Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды__ титулька каз777.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.72 Mб
Скачать

1.8 Сурет. Қосиінді баспақтардың орындаушы механизмдерінін сұлбалары

Жұдырықшалы жəне жұдырықша – иінтіректі IV, 1 жəне IV, 2 механизмдерді əсер ететін күш аз болған кезде қолданады. Күш 1МН асатын болса алты түзілімді механизмді қолданады, ол сырғақтын бірқалыптылығын жəне ұзақ уақыт тұру қамтамасыз ете алмайды. Үлкен бірқалыптылықты жəне тұру ұзақтығын сегіз түзілімді IV, 4 жəне IV, 5 механизмдер қамтамасыз етеді. IV, 4 механизмде қосымша ілгерімді түзілім бар, ол механизм габариттерін арттырады.

3.1.2 Қосиінді баспақтың элементтері мен қолданылуы

Классификацияны кинематикалық белгілеріне қарай жүргізуге болады – орындаушы механизмнің кинематикалық тізбегінің құрылымына, жетек орналасуына, цикл ішінде жұмыс жасайтын жəне қажетті деформациялау процесін жүргізетін орындаушы механизм санына. Машиналарды технологиялық белгілеріне қарай классификациялау жалпымен қабылданған болып табылады, өйткені орындалатын технологиялық процестің ерекшелігі машинаның (баспақ) құрылымын да қарастырады. Қалыптау үшін машиналардың үш тобын көрсету қажет – қаңылтыр, көлемді жəне ұнтақты масса. Қаңылтыр қалыптауға арналған баспақтар көлемді қалыптауға арналған баспақтармен салыстырғанда əмбебап, ал қалыптау кеңістігі жəне жүріс шамасы айтарлықтай үлкен болуы тиіс. Көлемді қалыптау үшін деформациялау кедергісінің үлкен болуы жəне деформацияланатын дене мен қалыптардын өлшемдерінің кіші болуы шарт. Осыған байланысты мұнда қалыптау кеңістігінің жүрісі мен өлшемдері кіші. Ыссы қалыптау кезінде деформациялау процесі қысқа болуы қажет сондықтан да баспақтар жылдам жүрісті болуы тиіс. Қажетті дəлдікті жəне ең төменгі энергия шығынын қамтамасыз ету үшін көлемді қалыптау баспақтарының қатаңдығы жоғары болуы тиіс.

Баспақтардың əр тобынан екі топты бөлуге болады: жалпы қолданылатын баспақтар жəне автоматтар. Қазіргі кездегі баспақтың құрылымы күрделі: ондаған түзілімнен жəне бірнеше жүздеген тетіктерден тұрады. Əр машинаның қарапайым түзілімдерімен бірге – қозғалтқыш, беріліс механизмдері жəне орындаушы механизмдермен бірге баспақты басқару, баптау, бақылау жəне күтуші адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ баспақтың технологиялық мүмкіндігін арттыратын немесе басқа да жауапты түзілімдердің тетіктерінің жұмысын жақсартатын қосалқы түзілімдер бар. Автоматтарда аталған баспақ түзілімдерінен басқа автоматтандыру түзілімдері болады, олар өңделетін дайындаманың немесе шикізатты бағдарлауды, тасмалдауды, орнатуды жəне машинаны келесі циклды орындауға дайындауды қамтамасыз етуі тиіс. Барлық аталған түзілімдердің барлығы кез-келген баспақ немесе автомат типінің элементі бола бермейтінін айта кеткен дұрыс. Баспақтардың номиналды күшіне, қолданылуына жəне құрылымына байланысты кейбір түзілімдерді тұрғызу (орнату) осы құрылымға қажетсіз болуы мүмкін, өйткені ол жұмыс істеу шартын жақсартпайды, сенімділікті арттырмайды жəне баспақ жасау құнын төмендетпейді. Соңғы нəтижесінде баспақтарды жетілдіру оның құрылымының күрделенуіне, қымбаттауына əкеледі.

4.1 Бұлғақтар

4.1.1 Бұлғақтардың құрылымы

Бұлғақ баспақтың негізгі бөлігі болып табылады, ол арқылы сырғақтағы күш иінді білікке беріледі. Қосиінді-сырғақты механизмдер (ҚСМ) мен бұлғақтардың құрылымдық ерекшеліктерін қарастырайық. ҚСМ жетек түріне қарай жоғарғы жетекті механизм жəне төменгі жетекті механизм деп бөлуге болады. Жоғарғы жетекті механизмдерде бұлғақ сырғақты итереді де, жұмыстық жүктелу кезінде иілумен қатар сығылады (1.9 сурет). Төменгі жетекті механизмдерде бұлғақ сырғақты тартады да, жұмыстық жүктелу кезінде иілумен қатар созылады (1.10 а сурет). Жоғарғы жетекті механизмдерде де бұлғақты тарту варианттары болады (қаңылтыр металды кесуге арналған қиғаш пышақтары бар қайшылар). Бұлғақтың басты элементтері болып қосиінді басы (үлкен), денесі (стержень) жəне кіші (сырғақты) басы табылады.

Бұлғақтар ажырамалы жəне ажырамайтын болып бөлінеді. Ажырамалы бұлғақтар – бұлғақ денесінен жəне қақпақтан тұрады (1.9 сурет), ажырамайтындар – бугели 1.10,а жəне б сурет). Күші 1 МН дейінгі баспақтардың, ажырамалы бұлғақтарында, бұлғақ денесідеқұрамды бөлігі болып жасалады (1.10,в жəне 1.11,а сурет – бұлғақ пен бұрама). Бұл бұрама қалыптау аралығын реттеуге қолданылады. Баспақтардың ажырамайтын бұлғақтары түзу өсті болады (1.10,б - сурет). Қанылтыр метал кескіш қашыларда бугели – қисық өсті (1.10,а-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]