Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kentucky_fried_chicken.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Ақпарат талдау жұмысы № 18

Бұл диаграммадан көретініміз үш тілде де персоналдардан «ағылшын, орыс, қазақ» мәлімет ала білу деңгейі көрсетілген. Мәлімет ала алушылар басым. Жеткілікті және мәлімет ала алмайтындар саны да кездеседі.

Ақпарат талдау жұмысы № 19

«KFC» жылдам тамақтану орынындағы тамақтану және демалу үшін уақыт ұзақтығы жайлы респонденттердің жауабы

Жеткілікті дегендер

Жеткіліксіз дегендер

Респонденттер саны

24

6

Бұл кестеден көріп отырғандай уақыт ұзақтығы толығымен жеткілікті емес. Жеткіліксіз деп жауап берушілер де кездеседі.

Ақпарат талдау жұмысы № 20

Диаграммадан көріп отырғандай "KFC" жылдам тамақтану орынындағы қызмет көрсету сапасының деңгейі жақсы деп бағаланған. Орташа деңгейде деп бағалағандар саны да салыстырмалы түрде жоғары. Ал төмен және өте төмен деп бағалағандар саны кездеспейді. Өте жақсы деп бағалағандар да кездеседі. Яғни, қызмет көрсету сапасы жоғары емес.

Зерттеу қорытындысын шығару

Сауалнама мақсаты «KFC» жылдам тамақтану мейрамханасының қызмет көрсету сапасын анықтау және оны жақсарту.

Ол үшін келесідей мәселелер қарастырылды: интерьер мен экстерьер, қызмет көрсетуші персоналдың клиентпен қатынасы, тауар ассортиментімен клиентті таныстыру, оның барлық сұрақтары мен өтініштерін орындау, сапалы қызмет көрсету, есеп айырысу, төлеу жүйелерінің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету, үш тілде «қазақ, орыс, ағылшын» де жауап алуына көмектесу, тапсырысты беру және оны күту ұзақты, тамақтандыру орынының санитарлық-гигиеналық жағдайы, жайлылық деңгейі, демалу ұзақтығы т.б.

Сауалнама нәтижесі бойынша «KFC» жылдам тамақтандыру орталығының қызмет көрсету сапасы жақсы, яғни жоғары екені анықталды. Алайда, көптеген респонденттер орташа деген де баға бергенін көре аламыз. Бұл зерттеу қорытындысы бойынша, мейрамхананың әлі де қызмет көрсету сапасын көтеру үшін бірнеше шаралар мен іс-әрекеттер жүргізу керектігін көрсетеді.

Сауалнама нәтижесін анықтап, оларды талдау барысында қызмет көрсету сапасын арттыру үшін келесідей ұсыныстарды ұсынуды жөн көрдік:

    • Арнайы біліктілігі жоғары кадрларды жұмысқа алу немесе персоналдарды қайта даярлау курстарынан өткізу қажет.

    • Күту ұзақтығын қысқарту қажет. Ол үшін электронды-мобильді тапсырыс беру жүйесін енгізу қажет.

    • Тұтынушылардың туындаған сұрақтары мен өтініштеріне дұрыс жауап ала алу үшін, кері байланысты дамыту керек. Персоналдар клиенттерге сыпайы болулары қажет.

    • Санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту шараларын жүргізу қажет.

    • Жайлылық деңгейін арттыру қажет, яғни жұмсақ дивандар, WI-FI жүйесін жоқ филиалдарына орнату және оның жылдамдығын арттыру қажет.

    • Үш тілде де «қазақша, орысша, ағылшынша» қызмет жүргізуді оңтайландыру үшін персоналдарды тілдік курстардан арнайы түрде өткізген жөн. Мүмкіндігінше үш тілді білетін кадрларды жұмысқа қабылдау қажет.

    • Тұтынушылардың тамақтану және демалу кезіндегі уақыт ұзақтығын арттыру қажет, ол үшін құрылыстың аумағын кеңейту немесе орындықтар, дивандар мен үстелдер санын арттыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]