Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_1.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Оқшаулағыштар

Айырғыштарды мынадай түрлерге бөледі: тірек болатын, өткелдік және аспалы. Айырғыштар олардың орнатылған ауданындағы тағайындалуына және нақтылы көрсетілген кернеуіне, сондай-ақ ауаның ластануына сәйкес, олардың электрлік және механикалық сипаттамаларын анықтайтын бірқатар талаптарға жауап беруге тиісті. Электрлік сипаттамаларға мыналар жатады: нақтылы көрсетілген кернеу, тесіп өтетін кернеу, өнеркәсіптік жиіліктің құрғақ күйдегі және жауын астындағы ажыратылатын және ұзақ уақыт тұратын кернеулер, екі жағының да полюстері бар импульстық 50%-дық ажыратылатын кернеулер. Айырғыштың басына білікке перпендикуляр бағытта қосылған ең төменгі қиратушы әлеует Н, сондай-ақ айырғыш басына білікке перпендикуляр бағытта қосылған күштің бастың тігінен ауытқуына деген қатынасы немесе қаттылығы Н/мм негізгі механикалық сипаттама болып табылады.

Тіреуіш айырғыштардың қаттылығы олардың құрылысы мен нақтылы көрсетілген кернеуіне байланысты. Қоса алғанда 35 кВ-қа дейінгі кернеуге арналған айырғыштардың биіктігі салыстырмалы түрде аз болғандықтан қаттылығы өте жоғары болады. Анағұрлым жоғары кернеулерге арналған айырғыштардың биіктіктері үлкен және қаттылықтары аз болады. Ол оның құрылысына байланысты ПО кВ 150-200 Н/мм және 220 кВ айырғыштары үшін 300-ден 2000 Н/мм-ге дейінгі көрсеткішті құрайды. Бұл КЗ кезінде айырғыштардың бастары электромагниттік күштердің өткізгіштерге тигізген әсерінен өзінің қалыпты тәртібінен айтарлықтай ауытқиды деген сөз. Алайда айырғыштар олардың басына түсірілген әлеуеті төменгі қиратушы әлеуеттен аспайтын болса бұзылмайды.

Тіреуіш оқшаулағыштар жерге жалғанған металл немесе бетон құрылғылардағы шиналарды немесе аппараттардың ток өткізгіш бөліктерін айыру және бекіту үшін, сондай-ақ бағаналардағы әуе сымдарының өткізгіштерін бекіту үшін арналған. Оларды өзекті (стерженьді) және қазықтық деп бөлуге болады.

ИО серияларын ішкі орнату үшін қажетті өзекті тіреуіш айырғыштарын 6-дан 35 кВ-қа дейінгі нақтылы көрсетілген кернеу үшін жасап дайындайды. Олардың бір шағын қабырғасы бар фарфордан жасалған конус түріндегі тұрпаты бар. Төменгі және жоғарғы жағынан айырғышты негізгі тұғырға және өткізгішті айырғышқа бекіту үшін қажет металл бөлшектер (армировка) қарастырылған. Фарфор дененің биіктігі нақтылы көрсетілген кернеумен анықталады. Дененің диаметрі мен металл бөлшектердің түрі ең төменгі қиратушы әлеуетпен анықталады: соңғысы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым негізгі тұғырдағы айырғыш мықты етіліп орнатылуға тиісті. Айтарлықтай механикалық әлеуетке есептелген айырғыштардың төменгі жағында болттарға арналған тесіктері бар төртбұрыш фланецтері бар, ал жоғарғы жағында – шинаны ұстап тұрушы мен өткізгішті бекіту үшін қажет ойылған тесіктері бар металл қалпақтары бар. Арматураның бөлшектері айырғыштың денесін қапсыра орап тұрады және фарформен цемент қоспасы арқылы жалғанған.

12 сурет. Төртбұрыш фланеці мен 13 сурет. ИОС 110 кВ

қалпағы бар ИО 10 к В сериялы сериясын сыртқа орнатуға

ішке орнатуға арналған тіреуіш өзекті айырғыштары

14 сурет. 245 кВ көпэлементті 15 сурет. ОНШ 35 кВ сериясын тіреуіш айырғышы (мультикон) сыртқа орнатуға арналған

тіреуіш қазықты айырғыш