Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

33. Экологиялық кризистің мәдени себептері

Экологиялық дағдарыс кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс — қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады. Экологиялық дағдарыстардың себептері объективті және субъективті болып бөлінеді. Объективті себепке табиғи ресурстар мен өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік монополиясы жатады. Ал субъективті себепке қару-жарақты жаппай шығару, мемлекет қаржысын орынсыз бөлу және шығындалу жатады. Сонымен қатар адамның антропогендік әрекеттері салдарынан экологиялық кризис туады. Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан табиғи ортаны сарқу, ластаудың себептерінің ішінен объективті және субъективті себептерді бөлуге болады. Біріншіден бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі уақытқа дейін адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп сонымен өзін олардың зиянкесті әсерінен қорғайды. Алайда оның мүмкіндіктері шектеулі. Екіншіден бұл жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі. Үшіншіден бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтылығы. Субъективті белгілерге мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұйымдастырушылық және экономикалық әрекеттілігінің жетіспеушілігі.

34. Экологиялық әдеп

 Әдеп сақтаудың  экологиялық  мәні де зор. Әдепті адам табиғатты да қорғай  білуге тиіс. Табиғаттың  әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті.Суды былғау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы затты алып тастамау, нанды лақтыру – әдептілік емес.Халық ондай әдепсіздікті кешірмейді. Табиғатты қорғау, көшеде жүру, үлкенге орын беру, кішіге қамқорлық жасау, қарт адамды құрметтеу, ата – ананы ардақтау, тағы басқа тақырыптарда тәрбиешілер әдеп сақтау жөнінде  жоспар бойынша тәрбие  жұмыстарын  жүйелі түрде жүргізеді.

Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізді экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты: •  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;

жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; •  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;

экологиялық білімді насихаттау.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]