Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЗУиКР 5В090700.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.57 Mб
Скачать

12. Менеджердің билігі.

Билік негіздері. Билік пен ықпал. Формалдық және нақты билік. Билікті жүзеге асыру тәсілдері. Шектелмеген билік пен жаппай биліктің салдары.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №12 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [165-181], 2 нег. [261-316], 12 нег. [363-384].

13. Менеджердің өзін-өзі дамытуы.

Адам – жеке тұлға ретінде. Адамның өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы. Мансапты (карьераны) жоспарлау. Өмір менеджменті.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №13 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 15 нег. [240-314], 17 нег., 18 нег., 27 нег., 11 қос.

14. Ынталандырушы менеджмент.

Адам қызмет етуінің ынталары. Ынталандырушылық механизм. Ынталандырудың экономикалық және экономикалық емес тәсілдері. Ынталандырудың мазмұндық тұжырымдамалары. Ынталандыруға үрдістік қатынас.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №14 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [282-302], 2 нег. [57-61], 10 нег., 15 нег. [81-93].

15. Іскерлік қарым-қатынас жасау мәдениеті.

Басшының бағыныштыға қарым-қатынасы. Кеудемсоқтықтар (амбициялар) мен жарамсақтық жағынушылық (лесть). Адамдарға қызығушылық көрсету. Тыңдау қабілеті. Сөз сайысы мен таласты жүргізу өнері. Жеке басының тартымдылығы. Жіберілген қателіктерді мойындау.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №15 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 2 нег. [427-448], 15 нег. [385-412].

16. Қазіргі заманғы менеджменттің даму тенденциялары.

XXI ғасырдың басқарушылық парадигмасы. Басқаруға ықпал етудің негізгі факторлары: басқаруды түсіну, сипаттау және өлшеу; қызығушылық танытқан тұлғалардың ақпараттық сыйысуы және мұқтаждықтарының балансы; адамдардың денсаулығы – жаңа ғасырдың басым өнімі ретінде; ұлттық мәдениеттердің глобализациясы мен ерекшеліктері.

Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №1-3 дәрістердің материалдарын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.

Ұсынылатын әдебиет: 2 нег. [449-483], 5 нег. [9-29].

2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары

а) Курстық жұмыстың тақырыбы: Ұйымның тұжырымдамалық жобалануы (нұсқалар бойынша).

Жұмыстың мақсаты – жаңа ұйымдарды құру және істеп жатқан ұйымдарды жетілдіру кезінде менеджерлердің шешімдерді қабылдау саласындағы теоретикалық білімдерін бекіту және тәжірибелік дағдыларын жасап шығару.

Жұмыстың мазмұны: Студенттерге бұйымдардың белгілі бір түрлерін шығаруға мамандандырылған ұйымды құру ұсынылады. Бұл мәселені шешу кезінде ұйымның, мүмкіндігінше, ең ұзақ тіршілік етуін, оның өнімді сатып өткізу нарықтарыдағы тұрақты жағдайын және кәсіпорынның қолайлы қаржылық жағдайын қамтамасыз ету керек. Бұндай мақсаттарға қол жеткізу келесі салаларда рационалды саясатты жасап шығару есебінен қамтамасыз етіледі:

  • шығарылатын өнімнің ассортименті;

  • өнім өндірісінің ауқымдары;

  • өнімді нарықтарда сатып өткізу;

  • шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.

Тұжырымдамалық жобалау барысында студенттер есептеулердің екі блогын орындайды:

  1. өндіріс объекттерін таңдап алу және өнім өндірісінің ауқымдарын негіздеу;

  2. шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын таңдап алу.

Жобаны орындау кезінде студенттер басқарушылық шешімдерді негіздеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгереді:

  • бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдісі;

  • сарапшылық бағалар әдістері;

  • БКТ матрицасының әдісі (портфолио-талдау әдісі);

  • залалсыздық (безубыточность) нүктесін есептеу әдісі.

Жобаны орындауға қажетті бастапқы ақпарат барлық нұсқалар үшін ортақ мәліметтерді, сонымен қатар, семестрдің басында оқытушы студенттерге беретін нұсқалар бойынша бастапқы деректерін құрайды.

Жобаны орындау әдістемесі:

Жобаны орындау есептеулердің екі блогы бойынша сатылап орындалады: 1. өндіріс объекттерін және ауқымдарын таңдап алу, 2. ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын (ҰҚН) таңдап алу.

Бірінші блокта кәсіпорын шығаратын бұйымдардың нақты бір түрлерін таңдау мақсатымен өткізу нарықтары мен өндірістің мүмкін болатын объекттерінің маркетингтік зерттеулері жүргізіледі, өткізу нарықтары және бұйымдардың бағалары бойынша бұйымдардың сатып өткізу көлемдерін негізделуі жүргізіледі, кәсіпорынның жылдық өндірістік бағдарламасы қалыптастырылады.

Екінші блокта ҰҚН таңдау критерийлерінің маңыздылығы анықталады, таңдаудың әрбір критерийі бойынша қарастырылатын ҰҚН-ның маңыздылығы бағаланады, қарастырылатын ҰҚН-ның жиынтық бағалануы есептелінеді.

Жобаны орындау әдістемесінің бөлшектенген сипаттамасы 11 нег. [412-428] жұмысында келтірілген.

Жобаның рәсімденуі мен презентациялануына қойылатын талаптар.

Жоба келесідей элементтер мен бөлімдерді құрауы тиіс: алғы парағы; мазмұны; жұмыстыңмақсаты келтірілген, орындалатын есептеулердің негізгі сатыларына сипаттама берілген кіріспесі; тұжырымдамалық жобалаудың сатылары бойынша барлық есептеулері келтірілген бөлімдер мен бөлімшелерден тұратын негізгі бөлігі; орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша қысқа қорытулары бар қорытынды; библиография (пайдаланылған көздердің тізімі); жобаның негізгі бөлігін орындау кезінде пайдаланылған көмекші материалды құрайтын қосымшалар.

Жоба мәтіндік құжаттарды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес рәсімденуі тиіс.

Орындалған жұмысқа атқарушы, кафедраның норма бақылаушысы қол қойып, орнатылған мерзімнен кеш қалмай оқытушыға тексеріске беріледі.

ә) Реферат тақырыптары:

  1. Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың экономикалық механизмдері.

  2. Фирманың экономикалық стратегиясы.

  3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің мәселелері.

  4. Ұйымдастырушылық мәдениет.

  5. Кәсіпорынның инветициялық қызметін басқару.

  6. Тәуекелдік-менеджмент.

  7. Коммерциялық қызметтегі стратегиялық талдау.

  8. Өнеркәсіптік кәсіпорынды маркетингтік басқару.

  9. Басқару мен мәдениет.

  10. Кәсіпорынды қаржылық басқару.

  11. Жобаларды басқару.

  12. Бизнестің қайта құрылымдандырылуы.

  13. Ресурстарды сақтаудың стратегиясы.

  14. Өндірісті жедел басқару.

  15. Экологиялық менеджмент.

  16. Инновациялар мен инновациялық қызмет.

  17. Сапаны басқару.

  18. Шығындарды басқару.

  19. Басқарушылық консалтинг.

  20. Менеджменттің өткен шағы, бүгінгі күні және болашағы.

  21. Корпоративтік менеджмент.

  22. Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.

  23. Аймақтық басқару.

  24. Қазіргі заманғы мегаполисті басқару.

  25. Әлеуметтік басқару.

Ұсынылатын әдебиет: 1 нег.-17 нег., 1 қос.-23 қос.