Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды__ титулька каз777.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.72 Mб
Скачать

1.13 Сурет - Бір қосиінді екі тіректі баспақтың қосиінді-сырғақты механизмінің модификациясы

Иінді біліктерді буын мойындары арасында бекітілген бұлғақ мойындарымен (1.14, а- сурет), жəне бұлғақ мойындары жуандау болған кезде эксцентрикті біліктер (сурет 1.14, б) тəріздес орындайды. Соңдай ақ, қосиінді біліктер де болады, бұнда бұлғақ мойыны білікті жону арқылы алынады, оның диаметірі тірек мойынының диаметірімен бірдей. Біртіректі баспақтарда қолданылатың бұл біліктердің тіректері бұлғақтың біржағында ғана орналасады (1.14 сурет ). Кейбір суықтай көлемді қалыптауға арналған автоматтардың құрылымдарында мойыны жоқ иінді біліктерді қолданады (1.15 II сурет), бұларда бұлғақ мойынының шеңбері тірек мойынының шеңберін қиып өтеді. (егер біліктің жанынан қарасақ).

Қосиінді машиналардың f(d0) иінді біліктерінің өлшемдері көп жағдайларда қосиінді машиналардың өлшемдерінде анықтайды. Соңдықтан да, машинаның осы элементін құрылымдауға аса көңіл бөлу қажет. Машина жобалаудың негізгі теориясы болып осы машиналардың жəне олардың жеке механизмдеріне құрылымдық талдау жүргізу табылады. Мұндай талдау кезінде сəйкес механизмдерді бір топтаумен ғана шектелмей, ұйымдастырушы түсініктемесін құрастыру міндеттеледі. Түзілімнің, механизмнің, бөлшектің функционалды тағайындалуын жəне олардағы физикалық үрдістерді қарастыру негізінде, механизмді бағалайтын негізгі белгілер анықталады жəне сəйкес кесте құрылады.

Күш бойынша, қосиіннің бұрылу бұрышы бойынша, уақыт бойынша; сырғақ жүрісінің саны, қолданылған жүріс саны;автоматты немесе бірлік жүріс жұмыс; біліктің мойынтірек түрі – сырғанау немесе тербеліс; иінді білік мойынының беріліс арқылы жүргізілетін сырғақтың сыналасу жиілігі.

Бұдан басқа оның ішінде білік немесе ось материалы, оларды термо өңдеу, механикалық өңдеудің ерекшеліктері (беттің кедір-бұдырының көлемі), сонымен қатар эксплуатациялау сипаттамасы: бұйым позициясының саны, позициялар арасындағы ара-қашықтық ,сырғақ осіне қатысты жүктемелі күш көрсетілуі тиіс.

Қосиінді баспақтарда иінді біліктің тіректері, сонымен қатар бұлғақтың шетмойны сырғанау мойынтіректері түрінде жасалады. Сырғанау мойынтіректері диаметрі бойынша үдкенірек тіректер болып табылады. Олар өздерінің шамасына қарай өзгеретін күштерді жəне үлкен соққылы күштерді қабылдай алады (бөлінген үдкен шамалар жəне салыстырмалы үлкен жылдамдықты сырғанау).

1.14 Сурет – Біртұғырлы баспақтың қосиінді білігі

1 – эксцентрикті төлке; 2 – қосиінді білік; 3 – бұлғақ

Сырғанау мойынтіректерінің қатаңдықтары сəйкесінше шайқау мойынтіректердің қатаңдығынан үлкен болады. Баспақ мойынтіректері шектік үйкеліс режимінде жұмыс жасайды, ал сұйық майлағанда жартылай сұйық үйкеліс режимінде жұмыс жасайды. Қосиінді баспақтарда үйкелу кезіндегі жағалымды 1МН күшке дейін азайтуда шайқау мойынтіректерін қолдана бастайды.

1.15 Сурет – Біржақты сынатаспалы жетегі бар (тегершікпен), жақты (I) жəне жақсыз (II) бір қосиінді білік . Қорытынды

Осы дипломдық жұмыста берілген техникалық тапсырманың негізгі шарттарын толықтай дерлік ашып көрсеттім. Бұл жұмыста қосиінді пресстің жұмыс істеу принципін қарастырдым және бұлғаққа түскен күшті анықтадым. Дипломдық жұмыс инженерлік мамандықтын қорытынды жұмысы болғандықтан, оның тинақтылығы болашақ инженер атқаратын қызметінің тиянақты болуы тиіс.

Берілген жұмыс техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімділігі 2 жыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]