Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_1.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Майлы ажыратқыштар

Майлы ажыратқыштар өткен жүзжылдықтың аяғына таман пайда болған және шамамен 1930 жылға дейін жоғары кернеулі желілерді өшіру аппаратының жалғыз ғана түрі болып табылған. Майлы өшіргіштерді екі түрге бөледі – үлкен ыдысты және аз майлы. Бұл өшіргіштердегі доғалық аралықты деионизациялау әдісі біртекті. Айырмашылығы тек қана байланыс жүйесінің жерге жалғанған негізден айырылуында және май мөлшерінде ғана болып отыр.

Үлкен ыдысты ажыратқыштар. Ажыратқыштардың бұл түрінде полюстердің доғаны өшіруге арналған құрылғылары ішіне газогенерация жасаушы зат ретінде және байланыс жүйесін жерге жалғанған үлкен ыдыстан айыру үшін пайдаланылатын май толтырылған, жерге жалғанған үлкен ыдысқа орналастырылған. Төмеде мысал ретінде “Уралэлектротяжмаш” өндірістік бірлестігі шығарған нақтылы көрсетілген кернеуі 220 кВ және нақтылы көрсетілген өшіру тогі 40 кА болатын У – 220-40 түріндегі өшіргіштің суреттемесі келтірілген (23 сурет).

Сыртқа орнатуға арнатқышлған ажыратқыш. Әрбір полюске өтпелі айырғыштар 2 мен ток трансформаторларын 3 орнату үшін икемдендірілген кеңейетін жоғарғы бөлігі бар цилиндр формасындағы ерекше үлкен ыдыс 1 сәйкес келеді. Үлкен ыдыстың ішкі бетіне айырғыш материал 4 төселген. Айырғыштардың төменгі фланецтеріне шунтирлеуші резисторлары 6 бар доғаөшіргіш камералар 5 орнатылған. Қозғалмалы байланыстар айырушы штанганың және тетіктер жүйесімен 9 қозғалысқа келтірілетін траверсаға 7 бекітілген. “Қосулы тұр” тәртібінде тұрған траверса 7 жоғарғы қалыпта болады, байланыстар ажыратылған, өшіргіш механизмі құлыптаулы. Өшіру процессінде қозғалмалы жүйе босатылады және өшіргіш серіппелердің әсерімен төмен қарай жылжиды. Байланыстар ажыратылады және доға өшіріледі. “Өшіп тұр” тәртібінде байланыс траверсасы төменде үлкен ыдыс түбінен сәл жоғары тұрады (пунктирді қара). Бұл жерде қыс кездерінде майды қыздыру үшін қажет құрылғы 10 орналасқан.

Үлкен ыдыстар майға толтырылған. Қақпақтардың астында күшті газ түзілген кезде газдармен бірге газ өткізгіш құбыр арқылы сыртқа шығарылатын аздаған ауа көлемі (“Ауа жастығы”) қалады (суретте көрсетілмеген). Өшіргіш камералардың үстіндегі май қабаты өшіру барысында пайда болатын газдардың қақпақ астындағы ауамен араласып өрт шығып кетпес үшін салқындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуға тиісті. Өшіргіштің доға өшіргіш құрылғысы 24 суретте көрсетілген. Цилиндрде 1 ажыратқыш материалдан көлденеңінен май үрлейтін тізбекті түрде жалғанған екі камера бекітілген (2 және 3). Бұл камералардың қозғалмалы және қозғалмайтын байланыстары сәйкесінше 4, 5 және 6, 7-де көрсетілген. Өшіргішті қосқан кезде екі цилиндрлі байланыстары бар қозғалмалы траверса (суретте көрсетілмеген) көтеріледі және сауытқа жанаса кіргізіледі. Оның ары қарай қозғалуы кезінде 5 және 7 қозғалмалы байланыстары көтеріледі және 4 пен 6 қозғалмайтын байланыстарымен қосылады. Өшіргіш механизмі бекітіледі.

23 Сурет. У-220-40 түріндегі үш

ыдысты майлы ажыратқыштың полюсі

Өшіргіш өшкен кезде қозғалмалы траверса 5 және 7 байланыстарымен бірге төмен түседі және айырылған жерлерде тиісті камераларда өшірілетін доғалар пайда болады. Қозғалмалы байланыстардың төмен қарай жүруіне 8 серіппе ықпал болады. 23 суретте көрсетілген шунтирлеуші резисторлар өшіруші құрылғылардың арасындағы кернеудің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

ҚТ тогы өшірілген кезде өшіруші құрылғылардан шығарылатын газдар, олардың астында орналасқан май қабатына үлкен кинетикалық энергияны береді. Май үлкен ыдыстың қақпағына барып соғылады. Майдың жылдамдығы соғылған кезде 10-20 м/с-қа, ал жоғары қарай бағытталған күш 150кН-ға дейін жетеді. Майдың ары қарай құлауы кезінде 300 кН-ды құрайтын төмен қарай бағытталған күш пайда болады. Ол күшті негізгі тұғыр қабылдап алады.

Өшіргіштің (үш полюсті) майсыз салмағы 28 тоннаны, ал майдың салмағы 27 тоннаны құрайды. Өшіргіш биіктігі жердің бетінен 0,5-0,8 метр болатын бетон тұғырға орнатылады. Қорғалмаған ток өткізуші бөліктері қол жетпейтін биіктікте болады және құрылғыға қызмет көрсететін адамдар үшін қауіп тудырмайды. Үш полюс жалпы электромагниттік немесе пневматикалық қозғалыспен басқарылады.

Үлкен ыдысты майлы өшіргіштерді дайындап жасау өте қарапайым. Олардың құны салыстырмалы түрдежоғары емес. Орналастырылған трансформаторларының болуы олардың артықшылықтары болып табылады. Доғаөшіруші құрылғылардың жетілдірілуіне байланысты қопарылыс және өрт қауіптері іс жүзінде жойылған. Алайда майдың үлкен көлемі байланыс жүйесіне баруды қиындатады және жөндеуге кететін уақытты ұзартады. Мұндай өшіргіштерге арналған іргетастар біршама динамикалық әлеуеттерге есептелінген болуға тиісті. Өшіргіштің өшіру уақыты 4 кезеңнен тұрады.

Құрылысы осыған ұқсас өшіргіштерді (бірақ көлемдері кіші) сондай-ақ 110 және 35 кВ болатын нақтылы көрсетілген кернеулер үшін құрастырып жасайды.