Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kentucky_fried_chicken.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Тауар орамы

«KFC» мейрамханасы өзіндік жеке бір реттік орау түрлерін жасайды. Мейрамхана отбасылық орау түрлерін де ойлап тапқан. Олар адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін экологиялық таза, қағаздан жасалған орамаларды жасайды. Сонымен қатар, брендтік маркировкасы да бар. Орамалардың артықшылықтары:

  • Экологиялық таза

  • Ыстықты ұзаққа сақтайды

  • Тағамның артық майларын сіңіріп алады

  • Ыңғайлы

«Kfc» мейрамханасының баға саясаты

Алғашында «KFC» мейрамханасы өзінің даму сатысына қарай «қаймағын сүзіп алу» стратегиясын кеңінен қолданды. Мейрамхана өнімдерінің бағасы өте жоғары және жоғары тап өкілдері ғана мақсатты аудиториясы болған. Кейіннен, біртіндеп «нарыққа терең ену» стратегиясын алға тартып, жоғары тап пен орта тапқа бірдей бағытталған нарықтық ұстанымға көшеді.

Сонымен қатар, «KFC» мейрамханасы «бірегей баға» стартегиясын да ұстанады. Баға дайындалатын өнімге кететін шикізат өнімдеріне қарай және үкімет саясатының нұсқауымен анықталады. Үкімет салықты одан әрі көлемді алу мақсатында «KFC» мейрамханасының баға саясатына жиі әсер етіп отырады.

Өнім тобына баға қойылуы

«KFC» мейрамханасының өзінің өнім тобының кейбіріне ғана қолданылатын бірегей бағалық стратегиясы бар. Мысалы, сіз орташа көлемдегі сусынымен және фри-картоптарымен бірге сатылатын 2 чизбургерге тапсырыс бере аласыз. Сонымен қатар, сіз бұл тапсырысты супер көлемді ете аласыз, яғни бұған үлкен көлемдегі сусын және фри-картоптары кіреді. Немесе, сіз өз қалауыңыз бойынша өнімдер тобын құрастыра аласыз.

Баға қоюды есептеу

  • «KFC» мейрамханасы өз тауарларына тұтынушылық ерекшелітерді сақтай отырып, адаидардың әр түрлі көзқарастарына сай әр түрлі баға белгілейді;

  • Олар негізгі баға белгілеу стратегиясын ұстанады;

  • Баға белгілеу үшін үкіметтің нұсқауы бойынша салықтар мен акциздерді қоса есептеген соң қорытынды баға қойылады;

  • Өнімдерге баға нарық сегиентіне байланысты жоғарырақ және бәсекеге қабілетті;

  • Баға белгілеуде нақты және нормативті баға түрлері ескеріледі;

Баға қоюды есептеу:

Бір жылдық мейрамхананың тауық өнімінің жалпы фунты

=1.914 млрд.

Бір жылдық мейрамхананың сатылған тауық бөлшектері

= 5.89 млрд.

Жалпы бөлшек саудадағы сатулар көлемі

= $8.9 млрд.

Бір тауық бөлшегіне сату бағасы

= жалпы бөлшек саудадағы сатулар көлемі / бір жылдық сатылған тауық бөлшектер = $8.9млрд. / 5.89 млрд.=$1.51

Нақты баға = $6 000 000 000 деп есептейміз

Ауыспалы баға

= $675 000 000

Маржиналды табыс = $8 900 000 000*25%=225000000$

Бір тауық бөлшегіне айнымалы баға= $675000000 / 5890000000= $ 0.115

Өнімнің өзіндік құны

= айнымалы баға + нақты баға/ сатылған тауық бөлшектері= 0.115 + 6000000000 / 5890000000= 0.115$ + 1.02$= $1.135

25%-күтілетін қайтарым мөлшері

Баға қою

= өнімнің өзіндік құны / (1 – сатудан күтілетін қайтарым)=1.135$ / (1-0,25)= 1.135 $/ 0.75= $1.5

«Kfc» мейрамханасының орны

«KFC» мейрамханасының бір ғана өткізу каналы бар, ол-тікелей өткізу. Мұнда тауарлар тұтынушыларға тікелей ешқандай делдалдарсыз жеткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]