпы алғанда гео.қабықтағы механизмдер мен үдерістердің барлығы ауа циркуляциясы, жылу алмасу мен күн энергиясының ағындарына негізделген.

Бірінші зонада жер бетіндегі энергия және зат алмасудың негізгі механизмдері жүзеге асады. Ылғал алмасу процесстері белсенді жүреді, тау жыныстарының бұзылуы, химиялық элементтердің миграциясы, бос тау жыныстарының тасымалдануы және жинақталуы, биосинтез және ыдырау процестері, топырақ және белдеулердің формалық қалыптасуы орын алады.

Келесі зонада тропосфера су қабатына енеді де, ауа массаларының қозғалысы мен оның белсенді араласуына әсер етеді.

Ал соңғы, үшінші зонада литосфера мен гидросфераның жанасу қабығы болғандықтан гидросфераның түпкі қабатарындағы үдерістер қарастырылады.

Дүниежүзілік мұхит күн энергиясын жинақтаушы сол себептен де оның атмосферамен әрекет етуі нәтижесінде ауа райы анықталады. Тропиктерде жұтылған жылу ағыстары жоғары ендіктерде тасымалданады. Дж.мұхиттағы ағыстардың пайда болуының бірнеше себептері бар. Дегенмен, су массасының циркляциясы мен желге байланысты. Олар өз кезегінде атмосфераның ауа айналымының көрінісі болып табылады. Фазалық ауысуларға ұшырайтын энергия сыйымдылығы барынша жоғары. Ауа массаларының орын ауыстырғанда ешқандай жүйе жоқ, дегенмен дүниежүзілік ауа айналымы айтарлықтай жақсы ұйымдастырылған және жер бетінің әркелкі таралуына тәуелді. Жердің өз өсінен айналуы ауа циркуляциясының меридианда таралуына кедергі келтіреді. Жер бетінің ерекшеліктері қосымша ағымдар мен оралымдарды туындатады. Дегенмен, жер бетінде ауа массаларының орын ауыстыруы байқалады. Ауа мен су айналымдарын қарастырған кезде, олардың масштабтарының әртүрлі екендігін ескеру керек. Және олардың барлығы күн энергиясының ағымдарына тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]