Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_1.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.14 Mб
Скачать

26 Сурет. Электромагнитті ажыратқыштың сөндіру камерасы

27 Сурет. Вэм-10э-100/12,5уз түріндегі электромагнитті ажыратқыш

Отандық заводтар ВЭМ сериялы 6,9 кВ кернеу кезіндегі 40 кА-ге дейінгі нақтылы көрсетілген өшіргіш тогі бар және 11,5 кВ кернеу кезіндегі 20 кА-ге дейінгі электромагнитті өшіргіштерді жасап шығарады (27 сурет). Олар қуатты электростанциялардың жеке мұқтаждық жүйелерінде, сондай-ақ қосудың және ажыратудың жиі операцияларын қажет ететін өнеркәсіптік қондырғыларда қолданыс тапты. Олардың құны айтарлықтай жоғары.

Ажыратқыштарды басқару

Өшіруге, ажыратуға байланысты операциялар аралық түрде оператормен немесе қозғалтқыш құрылғылардың немесе қозғалтқыштардың көмегі арқылы тиісті автоматты құрылғылармен жүзеге асырылады. Олар ауалық ажыратқыштардан басқа барлық ажыратқыштарда мынадай бөліктерден тұрады: “қосулы тұр” тәртібінде басылып тұратын өшіруші серіппеден; “қосулы тұр” тәртібінде ажыратқыштардың қозғалмалы бөлігін бекітетін құрылғыдан; өшіргіштің қозғалмалы бөлігін өшіру кезінде босататын құрылғыдан; электромагнитті, пневматикалық поршеньді құрылғыны, басылған серіппелерді пайдаланатын қосу жұмысын орындайтын қозғалтқыштан; қозғалтқышты жылжымалы байланыстармен байланыстыратын өткізгіш механизмнен.

Ауалы ажыратқыштардың қозғалтқыштары өшіруші серіппелерінің жоқтығымен, өткізгіш механизмі мен қозғалтқышының және т.б құрылысымен еркшеленеді.

Ажыратқышты басқару үшін қажетті энергияның көзі ретінде электрлік жүйе болып табылады. Алайда энергия жүйеден тікелей қозғалтқышқа бармайды, ол алдын-ала қандай да бір тұрге түрленеді және шоғырланады, мысалы электромагнитті қозғалтқыштар үшін қажетті жинақтаушы батареяларда, пневматикалық қозғалтқыштар үшін қажетті сығылған ауаның ресиверлерінде, серіппелі қозғалтқыштардағы басылған серіппелерде. Кез-келген түрдегі энергияның жинақтаушылары жүйенің қарастырылып отырған бөлігінде энергия тапшы болған кезде апаттық жағдайлардағы қозғалтқыштардың жұмысын қамтамасыз етеді.

Қозғалтқыштар келесі талаптарға жауап беруге тиісті:

Олар пайдалану кезінде ерекше сенімді болуға тиісті; қозғалтқыштың апталар мен айлар бойы жұмыс істемей тұруы мүмкін және жаңа ғана жасалған жөндеу жұмысы мен сынақтардан кейінгі сияқты өшіруге бұйрық берілген кезде де жақсы жұмыс істеп кетуі тиіс; қосу, ажырату, көп мәрте қайталап қосу операциялары ең аз уақыттың ішінде өтуге тиісті;

бекеттің, кіші бекеттің жұмысының уақытша бұзылуы кезінде және жүйенің қарастырылып отырған бөлігінде энергия тапшы болған жағдайда өшіргіштің қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиісті.

Ажыратқыштың қозғалмалы бөлігін босататын құрылғы. Жоғарыда көрсетілгендей, “қосулы тұр” тәртібінде өшіргіш механизмі бекітулі; ажыратушы серіппелер басулы. Өшіргішті ажырату үшін, механизмнің жылжымалы жүйесін шағын электромагниттің көмегімен босату қажет. Осы кезде ажыратушы және басқа да серіппелер жұмыс істей бастайды және байланыс жүйесіне қажетті жылдамдықты береді. Өшіргіш құрылғы өшіргіштің кедергісіз өшу мүмкіндігін ”қосулы тұр” тәртібінен ғана емес, сонымен қатар қозғалтқыш қосулы түрде жұмыс істеп тұрған қосылудың аяқталмаған процессінің кез-келген кезеңінде қамтамасыз етіге тиісті. Бұл талап КЗ-ға қосылу мүмкіндігі бар әуе сымдарының автоматты түрде қайта қосылуының белгіленген тәжірибесімен байланысты. Бұл жағдайда жылдам әсер етуші релелік қорғаныс қосу операциясы аяқталғанға дейін ажыратуға бұйрық береді. Қозғалтқыштың жылжымалы мүшесі өшіргіштің көп кешікпей өшуіне кедергі жасамауға тиіс.