Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

40 Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз

Темперамент пен мінездің айырмашылықтары.  Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады. К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.

  1. Мінездің қалыптасуына әсер ететін заңдылықтарын дәлелдеңіз

Мінез — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен — мамандыққа, адамға ж/е өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы. Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне ж/е ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi.Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi ж/е оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яки бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп ж/е белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады ж/е өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады д.а. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық ж/е обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

1.Мiнездiң еңбекке байланысты қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық, еңбекке жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық. 2.ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк, талапқойғыштық, асқақтық,менсiнбеушiлiк. 3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк. 4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы. Мұндай ерекшелiктер адамның азаматтық қасиеттерiн көрсететiн негiзгi ж/е өзектi сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы ж/е әлеуметтiк типтiк ерекшелiктерi. Ал, мiнез құрылымының ерекшелiктерiне мыналар жатады: 1.Мiнездiң тереңдiгi- адамның қоғам тарапына орай көпшiлiкке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын бiлдiредi. 2.Адамның жеке басының ерекшелiгi, белсендiлiгi- мiнездiң күшi. Осыған орай, адам мықты, жақсы, тұрақты ж/е нашар мiнездi болып келедi. 3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң ерекше мәнi бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк көрсетiп,мiнездiң күшiн аңғартады.

 

        

  1. Мінездің  тұлғалық  ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.

Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.

Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.

Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.

Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.

Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан

  1. Темперамент пен мінездің  айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз

Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі. Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады. К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.

анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

  1. Мінез туралы Кречмер мен Шелдонның теориясын сыни бағалаңыз

Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі, ол әлеуметтік топтағы адамдардың жүктелген ісін орындауда, адам аралық қарым-қатынасында көрініп отырады. Мінез ерекшеліктері адамның даралық, өзіндік психологиялық қасиеттері.

Бөгде  адамның  тұлғалық  дəрежесi  жөнiнде  бiз  оның  дене  құрылымы,

психологиялық  жəне  қылықəрекеттiк  белгiлерi  бойынша  топшылаймыз.  Бұл  белгiлер адамның  сырт  көрiнiсiнен,  киiмiнен,  əрекетқылығынан,       сөзiнен,  бет  əлпетi  мен  ым-ишарасынан  байқалады.  Адамның  сыртқы

көрiнiсi  мен  психологиялық  бейнесi арасында тiкелей  де  толық                 байланысты  болмағанымен,  бұлардың  екеуi  қандай  да  өзара  ықпалды      қатынаста.  Əрқандай  адам  жөнiндегi  бiздiң  бiрiншi  паймдауымыз  осы      сырт  келбет  пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелденақ       адаммiнезi мен дене құрылысының өзара  байланысты  екенiн                дəлелдеген    (Э.  Кречмер,  У.  Шелдон  т.б.).  Дене құрылымы  ерекше         бiтiске  ие  болған  адамдар,  мiнезi  жағынан  да  өзара  ұқсамас.  Осы тұрғыдан  барша  адамдар  үш  типке  жатады:  астеник,  пикник,  атлетик.            Пикник  типтес адамдар көңiлдi,  үйiршең,  əңгiмешiл,  əрқандай  қиыншылыққа  жасымайды;  астеник адамдар  көбiне  тұйық,  оңашаланғанды  ұнатады,  ұдайы  ойға  шомып  жүредi;  ал атлетиктер   ұстамсыз, дүлей келедi.

Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi.     Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен əуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары  мен  жеделдiгiне  орай  жеке  адамның  ерекшелiктерiн  байқаймыз.  Адамның сөйлеу мəнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқу-тəрбие барысында пайда болады.

Кейбiр  қатынастарға  байланысты  адамдардың  психологиялық  бейнесi    тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама  өзгерiссiз  сақталады.  Осыдан  бiз  адамды  көпшiлiк  iшiнде  ажырата  бiлемiз.  Жəне  бiр тұрақты  сақталатын  қасиеттер — адам  мiнезi,  қылықəрекетi  мен  əдеттерi.  Осылар бойынша  санамызда    жасалған  образдар  арқылы  бiз  көп  заманнан  ажырасқан адамымызды      танимыз.Кейде  кездейсоқ  ұшырасқан  адамымыз  көптен  таныс  сияқты     болып  көрiнедi.  Ал тiлдесе  келе,  оның  əрекетқылығына  мəн  бере,  тiптi  басқа  бiреу  екенiне  көз  жеткiземiз. Кейде,  керiсiнше,  алғашқыда  танымасақ  та,  адамнң  мiнез  бiтiстерiнен,  əрекетқылығынан  бұрыннан  бiзге  таныс  белгiлердi  байқап,  жақындасуға  тырыыз.  Осыдан, бiздiң  санамызда  бекiген  адам  бейнесiнде  үлкен  рөл  ойнайтынмiнез  бiтiстерi,  екiншi орында — адамның сырт көрiнiстерi.

Уақыт  ағымына  берiлмей,  ұзақ  мерзiм  сақталатын  белгiлердамның қажетсiнулерi,  əрекетқылық  мотивтерi  мен  қызығулары.  Бұлар  бойынша  бiз  адамды тануымыз  мүмкiн,  бiрақ  бұл  үшiн  аталған  белгiлер  сол  адамның  сырт  көрiнiсi  мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс.

  1. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация типтерін түсіндіріңіз

Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір ағысымен байланысқан дамуындағы өзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс- тұрысы, оның қандай отбасында өскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас жасайтын ортасына тікелей байланысты. Акцентуацияны зерттеумен П.Б.Ганнушкин, К.Леонгард, А.Е.Личко, Э.Фромм, Э.Шелдон, А.Шострем және т.б айналысты.

Мінез акцентуациясы А.Е.Личко зерттеуі бойынша:жасөспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты. 1) Гипертимді тип-қозғалмалыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді,тынымсыз ортада болуды қалайды. Үлкен адамдармен қақтығыстарға жиі түседі. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш. Елдің алдында өзін көрсеткенді ұнатады,мақтаншақ болып келеді. 2) Циклоидты тип-апатияға бейім, тез қозады,көбіне өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл-күйден тұйық қалыпқа ауысады. Барлық нәрсені жүрегіне жақын алады. 3) Лабильді тип-көңіл-күйі ауа-райы секілді тез өзгереді. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылықтар болмаса да көңіл-күйі төмен болады, көп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.

Адамның индивидуалдылығын анықтайтын қырлар төмендегідей психикалық топтарға топтастырылып беріледі: 1)Мүдделермен бейімділіктердің ортасы 2) Сезімдермен, еріктің бағытталу ортасы; 3)Қауымдастық ақыл ой ортасы.

Жеткіншектер және жасөспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым көрсеткішті болуы және жасөспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті көрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін көрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият көз салу қажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бөлетін нақты сызықты көрсету оңай емес.

Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін.  Барлық акцентуацияларды Личко – адам өсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша өзгерістері ретінде қарастырырады. Бірақ сонда да олардың көбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе өмір бойы сақталып қалады.

Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз болуы мүмкін емес.

А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездемелік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт өте келе оның 80%-ке жуығы дұрысталады, жұмсарады, және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жабық немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты.