Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЗУиКР 5В090700.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.57 Mб
Скачать

1.5 «Жер орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті» пәні туралы мәліметтер:

Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерде қазірзі заманғы менеджменттің жалпы теоретикалық және қолданбалы мәселелері бойынша оларды менеджмент теориясының негізгі түсініктерімен, тұжырымдамаларымен, категорияларымен, бағыттарымен және ережелерімен, оның тәжірибелік қосымшаларымен таныстыру, менеджменттің арнайы бөлімдерін кейінгі оқып-үйренуі үшін студенттерде білімдердің қажетті базасын құрастыру арқылы терең білімдерді қалыптастыру.

Берілген пәнді оқып-үйренудің заты – бұл бірлескен қызметтері қойылған мақсаттар мен қаланылған нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған адамдар ұжымдарын тиімді басқару теориясы, тәжірибесі және өнері.

Студенттердің берілген пәнді оқып-үйренудегі негізгі мәселелері – бұл оның құрылымымен, қолданылатын терминологиямен, жалпы түсініктерімен, принциптерімен, жағдайларымен, әдістерімен және ұйымдастырушылық басқарудың халықаралық тәжірибесімен танысу, тәжірибелік жұмыстың дағдыларын меңгеріп алу, менеджменттің кейінгі дамуының болашақ бағыттарын зерделеу.

Берілген пәнді оқыту барысында студенттердің оқытылатын курстың 16 тақырыбы бойынша теоретикалық білімдерді меңгеруі көзделеді.

Тәжірибелік сабақтар студенттердің теоретикалық білімдерін бекітеді де, олардың компаниядағы басқарушылық қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің іскерліктері мен дағдыларын меңгеріп алуларына жәрдемдеседі.

Студенттерде өздік жұмыстың дағдыларын дамыту мақсатымен олардың үй тапсырмалары, берілген тақырыпқа баяндамалар мен рефераттарды дайындау түріндегі өздік жұмыстарды орындауы көзделген.

Берілген пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер келесіні көрсету керек:

  • қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен тәжірибесі саласындағы білімдерін;

  • басқарушылық мәселелерді өз бетінше қою және шешу іскерлігін;

  • менеджменттің қазіргі заманғы теориясының негізгі ережелерін іс жүзінде қолдану дағдыларын;

  • менеджмент ғылымы мен тәжірибесінің кейінгі даму бағыттары мен қазір бар мәселелеріндегі құзыреттелікті (компетенция).

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:

Кесте 2 – Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі

Бақылау түрі

Жұмыс түрі

Жұмыстың тақырыбы

(нақты бетін көрсету керек)

Ұсынылатын әдебиетке сілтеме

Балдар (рейтинг-тік

шкалаға сәйкес)

Тапсы-ру уақы-ты

1

2

3

4

5

6

Ағымдық бақылау

1) Өздік жұмыс

2.5 бөлімін қараңыз

1 нег.-17 нег.

1 қос.-23 қос.

10

1-15

2) Бақылау жұмысы 1

1. Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері

1 нег. [3-27, 35-58], 2 нег. [19-35], 3 нег. [9-31]

5

4

2. Басқарудың көп мәнді табиғаты

1 нег. [248-257], 2 нег. [248-260]

3) Бақылау жұмысы 2

5. Басқару функциялары

2 нег. [45-66, 248-260], 8 нег. [25-36]

5

11

6. Басқаруға жүйелік қатынас

1 нег. [302-316], 2 нег. [151-156]

Аралық (шекті) бақылау

1) Тест түріндегі сұрау

3. Басқарудың заңдары мен заңдылықтары

1 нег. [111-114]

10

7

4. Басқару принциптері

1 нег. [31-35], 2 нег. [167-216]

2) Тест түріндегі сұрау

7. Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі

13 нег. [3-47], 22 қос. [69-76]

10

15

8. Басқарудың экономикалық механизмі

3 нег. [60-86], 29 нег. [111-176]

Курстық жұмыс

Ұйымның тұжырымдамалық жобалануы

20

14

Қорытынды бақылау

Емтихан

40

Сессия