Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kentucky_fried_chicken.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Kfc қазіргі таңда

KFC әлем картасында

KFC жаңадан бастау алып келе жатқан ребрендингті 2012 ж. соңына қарай бітіруге жоспарлауда. Қазіргі таңда KFC Ресей мен ТМД-да 164 мейрамханасы бар, оның 50-і корпоративтік және 114-і франчйазиг жүйесі бойынша жұмыс істейді. Қызметкерлер саны 5000 шамасында. Осыдан басқа компания жергілікті жабдақтаушылар мен өздерінің тамақтарын дайындауда тек жақсы азық-түліктерді пайдаланатын өндірушілерден ғана алады.

KFC 2015 ж. өздерінің жүйелерін 300 мейрамханаға дейін үлкейтуді, яғни жыл сайын 30 жаңа мейрамхана ашуды көздеп отыр.

Негізгі тауар ассортименті мен бағалары

KFC брендініңимиджінқалыптастырудың негізгі құралы ретінде SO GOOD концепциясы болады. Ол тұтынушыларда брендтің негізгі құндылықтарын қабылдау мен қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін көмектеседі. Маркетингтік компания барысында, коммуникацияның сан қилы түрлерін - теледидар, сыртқы жарнама, интернет және әлеуметтік жүйелерде тарату белсенді қолданылуда.

Бастапқы ақпаратты жинау

Бастапқы ақпарат екінші ретті ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, көп жұмысты қажет ететін, көбіне бағасы қымбат маркетингтік жұмыстарды қамтитын ақпараттар болып табылады. Бастапқы ақпарат құнды, фирма үшін пайдалы болып табылады.

Зерттеу сметасын анықтау

Маркетингтік зерттеу жүргізу барысында келесідей шығындар жұмсалды:

    • Транспорттық шығындар - 540 теңге

    • Сауалнама шығындары – 625 теңге

    • Зерттеу шығындары – 820 теңге

Барлығы – 1985 теңге

Жиналған ақпараттарды талдау

Сауалнамаға құрылымдық – статистикалық талдама

Ақпарат талдау жұмысы №1

«KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының қызмет көрсету сапасын анықтау мен оны жақсарту мақсатында 30 респондентке сауалнама жүргізілді. Сауалнама жұмысы жоғарыдағы диаграммада бейнеленген. Яғни, олардың 16 - ер адам, 14- әйел адам.

Ақпарат талдау жұмысы 2

Ақпарат талдау жұмысы 3

Ақпарат талдау жұмысы 4

Респонденттердің азаматтығы

Жалпы респонденттер саны

Қ.Р. азаматы

Қ.Р азаматы емес

30

29

1

Ақпарат талдау жұмысы №5

Диаграммада көрініп тұрғандай, тұтынушылардың жылдам тамақтандыру мейрамханаларына бару жиілігі өте жоғары. Бұл жылдам тамақтандыру мейрамханаларына сұраныстың көп екенін білдіреді.

Ақпарат талдау жұмысы №6

Графикке сай, респонденттердің қоғамдық тамақтану орындарына бару мақсаты бейнеленген. Тұтынушылардың көп бөлігі тамақтану үшін, демалу үшін барады. Ал, бос уақытын өткізу немесе басқа себептер аз мөлшерде. Яғни, жайлы отырып, уақыт өткізу қоғамдық тамақтандыру орталықтарына арналмаған.

Ақпарат талдау жұмысы №7

Респонденттердің жылдам тамақтану орнын қалау ерекшеліктері

Жалпы респонденттер саны

Ұнайды

Ұнамайды

30

25

5

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, қазіргі кезде қоғамдық тамақтану орындарының ішінде, жылдам қоғамдық тамақтану орындарына тұтынушылардың көп келетінін анықтауға болады. Яғни, шамамен 83% респонденттің жылдам тамақтану түрін қалайтынын айтады.

Ақпарат талдау жұмысы №8

Диаграммадан байқайтынымыз, KFC мейрамханасы жалпы, нарықтың көп бөлігіне таныс. Бұл мейрамхананың маркетингтік коммуникацияларды тиімді әрі ұтқыр қолдануын анықтайды. Соған байланысты, респонденттердің көпшілігі бұл жылдам тамақтану орнына барып көрген.

Ақпарат талдау жұмысы 9

Графиктің нәтижесі бойынша, ақпараттар мен кез келген мәліметті респонденттер достарынан алады. Яғни, коммуникация ақпаратты коммуникациялық субъектілер арқылы тізбектей жетіп отырған. Ал, екінші орында KFC мейрамханасының жарнамалық қызметі, одан соң басқа көздер орын алады.

Ақпарат талдау жұмысы №10

Респонденттердің KFC мейрамханасына кіргендегі алатын әсерлері

Респонденттер саны

Жағымды деп санайтындар

Жағымсыз деп санайтындар

Аса мән бермейтіндер

30

21

3

9

KFC мейрамханасына алғаш кіргенде немесе кірген сайын тұтынушылардың алатын әсерлері көбіне жағымды. Бұл интерьер мен эктерьер, жалпы мейрамхана атмосферасына байланысты.

Ақпарат талдау жұмысы №11

Тауар ассортименті жайлы респонденттердің ақпараттану деңгейі жоғары, алайда ас мәзірі туралы толық мәліметтер ала алмайтын тұтынушылар да аз емес. Бұл жылдам тамақтану орталығы болған соң, тұтынушылардың көптігіне орай сауданы тез жүргізу, тапсырысты тез қабылдау т.б. жағдайларынан себебінен туындаған.

Ақпарат талдау жұмысы 12

KFC қызмет сапасын анықтаушылардың бірі ретінде есеп айырысу жүйесі болып табылады. Бұл қызметтің түрі көпшілік респонденттердің көңілінен шыққан. Яғни, төлеу жүйесінің барлық түрлері осы жылдам тамақтандыру орталығына тән. Төлеу жүйелері ыңғайлы деп санайтындар саны – 20 болса, ал бұл қызметке мән бермеушілер саны да аз емес – 10. Сонымен қатар, ыңғайсыз, яғни есеп айырысу жүйесі қолайсыз әрі сапасыз деп есептейтіндер мүлдем жоқ.

Ақпарат талдау жұмысы № 13

Диаграммада көрсетілгендей респонденттердің көпшілік бөлігі қызмет көрсетуші персоналдар білікті, қызмет көрсету сапасы жоғары деп бағалаған. Алайда оған мән бермейтін де тұтынушылардың бар екенін байқап отырмыз. Төмен деп жауап берген тұтынушыларды да көруге болады.

Ақпарат талдау жұмысы № 14

Диаграммада тапсырысты күту ұзақтығына деген тұтынушылардың көзқарасы жайлы ақпарат көрсетілген. Көріп отырғандай күту ұазықтығына көңілі толатындар саны көп, ал көңілі толмайтындар саны одан төмен. Яғни тапсырыс берген соң күту ұзақтығына көңілі толмайтындар да анықталып отыр. Алайда оған мән бермейтіндер саны да байқалады.

Ақпарат талдау жұмысы № 15

Диаграммадан көріп отырғандай тұтынушылардың туындаған сұрақтары мен өтініштеріне персоналдар жеткілікті жауап береді. Сұрақтар туындамайтындар саны да көп, яғни бұл мейрамханада көп нарсе түсінікті етіп орналасқан. Сұралған респонденттердің ішінде жауап ала алмаймын деген 1 адам ғана, яғни жауап ала алмайтындар саны да кездеседі, бірақ аз мөлшерде.

Ақпарат талдау жұмысы № 16

Диаграммада көрсетілгендей респонденттердің жартысы "KFC" мейрамханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы «орташа» деп баға берген. Жақсы деңгейде деп 46,6% адам баға берсе, нашар және өте нашар деп ешкім бағаламаған. Өте жақсы деп бағалаған адамдардың саны аз. Бұдан көретініміз "KFC" мейрамханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы орта деңгейде.

Ақпарат талдау жұмысы № 17

«Сізге «KFC» жылдам тамақтану орынының жайлылық деңгейі ұнайды ма?»,-деген сұрақ қойылған болатын. Жауап берген респонденттердің көзқарасы мен саны төменгі кестеде көрсетілген

Ұнайды дегендер

Ұнамайды дегендер

Мән бермегендер

Респонденттер,

% көрсеткіш бойынша

65,625

18,75

15,625

«KFC» тамақтану орынының жайлылық деңгейі жайлы көзқарастар әр түрлі. Соны ескере келе жайлылық деңгейі ұнаушылар саны көп деп айта аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]