Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды__ титулька каз777.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.72 Mб
Скачать

2.1 Қосиінді баспақтардың энергетикасы мен пəк-і

2.1.1 Энергетикалық шығындардың балансы

Баспақтың қалыпты жағдайда жұмыс істеуі үшін цикл ішіндегі энергия шығыны біркелкі болмайды. Бұл тегершікті жетекті қолданумен түсіндіріледі, яғни асинхронды электр қозғалтқышты немесе тегершікпен үйлескен тұрақты токты электр қозғалтқыш. Баспақтың электр қозғалтқыш арқылы берілетін қуат қисығының өзгеркінің жалпы жағдайда энергия шығынының көп болуын жəне ұзақ уақыт кезеңінде аз энергия щығынын сипаттайтын екі жоғарғы нүктесі болады. Осы жоғарғы нүктелерге сəйкес келетін энергия шығыны пайдалы кедергіні жою кезеңіне, жалғастырғышты қосу уақытына дəл келеді.

Осы кезеңдерде энергияны электр қозғалтқыш қана емес, өзінің бастапқы бұрыштық жылдамдығын төмендететін тегершік те береді. Ал циклдың қалған уақытында энергия шығыны біліктер мен жетектің басқа да тетіктерінің айналыс кедергісін жəне қосиінді сырғақты механизмдердің тетіктерінің орын ауыстыру кедергісін жоюға, сондай-ақ тегершік энергиясын толықтыруға жұмсалады. Пайдалы жұмысты tр орындау кезіндегі жүктеу уақытына сəйкес келетін бұрылу бұрышы жұмыстық бұрыш αр аталады. Энергетикалық циклдың қалған уақыты бос жүріс tх уақытына сəйкес келеді. Егер тегершіктің бірқалыпсыз айналысын ескермесек, онда қосиіннің бұрылу бұрышымен уақытын пропорционалды деп есептеуге болады, соған байланысты tх уақыты 2π-αр бұрылу бұрышына сəйкес келеді.

Жалпы жағдайда энергетикалық цикл уақыты қосиіннің толық бір айналыс уақытына тең кинематикалық циклдың уақытымен сəйкес келмеуі мүмкін. Егер баспақ бір ізді жүріс режимінде жұмыс жасайтын болса, яғни жүрістер бірінен кейін бірі орындалады, онда кинематикалық жəне энергетикалық циклдар болады жəне αх=2π-αр. Баспақтар сырғақтың əр жүрісінен кейін жалғастырғыш ажыратылып, тежеуіш қосылып қосиін механизм аз уақыт тыныштық күйде болатын, бір жүрісті режимде жұмыс жасай алады. Келесі жүріс тежеуіш ажыратылып, жалғастырғыш қосылумен басталады, жүріс орындалғаннан кейін, қайтадан үзіліс болады. Бос жүріс кезінде тегершік энергетикалық заряд алады. Бір жүріс кезінде жалғастырғышты қосуға қосымша энергия шығындалады. Бір жүріс кезінде баспақтың жұмыс қарқындылығы жүріс санын пайдалану коэффициентімен бағаланады.

    1. Қосиінді машиналардың классификациясы

3.1.1 Орындаушы механизмдер

Қосиінді машиналарда жұмыстық мəрім – сырғақ, өңдейтін құрал - қалыпты қозғалтады. Орындаушы механизмнің жетектегі буыны болып сырғақ, ал бастапқы, жетекші қосиін (кей жағдайларда жұдырықша) болып табылады. Қосиіннің айналмалы қозғалысын сырғақтың қайтымды – ілгерілемелі қозғалысына өзгертетін, орындаушы механизм айналмалы немесе ілгерілемелі кинематикалық жұптармен байланысқан бірнеше буыннан тұрады. Қосиінді баспақтарда жазық төртбуынды немесе аса күрделі көп буынды қосиінді – иінтіректі механизмдерді қолданады.Сырғақтың бір қайтымды – ілгерілемелі қозғалыс уақыты баспақтың жұмыс циклына сəйкес келеді.Сырғақтың жылдамдығы цикл ішінде екі рет нөлге теңеседі, шеткі жағдайлар кезінде, соған байланысты қозғалыс кезінде инерция күштері туындайды. Технологиялық талаптар сырғақтың осы немесе басқа орынауыстыру сипатын шарттайды, жəне соған байланысты қосиінді – иінтіректі механизмнің құрылымын таңдауды талап етеді. Сырғақ қозғалысының кинематикалық параметрлерін мақсатты түрде өзгерту орындаушы механизмі түйіндерінің өлшемдері мен құрылымын өзгерту арқылы жүргізіледі.Бұл кезде мынадай факторларды ескеру қажет: инерция күштерінің шамасын, ықшамдылығын, технологиялығын т.с.с. Қосиінді баспақтарда əртүрлі күрделі қосиінді – иінтіректі механизмдерді қолданады. Технологиялық талаптарға сай төрт тобын атауға болады (1.8 сурет).

Бірінші топқа төртбуынды механизмдер жатады, олар кинематикалық параметрлергеерекше талаптар қойылмайтын кезде қолданылады. Механизмдердің артықшылығы –ықшамдылығы, қарапайымдылығы жəне т.б. Орталықты жəне дезаксиалды түрдегі қосиінді – сырғақты механизмдер көп қолданыс тапты. Қосиінді – күйектелі (қаңылтыр қайшылар) жəне күшсалы механизм (радиалды – жаншу машиналары, суықтай шегеру автоматтары, ыссықалыптау баспақтары) аз таралған. Егер сырғақ жүрісінің аз ғана аумағында өте үлкен пайдалы кедергі жойылатын болса 2 топтағы механизмдерді қолдану рационалды болып келеді, бұл механизмдерде жүріс соңында жылдамдық аз жəне жетекші буынға аз момент қажет. Орынауыстыру жылдамдығының аз болуы мөлшерлеу, суықтай сығымдау, безеулеу (чеканка) жағдайларын жақсартады, қалып шыдамдылығының артуына жəне жұмыс кезінде шуылдың төмендеуіне ықпал етеді. 1 жəне 2 механизмдерді безеулеу мен суықтай сығындау баспақтарында қолданылады, 3 механизмді кескіш автоматтарда қолданады, 4 – баспақ автоматтарда қолданады. Күрделі тетіктерді қалыптаған кезде жəне басқада операцияларда деформация жүрістін үлкен бөлігі аралығында жүргізіледі жəне де белгілі бір кинематикалық шарттармен орындалуы тиіс. Өнімділікті арттыру үшін сырғақтың қайтымды жүрісінің жылдамдығы жұмыстық жүріс жылдамдығынан жоғары болуы керек. Қарапайым қосиінді–сырғақты механизмде сырғақтың тура жəне қайтымды жүрістердің уақыты бірдей болып келеді. Жүрістің жалпы ұзындығын ұлғайту жəне сырғақ жылдамдығының сипатын қажетінше өзгерту үшін, қайтымды жүрістің уақытын қысқарту үшін топтарға біріктірілген күрделі механизмдерді қолданады. III, 1 қосиінді-иінтіректі механизмді кермелеу жəне түзеу баспақтарында қолданады. 2 III, 2 механизм сырғақ жүрісінің үлкен ұзындығын (қосиіннің 3-4 дейінгі радиусы) жəне қайтымды жүрістің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін екі жетекші қосиінімен сипатталады. Бұл ерекшеліктер механизмнін терең қуыс бұйымдарды кермелеу үшін арнайы баспақтарда қолданылатындығын анықтады. III, 3 механизм III, 2 механизмдегі кинематикалық ерекшеліктермен сипатталады. Топсалы төрттүзілімді жетекті болып келетін түзілімнің қосиін айналысы біркелкі жүргізілмейді, соған байланысты сырғақтың кері қайту уақыты азаяды, ал түзу жүріс ұзақ уақыт жүргізіледі. Мұндай механизм кермелеу баспақтарында қолданылады. III, 4 механизмді суықтай кермелеу үшін баспақ – автоматтарда қолданған. Бұл механизм III, 2 механизмге ұқсас болып келеді, бірақ қосиіннің орынына жұдырықшаны қолдану сырғақтың жылдамдық сипаттамсына əсер етеді. IV топқа цикл ішінде орындаушы түзілімнің ұзақ уақытқа тоқтауымен сипатталатын механизмдер жатады. Бұл механизмдерді екі немесе үш əрекетті қаңылтыр қалыптау баспақтарында, жəне де бойлық соғу машиналарында қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]