Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kentucky_fried_chicken.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.38 Mб
Скачать

2.2 «Kfc» жылдам тамақтандыру мейрамханасының Қазақстан нарығындағы жағдайын маркетингтік зерттеу мен талдау

Мен өз маркетингтік зерттеуімнің негізгі объектісі ретінде – «KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасын таңдадым. Өйткені, қазіргі таңда қазақстандық нарық жағдайына және ондағы болып жатқан өзгерістер мен тенденцияларға орай тұтынушылардың көп бөлігі тамақтанудың осы түрін таңдайды. Яғни, нарықтың тез қарқын алып, бос уақыттың азаю жағдайына байланысты жылдам тамақтандыру орнында жалпы мейрамхана нарығының клиенттерінің көп бөлігін кездестіре аласыз. Ал, «KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының бәсекелестерге қарағанда экономикалық тұрғыдан артықшылықты дамуы оның нарық аясында тереңнен зерттеуге мүмкіндіктер туғызады.

Жүргізілген маркетингтік зерттеуімізде келесідей кезеңдерді бөліп қарастырдық:

1. Зерттелетін мақсатын анықтау

2. Маркетингтік зерттеу әдісін таңдау

3. Екінші ретті ақпарат жинау

4. Бастапқы ақпаратты жинау

5. Зерттеу сметасын анықтау

6.Жиналған ақпараттарды талдау

7.Зерттеу қорытындысын шығару

Зерттелетін мақсатын анықтау

Мақсаты: «KFC» жылдам тамақтану мейрамханасының қызмет көрсету сапасын анықтау. Яғни, қызмет көрсетуге: интерьер мен экстерьер, қызмет көрсетуші персоналдың клиентпен қатынасы, тауар ассортиментімен клиентті таныстыру, оның барлық сұрақтары мен өтініштерін орындау, сапалы қызмет көрсету, есеп айырысу, төлеу жүйелерінің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету, үш тілде «қазақ, орыс, ағылшын» де жауап алуына көмектесу, тапсырысты беру және оны күту ұзақты, тамақтандыру орынының санитарлық-гигиеналық жағдайы, жайлылық деңгейі, демалу ұзақтығы т.б. жатады. Осы және өзге де факторларды анықтау және оларды жақсарту немесе оңалту шараларын жүргізу – зерттеудің негізгі міндеті.

Маркетингтік зерттеу әдісін таңдау

Маркетингтік зерттеу әдісі ретінде сауалнаманы жүргізуді таңдадық. Себебі, сауалнаманы жүргізу арқылы ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз ете таламыз. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады.

Сауалнама жүргізу үшін Алматы қаласының «Алмалы», «Promenade» сауда және ойын сауық орталықтарында, «Қазақ Ұлттық Университетінде», жылдам тамақтану орталықтарында және Астана мен Пекин қалаларындағы тұтынушылардан телефон арқылы жүргізілді. Сауалнамаға 30 респондент қатысты. Яғни, осы мейрамхананың негізгі тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 15-28 және одан әрі болып таңдалды. Көбіне таңдама жастарды қамтыды. Сауалнама 20 сұрақ, оның ішінде 1-4 сұрақтар аралығы жеке мәліметтерді қамтыса, 5-20 сұрақтар аралығы негізгі мәліметтерді қамтиды. Сауалнама соңы тұтынушылардың тілектері мен ескертпелерімен жалғасады.

Екінші ретті ақпарат жинау

Екінші ретті ақпарат көздері ретінде мыналар таңдалды: БАҚ, ғаламтор-желісі.

Kentucky Fried Chicken немесе KFC — (ағыл. Kentucky Fried Chicken — Кентуккиденәкелінген қуырылғантауықеті) -фастфудтыңамерикалықмейрамханажелісі. Өзіне танымалдылықты тауық етінен жасалған фирмалық тағамдар - майға қуырылған тауық аяқтары және т.б.тамақтарғабайланысты болды. Оның негізін 1952 ж. Гарланд Сандерс қалаған болатын.Франшизабойынша ашылған бірінші мейрамханаЮта, Солт-Лейк-Ситиде ашылды.

Өнімдері

Классик;Зингер;Боксмастер (түпкінұсқасы немесе ащы); Твистер, мини-твистер (түпкінұсқасы немесе ащы); Лонгер; Лонгер Классик; Техас бургер (бекон); Биггер; Суприм; Грандер;

Салаттары

Цезарь; Пикантный (татымды); Веджи; Коул-слоу Цезарь; Коул-слоу; Пиканте; Грик;

Kentucky Fried Chicken - қазіргі заманның динамикасына бағытталған белсенді, табысты, денсаулығы мықты болам деген мақсаты бар адамдарға арналады.

Kentucky Fried Chicken - бұл жылдам қызмет көрсету, дәмді әрі пайдалы тағам мен көтеріңкі көңіл-күй. Мұнда атақты қытырлақ себіндісі бар тауық етін арнайы рецепт бойынша татуға мүмкіндік бар. Тауық етін дайындау рецепті қатаң құпия түрінде ұсталуда: оның негізіне 11 шөп пен себінділер қоспасы кіреді. Ас мәзірінде KFC атақты хиттерін, "Original Recipe", "Twister" и "Zinger" және қонақтардың сүйікті KFC тауық етінен жасалған кәуап пен самсаны жеуге болады.

KFC - тауық етін дайындаудың маманы болып табылады. Желі тек сапалы жемді пайдаланатын және де барлық талаптарды қамтамасыз ететін жабдықтаушылардан ғана тауық етін алуда. Тамақтарды дайындауда қолданылатын тауық еті қатаң іріктеуден өтеді. Барлық өнімдер ПБО-ға арнайы фургондармен жеткізіледі, жеткізудің барлық деңгейлерінде температуралық бақылау жүзеге асырылады. Тамақтарды арнайы уақытты электронды бақылау мен дайындау температурасын қатаң бақылай отырып, дайындалады. Барлық ПБО-да айына бір рет сапа талаптары және тағамдардың қауіпсіздігін бақылай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]