Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЗУиКР 5В090700.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.57 Mб
Скачать

2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)

1. Менеджмент пен оның негізгі аспекттері.

Менеджменттің мәні мен оның аспекттері. Менеджмент – басқару ғылымы және өнері ретінде. Менеджмент – кәсіби қызметтің түрі және басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісі ретінде. Менеджмент – ұйымдарды басқару жүйесі ретінде. Менеджмент пен кәсіпкерлік. Бизнес-менеджмент.

Өткізу түрі: Презентация, сөз сайысы.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №1 дәрістің, №1 тәжірибе сабағының материалдарын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [16-34], 2 нег. [19-44], 6 нег. [83-85], 9 нег. [5-7], 3 қос. [9-30].

2. Менеджердің ұйымдағы рөлі.

Менеджердің ұйымдағы рөлі және функциялары. Менеджердің кәсіби дағдылары. Тиімді менеджердің жеке бас қасиеттері. Басшыларды бағалау тәсілдері. Менеджер мен кәсіпкерді салыстырмалы талдау.

Өткізу түрі: Презентация, сөз сайысы.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №2 дәрістің, №2 тәжірибе сабағының материалдарын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [165-181], 2 нег. [261-315], 12 нег. [363-384].

3. Менеджменттің эволюциясы.

Басқарудың ғылым ретіндегі пайда болуы және дамуы. Басқарудың әртүрлі мектептерінің пайда болуы мен мазмұны. Ғылыми басқару мектебі. Классикалық (әкімшіліктік) мектеп. Психология мен адамдық қарым-қатынастар мектебі. Мінез-құлықтық ғылымдар. Басқару ғылымы немесе сандық (мөлшерлік) қатынас. Менеджменттің ұлттық үлгілерінің ерекшеліктері (АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония, Ресей, Қазақстан).

Өткізу түрі: Презентация, сөз сайысы.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №2 дәрістің, №2 тәжірибе сабағының материалдарын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [35-58], 2 нег. [133-166].

4. Менеджменттің әдістемелік негіздері.

Басқаруға ғылыми қатынас. Үрдістік қатынас. Жүйелік қатынас. Ахуалдық қатынас. Ұйымды басқаруға әртүрлі қатынастарды салыстырмалы талдау. Эволюциялық менеджмент.

Өткізу түрі: Презентация, сөз сайысы.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №1, 2 дәрістердің, №2 тәжірибе сабағының материалдарын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [35-58], 2 нег. [133-166].

5. Менеджменттің түрлері, функциялары және үрдістері.

Менеджменттің функциялары. Менеджменттің заттық (негізгі) функциялары: мақсаттарды құрастыру, қызметті жоспарлау, үрдістерді ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Процессуалдық функциялар: шешімдер мен коммуникациялар (байланыстар). Әлеуметтік-психологиялық функциялар: өкілеттіктерді табыстау, ынталандыру. Басқарушылық қызметтің түрлері: шаруашылықтық басқару, мемлекеттік және муниципалдық басқару, өндірісті басқару, жабдықтау мен өткізуді басқару, қаржылық қызметті басқару, персоналды басқару, инновацияларды басқару, сапаны басқару.

Өткізу түрі: Презентация, сөз сайысы.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №5 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [27-34], 2 нег. [45-66].