Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_1.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.14 Mб
Скачать

2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі

1 Дәріс конспектісі.

Дәріс тақырыбы: Электр станциялары және энергетикалық жүйе – электр энергиясын тұтыту, энергия сапасына эәне электрмен қамтамсыздандыруға қойылатын талаптар. Тарату қондырғыларының электр жабдықтары.

Электр энергиясын тұтынушыларды келесі негізгі топтарға бөледі: 1) өндіріс кәсіпорындары; 2) құрылыс; 3) электрификацияланған транспорт; 4) ауыл шаруашылығы; 5) тұрмыстық тұтынушылар және қала мен ауылды қамтамасыздандыру; 6) Электр станцияларының жеке мұқтаждықтары. Электр энергиясын тұтынушылар болып асинхронды электр қозғалтқыштары, электр пештері, электротермиялық, электролизді және пісіру қондырғылары, жарыұтандыру және тұрмыстыұ приборлар, кондиционды және тоңазтұыш қондырғылары, радио және телеқондырғылары, арнайы тағайындалған медициналық және басұа қондырғылар. Бұдан басқа электр торабтарында электр энергиясын тарату және берумен байланысқан электр энергиясының технологиялық шығыны да жатады.

Электр энергиясын тарату режимі

Жеке өндірістермен, қалалармен ауыл тұтынушыларымен электр энергиясын тұтыну тәулік және жыл ішінде бір қалыпты емес, себебі өндірістер бірдей емес жуктелумен бір, екі және үш сменада жұмыс істейді, сменалар арасында үзілістер болады, жазғы уақытта жұмыс режимі өзгереді, мерекелік күндер, сондай-ақ сыртқы факторлар: тәуліктің жарық бөлігінің ұзақтығы, ауа температурасы және т.б. Қысқы уақытта, таңғы және кешкі сағаттарда өсетін, күндіз және түнде, жазғы уақытта төмендейтін шамдар жүктемесі едәуір бірқалыпсыздық енгізеді.

Электр энергиясын тұтыну режимі жүктеме графигімен көрсетілуі мүмкін – активті, реактивті немесе толық қуаттың уақыттан тәуелділігі. Аптаның әртүрлі күндері үшін және жылдың әртүрлі кезеңдері үшін тәуліктік графигі болады (қыс, жаз, көктем, күз), сондай-ақ жылдық графиктер.

Мысал ретінде қосалқы станцияның 1 суретте тәуліктік графигі келтірілген: көбнесе жарықтандыру жүктемесі бар (1., а сурет); екі сменада істейтін жеңіл өнеркәсіп өндірісі (1., б сурет); үш сменада жұмыс істейтін мұнай өндіру зауыты (1., в сурет). Тәуліктік графиктерге тән шамалар болып: Характерными величинами суточ­ного графика являются нагрузки: Рmax максимум, Рmin минимум, Рcp орташаа сондай-ақ жүктеменің бірдей емес коэффициенті Kнр = Рminmах.

Қысқы, көктем-күз және жаз күндері үшін жылдық графиктерді (1 сурет) тәуліктік графиктер сипаты бойынша құрады. Осы кезде ордината бойынша ұуатты, абсцисса өсі бойынша 0 ден 8760 сағ. дейін олардың мәні бойынша орналастырады. Графиктердің осындай құрылуы кезінде Р1 ординатасына сәйкес келетін t1 абсциссасы, жүктеме бірге тең немесе Р1 асатын мерзімді, уақытты сағатта көрсетеді. Мұндай графиктерді ұзақтығы бойынша құралған графиктер деп атиалады. Жылдық график ауданы жыл ішінде тұтынылған W электр энергиясы масштабына сәйкес келеді. W/Рmахmах қатынасын максимум жүктемені қолдану ұзақтығы деп атайды, сағ/жыл.

1 Сурет. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік графигі:

а - көбнесе жарықтандыру жүктемесі бар; б - екі сменада істейтін жеңіл өнеркәсіп өндірісі; в - үш сменада жұмыс істейтін мұнай өндіру зауыты

Әртүрлі өндіріс салаларының, қалалардың, ауылдың электр жүктемесінің графигі болатын масимум жүктемені, электр энергиясын тұтынудың режимі мен өлшемін болжауды мүмкін етеді және жүйе дамуын жобалауды негіздеуді мүмкін етеді. Тұтынушылардың жүктеме графигі бірқалыпты болған сайын, электр энергиясының да жүктеме графигі бірқалыпты болады, сонымен электр станциясының үнемді жұмыс істеуін қамтамасыздандыру жеңіл.