Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЗУиКР 5В090700.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.57 Mб
Скачать

2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтарының жоспары

Тәжірибелік сабақ №1: Менеджментке кіріспе.

Оқу курсының мақсаттары мен мәселелері. Оқыту объектісі, заты және әдісі. Басқарудың қоғамдағы рөлі мен орны. Басқаруды оқытуға қатынастар: дәстүрлі, жүйелік және ахуалдық. Тәжірибелік жаттығу – XXI ғасырда ұйымды басқару. Үй тапсырмасы: «Менің арманымның ұйымы».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №1, 2 дәрістердің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [3-27, 35-58], 2 нег. [19-35, 133-166], 3 нег. [9-31], 5 нег. [83-85].

Қосымша әдебиет: 3 қос. [9-30], 4 қос. [76-80], 5 қос. [9-13], 6 қос. [21-25], 7 қос. [77-86].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы қоғамда басқару қандай рөлді атқарады?

  2. Менеджментті зерделеуге қандай қатынастар бар және олардың мәні неде?

  3. XXI ғасырда ұйымды басқару, сіздің ойынызша, қалай жүзеге асырылуы тиіс?

  4. Сіздің арманыңыздың ұйымын сипаттап беріңіз.

Тәжірибелік сабақ №2: Басқарушылық шешімді қабылдау.

Басқарушылық шешімнің табиғаты мен сипаттамасы. Шешімдерді қабылдаудың үрдісі, үлгілері және әдістері. Тәжірибелік жаттығу – Басқарушылық шешімді қабылдау. Үй тапсырмасы: «Шешімді қабылдау үлгісі».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №2 дәрістің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [248-257], 2 нег. [217-247], 3 нег. [182-206], 5 нег. [158-162].

Қосымша әдебиет: 3 қос. [9-30].

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқарушылық шешім дегеніміз не және оның басқарушылық қызметтегі атқаратын рөлі қандай?

  2. Шешімді қабылдау циклі дегеніміз не және оның қандай сатыларын білесіз?

  3. Шешімді қабылдау технологиясы қандай сұрақтарға жауап береді?

  4. Шешімдерді қабылдау үлгісі мен әдістері дегеніміз не?

  5. Басқарушылық шешімдер қалай бағаланады?

  6. Басқарушылық шешімдерді қабылдау тәуекелдігі қалай ескеріледі және бағаланады?

Тәжірибелік сабақ №3: Ұйым мақсаттарын орнату.

Ұйым миссиясы мен мақсаттары. Жеке және топтық мақсаттарды орнату. Мақсаттар бойынша басқару. Персоналдың басқаруға қатысуы. Тәжірибелік жаттығу – Оқу тобының мақсаттарын орнату. Үй тапсырмасы: «Басқаруға қатысу».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №3-6 дәрістердің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [302-316], 5 нег. [114-117].

Қосымша әдебиет: 3 қос. [9-30].

Бақылау сұрақтары:

  1. «Миссия», «мақсат» және «мақсатты жобалау (целеполагание)» түсініктеріне анықтама беріңіз.

  2. Мақсаттар бойынша басқару қалай жүзеге асады?

  3. Жеке және топтық мақсаттар қалай қалыптасады?

  4. Өзіңіздің жеке мақсаттарыңызды және сіздің оқу тобыңыздың мақсаттарын қалыптастырыңыз.

  5. Сіз өзіңіздің болашақ кәсіби қызметіңіздегі басқаруға қатысуыңызды қалайша көресіз?

Тәжірибелік сабақ №4: «Бизнес-жоспар» іскерлік ойыны.

Бизнес-жоспарды жасап шығару мен рәсімдеудің тәжірибелік дағдыларына ие болу. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері бойынша шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдау. Үй тапсырмасы: «Фирма қызметінің бизнес-жоспары».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №7, 8 дәрістердің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [497-501].

Қосымша әдебиет: 19 қос. [69-76, 116-119].

Бақылау сұрақтары:

  1. Бизнес-жоспарлаудың мәні мен негізгі сатылары туралы айтып беріңіз.

  2. Оқытушының тапсырмасы бойынша бизнес-жоспар бөлімдерінің біреуісін жасап шығарыңыз.

  3. Бизнес-жоспардың таңдап алынған бөлімі бойынша қысқа хабарландыруды дайындап беріңіз.

Тәжірибелік сабақ №5: Ұйымды жобалау.

Ұйымның жобалануына ықпал ететін факторлар. Ұйымды жобалау элементтері. Ұйымдардың түрлері мен олардың құрылымдары. Тәжірибелік жаттығу – Ұйымды жобалау факторлары. Үй тапсырмасы: «Ұйымдастырушылық құрылымның сұлбасы».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №9 дәрістің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [107-126], 2 нег. [67-92], 5 нег. [142-146].

Қосымша әдебиет: 3 қос. [9-30].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұйымды жобалау барысында қандай факторларды ескеру керек?

  2. Ұйымдардың қандай түрлерін және оларды басқарудың қандай құрылымдарын білесіз?

  3. Ұйымды басқару құрылымының сұлбасын жасап шығарыңыз.

Тәжірибелік сабақ №6: «Фирма стратегиясы» іскерлік ойыны.

Фирманың стратегиясын негіздеу және фирма жұмысының стратегиялық жоспарларын жасап шығару кезіндегі фирма басшылары жұмысының тәжірибелік дағдыларына ие болу. Фирма басшылығы үшін бастапқы деректер мен ұсыныстарды дайындау. Стратегиялық шешімдерді талқылау және қабылдау. Үй тапсырмасы: «Фирма қызметін стратегиялық жоспарлау».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №10 дәрістің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [494-497], 2 нег. [93-96], 5 нег. [118-135].

Қосымша әдебиет: 1 қос. [6-109].

Бақылау сұрақтары:

  1. Стратегиялық жоспарлау не үшін қажет және оның мәні неде?

  2. Стратегиялық жоспарлау барысында басқарушылық қызметтің қандай түрлері орындалады?

  3. Таңдалынған стратегияның тиімділігі қалай бағаланады?

  4. Фирма стратегиясының және стратегиялық жоспарының негізделуі бойынша өзіңіздің ұсыныстарыңызды және есептеулеріңізді дайындаңыз.

Тәжірибелік сабақ №7: «Бақылау» іскерлік ойыны.

Объекттері, түрлері және сатылары бойынша бақылауды ұйымдастырудағы тәжірибелік дағдыларына ие болу. Өндіріс көлемдерін кеңейту, пайдалылықты (рентабельділікті) өсірту және запастарды қысқарту бойынша шешімдерді жасап шығару, талқылау және қабылдау. Үй тапсырмасы: «Менеджменттегі бақылау».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №11 дәрістің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [491-494], 2 нег. [62-65], 8 нег. [215-275].

Қосымша әдебиет: 1 қос. [6-109], 16 қос. [75-82].

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқарушылық бақылау дегеніміз не және ол не үшін қажет?

  2. Басқарушылық бақылауға қандай талаптар қойылады?

  3. Басқарушылық бақылау қандай сатылардан тұрады және олардың мәні неде?

  4. Ұйымдағы бақылау қойылымына өзіңіздің көзқарасыңызды сипаттап беріңіз.

Тәжірибелік сабақ №8: Ұйымдағы жетекшілік.

Жетекшілік теориясының және тұжырымдамасының негіздері. Нақты ахуалдарды қарастыру. Тәжірибелік жаттығу. Үй тапсырмасы: «Мен білетін жетекші».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №12, 13 дәрістердің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [202-219], 2 нег. [296-302], 5 нег. [184-191].

Қосымша әдебиет: 1 қос. [164-250].

Бақылау сұрақтары:

  1. Жетекшілік дегеніміз не және оның басқарудағы рөлі қандай?

  2. Жетекшілік пен билік бір-бірімен қалайша әсерлеседі?

  3. Жетекшіліктің қандай теориялары мен тұжырымдамаларын білесіз? Олардың мәні неде?

  4. Өзіңіз білетін жетекшілердің біреуін сипаттап беріңіз.

Тәжірибелік сабақ №9: Ұйым персоналы қызметін ынталандыру.

Ынталандыру теориясының негіздері және үрдісі. Ынталандыру жүйелері. Нақты ахуалдарды қарастыру. Тәжірибелік жаттығу. Үй тапсырмасы: «Тілектер парағы».

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген сабаққа дайындалған кезде №14 дәрістің материалдары мен ұсынылатын әдебиетті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: 1 нег. [282-308], 2 нег. [57-61], 5 нег. [108-113], 8 нег. [360-387].

Қосымша әдебиет: 1 қос. [164-250].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ынталандыру дегеніміз не және оның басқарудағы рөлі қандай?

  2. Ынталандырудың қандай теорияларын білесіз және олардың мәні неде?

  3. Өз «Тілектер парағыңызды» жасап шығарыңыз.