Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды__ титулька каз777.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.72 Mб
Скачать

1.1.5 Қысу жастықтары

Қарапайым əрекетті қаңылтыр қалыптау баспағын қолданнып қаңылтырдан тұтас тетіктерді кермелеген кезде, деформациялау үрдісінде металды қысуды қамтамсыз ету қажет, кері жағдайда бұйымның бүйір бетінде бүрмелер пайда болады.

1.4 Сурет. - Қарапайым əрекетті баспақтың жұмыс істеу сұлбасы

Қарапайым əрекетті баспақтың жəне оған орнатылған кермелеу баспағының жұмысы 1.4 суретте көрсетілген. Кермелеу ұяқалыбы 8 итеріп шығарғышымен 7 бірге ұстағыш 6 арқылы, жетекті қосиіні 1 мен бұлғағы əдеттегі қосиінді – сырғақты механизмді құрайтын, бас орындаушы механизімнің сырғағына 3 бекітіледі. Үстелге 12 бекітілген қалыптың тұрқысына 11, жұмыс уақытында қозғалмайтын кермелеу сотаны 10 қатаң бекітілген. Үстелдің төменгі жағына, қозғалмайтын цилиндр 15, екі қозғалатын поршн 17 жəне соташығы 16 бар, пневматикалық жастық ілінеді. Поршндардың қозғалысы тірек тақталары 14 мен итергіштер 13 арқылы, кермелеудің алғашқы моментінде сотанның жоғарғы ернеу денгейінде болатын қысу сақинасына 9 беріледі. Баспақты жұмыстық жүрісіне қосқан кезде сырғақ төмен қарай түседі жəне кермелеу ұяқалыбы арқылы жастықтың поршндарын төмен ығыстырады, олар төмен түсе отырып ауаны сығады. Цилиндрдегі қысым артады, артық ауа қайтадан жинағышқа 20 (ресивер) түседі. Цилиндрдегі жəне жинағыштағы қысым артық болса сақтандырғыш клапан 18 ашылады. Желіден ауаны беру тұрақты қысымды ресиверге жіберуді қамтамасыз ететін қысымды реттеушімен 22 басқарылады. Сонымен сырғақтың толық жұмыс жүрісінде қысу күшінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сұлбада ауаның ресиверден кері қайтуын ескертуге арналған кері қайту клапаны 23 орналасқан. Сүзгіш 24 ауаны тазартуға қажет, вентилдер 21— конденсатты шығаруға жəне ауа өткізгішті жабуға арналған, манометр 19 — ауа қысымын бақылауға арналған.

Сырғақ ең төменгі күйге келгенде жəне кермелеу үрдісі аяқталғанда, қысу сақинасы ұяқалып ізінен сығылған ауа əсерінен көтеріледі. Бұйымды ұяқалыптан итеріп шығару, итеріп шығарғыш 7 жəне тақтайша 5 көмегімен іске асады, яғни сырғақ жүрісінің жоғары кері қайту уақытындағы қозғалыс реттегіш тірекпен 4 шектелген. Қазіргі кездегі көпқосиінді қаңылтыр қалыптау баспақтарында пневмо жастықтардан басқа, гидропневматикалық жастықтар, гидроұстағышы бар жастықтар жəне т.б. қолданылады.

1.1.6 Екі əрекетті кермелеу баспақтары

Екі əрекетті кермелеу баспақтар. Мысал ретінде К5530 модельді кермелеу баспағының жұмыс істеу принципін қарастырайық. Баспақтың басты өлшем параметрлері: ішкі сырғақтың номиналды күші Рн. в = 1 МН, сыртқынікі Рн.н = 630 кН, сəйкесінше сырғақтың толық жүрісінің мəні Smax в= 400 мм жəне Smax н= 265 мм. Берілген кермелеуді орындау үшін ішкі (кермелеу) сырғағын оған бекітілген құралмен бірге қарапайым аксиалды қосиінді сырғақты механизм көмегімен жүргізеді. ІІ класты жазық сегіз буынды қосиінді буынды-рычакты механизмнің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қысу сақинасы бар сыртқы (қысу) сырғақ, басқы сырғақ сияқты сол бағытта ілгері-кейінді қозғалыс жасайды. Қозғалысты тарататын жəне бір уақытта қысқыш механизмнің жетекші буыны болып табылатын басты біліктің шеткі иіні ОΚ табылады, ол KL бұлғақ арқылы LMM сырғанаушысын қозғалысқа келтіреді. Сырғанаушының қозғалысы NO1C екі иықты рычагтармен тербелетін, MN тягалар арқылы екі жаққа беріледі. Тербелетін екі иықты рычагтар арқылы О1СD буыны сыртқы сырғаққа ілгері-кейінді қозғалыс бере отырып жазылады немесе бүгіледі. Ішкі сырғақтың қозғалу графигі синусоидалды қисық болып келеді. Төмен қарай жүріс, бас қосиіннің 180° тан 0 дейін бұрылған кезде орындалады. Бірақта сырғақтың түзу жүрісін, сыртқы сырғақ төмен түсіп қозғалмайтын күйге келгенде пайдалануға болады, сонымен бірге дайындаманы ұстап тұрады жəне жиырылу болдырмайды. Сыртқы сырғақтың қажетті қозғалысы механизмнің негізгі өлшемдерімен жəне соңғы қосиіннің ОК бастапқы күйінен, бас қосиінге қатысты біршама бұрышқа, осы жағдайда 150° тен, ығыстырылуымен қамтамасыз етіледі. Нəтижесінде бас қосиіннің α = 95° бұрышқа бұрылу кезінде сырғақ шеткі төменгі жағдайда тоқтайды: осы сəттен бастап ішкі сырғақтың жүрісі кермелеуге қолданылуы мүмкін. Іс жұзінде кермелеуге сырғақтың біршама кіші жүрісі қолданылады, шамамен α р = 75...80° сəйкес келетін. Сыртқы сырғақтың кідіруі (выстаивание), ішкі сырғақ жоғары қарай бос жүріс жасай бастағаннан кейін біраз уақыт болады, жетекті қосиіннің α=345° бұрышқа бұрылғанға дейін де, жəне 110° жуық болады. Кермелеу аяқталғаннан кейін сыртқы сырғақтың кері қайту кідірісі жоғарғы қалыптан (кермелеу ұяқалыптан) бұйымды алуды немесе төменгі қалыптан кедергісіз итеріп шығаруды қамтамасыз ету үшін қажет. Сырғақтардың кері жүрісі əртүрлі жылдамдықтармен орындалады. Сыртқы сырғақ, ішкі сырғаққа қарағанда жылдам қозғалады жəне

шеткі жоғарғы күйге бірінші жетеді. Жетекті қосиіннің бұрылу бұрышымен сипатталатын фаза ығысуы, онда сыртқы сырғақ шеткі жоғарғы күйге келеді, озу деп аталады. Əдетте озу 25...50° құрайды. Сырғақтардың тоқтауы жетекті қосиіннің шеткі жоғарғы күйге 10...15° (α ≈ 195... 190°) бұрыш жетпей болады. Бұл кезде сыртқы сырғақ шеткі жоғарғы күйді өтіп біршама аралыққа төмен түседі.

Екі əрекетті кермелеу баспақтарының қысу механизмінің жетегі үшін типтік кинематикалық тізбектін саны шектелген. Қарапайым тізбек болып төрт тізбекті үш қосиінді механизм табылады. Бұндай механизмнің сыртқы сырғағының кідіруі болмайды. Сондықтан а сұлбасы ішкі сырғақпен орындалатын, терен емес кермелеуге арналған баспақтарда қолданылады. Сыртқы сырғақтың нақты міндеті – дайындаманы шабу (вырубка).

Қосиінді буынды-рычакты механизмдердің б жəне в сұлбаларындағы сыртқы сырғақ, сырғақ бекітілген ыйын толық жазылған кезде шеткі төменгі күде болады. Қалған уақыт аралығында сырғақ шеткі төменгі күйден біршама шегінеді. Қысу механизмінің сұлбасында түзілімдер көп болған сайын, сыртқы сырғақтың қозғалысы абсолютті күйге көп жақындай түседі. Сондықтан да қосиінді буынды-рычакты механизмдердің екі типі де – сегіз түзілімді жəне тоғыз түзілімді,— құрылымы жағынан бірдей, біршама ерекшеленетін сыртқы сырғақ қозғалысы заңын қалыптастырады. Он түзілімді (десятизвенного) механизмнің сырғағы уақыт жағынан, сырғақ шеткі төменгі күйден аз шамаға шегінуі кезінде, біршама көп кідіреді. Сегіз түзілімді сұлба, сыртқы сырғақтың күйін қажетті жағдайда ұстап, негізгі құрылымдық артықшылықтарға ие – ықшамдылық – жəне қазіргі кездегі, жетекті қосіні баспақ тұғырының фронттына перпендикуляр орналасқан жабық типті бір қосиінді баспақтарда көп қолданыс тапқан.

ГИД қыспағының типтік сұлбасы қосиінді-буынды механизмдерге жатады. Олар құрылымы жағынан бірдей – бұл, бас орындаушы механизмнің жетекті қосиінінен жетегі бар сегіз түзілімді механизм. Сондықтанда қысу механизмін баспақ сырғағының ішінде жинау жəне жетекті қосиінді шестерна-эксцентрик түрінде жасау қажет. Сұлбалар арасындағы айырмашылық аралық рычактардың тербеліс өстерінің орналасуымен байланысты. Арнайы қолданылатын кішігірім кермелеу баспақтарына, мұнда қысу механизмінің көптүзілімділігі құрылым кемшілігі болып табылады, жұдырықшалы жұбы бар сұлбаны қолдануға болады. Жұдырықшалы буынды-рычакты механизмі бар баспақты қолдану тəжірибесі көрсеткендей, пішінді жұдырықшалардың көмегімен сыртқы сырғақтың жетегі қолайсыз болып табылады. Жұмыс кезінде жұдырықшалар тез тозып қыспақтың біркелкі қысымын қамтамасыз етеалмайды. Жұмыстық жүріс кезінде рычакты жетегі бар қысу сырғағының кейбір қозғалғыштығы, қыспаққа қойылатын үш талапқа байланысты мүмкін болады. Бастапқы жағдайда қысу сырғағына бекітілген сақинаның төменгі жазықтығы жəне төменгі қалыптың жоғарғы жазықтығы арасында саңылау пайда болады. Кермелеу үрдісі кезінде жазық фланец қалындығы артады дайындама сақинамен түйіседі (соприкасается), сонын нəтижесінде қысу күші пайда болады. Саңылау аз болған сайын ол коп болады. Саңылау өте аз боған жағдайда кермеленетін бұйымның түбі үзілуі мүмкін. Саңылау өте көп болса бұйымда жиырылу пайда болады. Əр бұйым үшін саңылаудың тиімді шамасы, қысу сырғағы күйін реттегіш көмегі арқылы дұрыстаумен бекітіледі.

Қалыпталатын материалдың қалындығы бойынша оң ауытқуларды компенсациялау үшін, жəне де құралдың дұрыс жасалмауына байланысты қысу арнайы амортизаторлар арқылы жүргізіледі. Функционалды қолдануына байланысты амортизаторлар сақтандырғыш құрылғыларға жатады, өйткені олар сыртқы сырғақтың подвеска иынына əсер ететін жүктеудің артуына ықпал етеді, бекітілген шектен артық. Бұл құрылғыларды жүктеудің эталоны ретінде серіппенің серпінді күші (серіппелі амортизаторлар) немесе ауаның қысымы (пневмокамералар немесе пневмоцилиндрлер) қолданылады. Амортизаторды есептеу, сыртқы сырғақтағы номиналды күштің 1,1..1,2 тен жүктеу бойынша жүргізеді.

Құрылымдық белгілері жəне сыртқы архетектурасы бойынша екі əрекетті баспақтар,

қарапайым əрекетті қаңылтыр қалыптау баспақтарына ұқсас жəне машиналардың екі тобынан тұрады:

1) ашық типті қосиінді екі тіректі баспақтар;

2) жабық типті қосиінді екі тіректі баспақтар.

Бірінші топ үш қосиінді баспақтардан жəне де сыртқы сырғақтың жұдырықшалы жетегі бар арнайы баспақтардан тұрады. Қазіргі кездегі екі əрекетті баспақтардың көбі жабық типті қосиінді екі тіректі баспақтарға жатады, өзара қалыптау аралығының габаритімен жəне осыған сəйкес сырғақ подвескасының нүкте санымен ерекшеленеді: бір-, екі- жəне төртқосиінді баспақтар. Жабық типті бірқосиінді баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 7639—75 ережеленген, Рн.в номиналды күш ішкі сырғақта 630 кН...6,3 МН аралығында. Сыртқы сырғақтағы Рн.н номиналды күш Рн.в - нің 62...64% құрайды. Шетелдк фирмалардың баспақтарында ішкі жəне сыртқы сырғақтағы номиналды куш қатынасы көбіне осы көрсетілген аралықта болады. Бірақта кейбір фирмалар үлкен əмбебаптық мақсатында, Рн.в/Рн.н= I қатынаспен баспақтарды шығарады. Екі қосиінді баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 8247—70, ал төртқосиінді МЕСТ 16268—70 ережеленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]