Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_kaz_Fizika.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.61 Mб
Скачать

2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)

Тапсырмалар

1 сабақ. Тақырып: сұйықтық пен газдың қасиеттері.

1.1 тапсырма. Қысым, тығыздық, сұйықтық көлем бірлігінің салмағы (меншікті салмақ), көлемдік сығу коэффициенті, жылулық ұлғаю коэффиценті, серпімділік модулі деген ұғымдарды талдау.

1..2 тапсырма. Кейбір сұйықтық пен газдардың сипаттамаларын (қасиеттерін) салыстыру.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Оқып жатқан шамалардың өлшемділіктеріне назар аудару.

Ұсынылатын әдебиеттер : 3.[19-25], 4[5-9].

2 сабақ. Тақырып: дифференциалдық тепе – теңдік теңдеулері.

2.1 тапсырма. Тепе – теңдікте жатқан сұйықтықтардағы кернеулерді талдау.

2.2 тапсырма. Сұйықтық пен газдар статикасының негізгі дифференциалдық теңдеуін шығару.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: бөлінген сұйықтық көлеміне тепе – теңдіқ теңдеуін қүру үшін, оған қандай күштер әсер ететіне назар аудару.

Ұсынылатын әдебиеттер : 3 [34-41], 4 [15-17], 5 [40-44].

3 сабақ. Тақырып: тұтас орта қозғалысының екі сипаттау тәсілдері.

3.1 тапсырма. Сұйықтық пен газдың лагранж сипаттауын талдау.

3.2 тапсырма. Сұйықтық пен газдың эйлер сипаттауын талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Әр сипаттауда ең бастысы не болады екенін және қандай тәсіл қозғалысты зерттеуге ыңғайлы екенін қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [[16-19], 3. [47-50].

4 сабақ. Тақырып: үзіксіздік теңдеуі

4.1 тапсырма. Үзіксіздік теңдеудің қорытуын талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Сұйықтық массасының сақталу принципін және массаның таза құйылуын қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [23-25]; 3. [52-54], 5. [40-44].

5 сабақ. Тақырып: сығылмайтын сұйықтықтың екіөлшемді ағысы үшін ток функциясы

5.1 тақырып. Ток сызығы орналасуы мен ағыс өрісіндегі жылдамдықтардың үлестірімі арасындағы байланысты талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Сығылмайтын сұйықтық ағысы екіөлшемді ретінде қарастырылуы мүмкін жағдайды талдау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. [31-33]; 3. [55-57].

6 сабақ. Тақырып: құйынды және құйынсыз қозғалыстар.

    1. тапсырма. Жылдамдық құйын векторы және иірімділік векторы деген ұғымдарды талдау.

    2. тапсырма. Құйынсыз қозғалыстың шарттары.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Айналу бұрыштық жылдамдығының жылдамдық компоненттерінен және олардың туындыларынан тәуелділігін қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [31-40]; 3. [58-60], 5. [50-56].

7 сабақ. Тақырып: сұйықтыққа әсер ететін күштердің түрлері.

7.1 тақырып. Беттік күштерін талдау. Беттік күштердің бас векторы.

7.2 тақырып. Массалық күштерін талдау. Массалық күштердің бас моменті.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Әр күштің тағайындалуын қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [44-46], 5. [58-60].

8 сабақ. Тақырып: идеал сұйықтық қозғалысының жалпы теңдеуі.

    1. тапсырма. Даламбер принципін талдау.

8.2 тапсырма. Идеал сұйықтықтағы гидродинамикалық қысымды талдау.

8.3 тапсырма. Эйлер түріндегі қозғалыс теңдеуін талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Сұйықтық қозғалыс теңдеуіне қандай күштер кіреді екенін қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [47-49], 5. [86-90].

9 сабақ. Тақырып: Гидродинамика есептерінің жалпы қойылымы. Сығылмайтын сұйықтық

жағдайы.

9.1 тапсырма. Сығылмайтын сұйықтықтың қозғалыс моделі жағдайында гидродинамика есептеріінің жалпы қойылымын талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Сығылмайтын сұйықтықтың қозғалыс моделі жағдайында қанша

белгісіз шамаларды анықтау керек екенін және осы шамаларды анықтау үшін Эйлер қозғалыс

теңдеулеріне кандай теңдеуді қосу керек екенін қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [58-59], 5. [86-90].

10 сабақ. Тақырып: Гидродинамика есептерінің жалпы қойылымы. Сығылатын сұйықтық жағдайы. Баротроптық.

10.1 тапсырма. Орта баротропты болған жағдайда гидродинамика есептерінің қойылымын

талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Изотермиялық және политроптық қозғалыс үрдістерді қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [60-61], 5. [80-84].

11 сабақ. Тақырып: Гидродинамика есептерінің жалпы қойылымы. Сығылатын сұйықтық жағдайы. Бароклиндік.

11.1 тапсырма. Орта бароклинді болған жағдайда гидродинамика есептерінің қойылымын

талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Бароклинді сығылатын сұйықтық қозғалысында қандай факторды ескеру қажет екенін қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [61-65], 5. [86-90].

12 сабақ. Тақырып: Идеал сұйықтық қозғалысының қарапайым жағдайлары.

12.1 тапсырма. Қалыптасқан қозғалысты талдау. Бернулли интегралы.

12.2 тапсырма. Құйынсыз қозғалысты талдау. Коши интегралы.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Қозғалыс теңдеулерін жеңіл интегралдауға болатын шарттарды қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 1. [110-113], 5. [90 – 96].

13 сабақ. Тақырып: Деформациялар жылдамдықтарының тензоры және кернеулер тензоры.

№13.1. Деформациялар жылдамдықтары және кернеулер арасындағы қатыстарды талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Деформациялар жылдамдықтары тензорының және кернеулер тензорының компоненттерін толық қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 2. [369-377], 3. [73-79], 5. [359-373].

14.сабақ. Тақырып: Тұтқыр сұйықтық қозғалысының теңдеулері.

14.1 тапсырма. Навье – Стокс теңдеулерін шығару жолын талдау.

14.2. тапсырма. Тұтқыр сығылмайтын сұйықтықтың қозғалыс теңдеулерін қарастыру.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Қозғалыс теңдеулерін шығару жолында Даламбер принципін қолдану. Тұтқыр сұйықтық қозғалыс теңдеулеріне қандай күштер кіреді екенін қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер :: 2. [385-389], 3. [82-85], 5. [359-373].

15 сабақ. Тақырып: Ұқсастық теориясы. Рейнольдс және Фруд сандары.

15.1 тапсырма. Рейнольдс және Фруд сандарының ортаның сипаттық параметрлерінен байланысын талдау.

    1. Ұқсастықтың жеткілікті шартын талдау.

СОӨЖ өткізу түрі - сұрастыру, тестілер (сынақтамалар).

Әдістемелік ұсыныстар: Теңдеулерді өлшемсіз шамаларға келтіруін және Рейнольдс пен Фруд сандары қайдан шығатынын қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер : 2. [406-413], 3. [113-127].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]