Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз

Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана қоймайды, оны сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды әрi өзiнiң қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi. Алайда қажеттi нәтижеге жету үшiн адамға белгiлi бiр күш жұмсауына және кездескен кедергi мен қиындықтарды жеңуiне тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Қазақ тiлiнде ерiк сөзiне синоним ретiнде қайрат, күш-қуат, қажыр, жiгер, ырық сияқты сөздердi пайдаланады.

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты.

 Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеуіш.Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады.Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн. Мәселен, адам мүлтiксiз, өте дұрыс және қажеттi шешiмдер қабылдайды делiк. Алайда, сол шешiмдi орындау үшiн күш-қуатын жинап, жұмылдырмаса, яғни, азды-көптi күш жұмсамаса, онда ол өз мiнез-құлқын игеруде дәрменсiздiк көрсетедi. Бұл жағдайда алға қойған iстi практика жүзiнде орындаудың дұрыс жолы табылғанымен шешiм орындалмай қалды. Оларды жүзеге асыруға ерiк күшi жетпей қалды. Демек, бiр нәрсенi саналы ұғыну дегенiңiз әрекет жасаумен барабар емес. Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда — сезiмнiң әрекет жағы. Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды болады. Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм әрекет, қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады.  Сондай-ақ көңiл-күй мiнез-құлықты ұстамды ету құралы да бола алады. Мәселен, ұят сезiмi жағымсыз қылық жасауға тыйым салғандай болады, одан сақтайды. Кей кезде сезiмге берiлмей әрекет жасау қажеттiгi туады. Мысалы, түнде далаға шығу қорқынышты-ақ, әйтседе адам қорқыныш сезiмiн басып, керектi нәрсенi алып келедi. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн

  1. Адамның еріктік қасиеттері мен  дамуы  жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.

Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.

Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi. Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады.Батылдық — жекее адамның еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.

Ұстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Дербес адам мәселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен, сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады.Дербес адам басқаның көмегiнсiз-ақ проблемалық жайттың бетiн ашады, оны ескере отырып, алдына мақсат қояды. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп отырмайды. Мұның үстiне ол өз көзқарасын, мiндет, мақсат және оны жүзеге асыру жөнiндегi өз түсiнiгiн жалтақсыз дәлелдеп қорғай алады.

Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едәуiр дәрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк сапаларының даралана ұштасуы болып есептеледi.

Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Мәселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнiсiндегi ерiктi әрекеттер бұл кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы әрекеттер кейiн қалыптасады. Алғашқы кездерде баланың тiлектерi тұрақты болмайды, тез бiр-бiрiне алмасып отырады. Тек төрт жасқа қараған шағында баланың тiлегi азды-көптi тұрақты сипат ала бастайды. Баланың еркiн тәрбиелеудi неғұрлым жас кезiнен бастау қажет. “Баланы жастан” деп халық бекер айпаған. Ерiк тәрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор.

 

  1. Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз

Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тәндара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.темперамент өзгермейді.Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесеиндивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға болмайды. Темперамент қасиеттерi жүйке жүйесiнiң, олардың ең жақын физиологиялық негiзiн құрайтын қасиеттерi сияқты тумасынан пайда болады, мұрагерлiк анықталған болады. Жүйке жүйесiнiң кей қатынастарының мұрагерлiк анықталғандығы »егiздер әдiсiнiң» қолданылуынан кейiн анықталды. Егiздерде психофизиологиялық қасиеттердiң ұқсастығы бұл қасиеттердiң мұрагерлiк арқылы пайда болғандығының дәлелi бола алмайды, себебi егiздер арасындағы ұқсастық даму жағдайларының бiрдейлiгiмен түсiндiрiлуi мүмкiн. Бiрақ егiздердiң екi типi болады: Бiр жұмыртқалы (мұрагерлiгi толығымен бiрдей) және әр түрлi жұмыртқалы (мұрагерлiгi ағайындарыныкi секiлдi әр түрлi). Бiржұмыртқалы егiздердi мұрагерлiк анықталған қасиеттерi бойынша ұқсастықтар көбiрек табылғандығы түсiнiктi. Егiздердiң жүйке жүйесi типтерiнiң қасиеттерiнiң ұқсастықтарын арнайы салыстыру мұрагерлiктiң маңызды ролiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Балаларды жүйке жүйесiнiң әлсiз типiнiң белгiлерi ерекшелейдi. Ол тек аз төзiмдiлiктi ғана емес, жоғарырақ сезiмдiлiктi бiлдiредi. Жүйке жүйесiнiң жастық әлсiздiгi балалық шақтарда әсер ету жарқындығына, балалық әсерленгiштiң, қозуға оңай өтудiң, импульсивтiлiктiң негiзi болады.Балалық шаққа эмоционалдық уайымдардың импульсивтiлiгi және олардың тұрақсыздығы тән. Мысалы: жылаудан күлкiге жылдам өту әдеттегi жағдай болады.Темпераменттiң жастық ерекшелiгi болатынын ескермеуге болмайды. Балалық шақтың әр кезiндегi белсендiлiктiң, эмоционалдылықтың, моториканың өзiндiк сфецификасы бар. Бастауыш мектептiк жастағы белсендiлiктiң сипаттарына қызығушылықтың оңай тууы және оның тұрақсыздығы тән. Жыл сайын жүйке жүйелерiнiң мүмкiндiктерiнiң артуы және оның құнды балалық қасиеттерiнiң шектелуi, жоғалуы болады. Жастық ерекшелiктер фонында балалық шақтың алғашқы жылдарында-ақ баланың темпераменттiнiң қай типiне жататындығын көрсететiн динамикалық қасиеттерi бiлiнедi. Бұған байланысты айырмашылықтар бала сөйлей бастағаннан – ақ байқалады. Егер бала қатты, анық, тез сөйлесе, айқын жесттер мимикасы болса, ол сангвиникалық темпераменттiң белгiлерiн бiлдiредi. Егер ол баяуырақ, сабырлы, тепе-тең, кейде тоқтаулармен сөйлеп, жест, мимикасы айқын болмаса бұл флегматикалық темпераменттiң белгiлерiн көрсетедi. Холерикалық темпераменттi асығыс,секiрмелi сөйлеу көрсетедi. Ал, меланхоликалық темпераменттiң белгiлерi тежелген, тыныш, сыбырға дейiн түсетiн сөйлеу. Әрине, темперамент типтерiн анығырақ көрсететiн жағдай қозғалмалылықтың және баланың жалпы белсендiлiгiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi. Бала психикасының динамикалық қасиеттерiнде темперамент типтерiнiң белгiлерiмен қоса темпераменттiң жастық ерекшелiктерi де көрiнедi.

  1. Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестнуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темпераментадамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

 

  1. Ойлауды дамытуға арналған әдістерді сипаттама беріңіз

Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бiр жасар бала әжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. Он бес айлық бала өзi сүйрей алмаған жәшiктiң iшiндегi нәрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады.Тiлдiң шығуы бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi оқу-тәрбие процесi шешушi рөл атқарады. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жекедара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады. Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды.Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісі ең маңызды,әрі нәтижелі әдістердің бірі.Оның мақсаты кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрену.“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіну.Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану» деген. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа  білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі.

  1. Павловтың темперамент туралы теориясын түсіндіріңіз

И.П. Павлов ашқан  нерв  жүйесінің  негізгі  типтері темпераменттердің

физиологиялық  негіздерін  жақсы  түсіндіреді. И.П.Павлов сангвиниктерді – ширақ, нерв  жүйесі  күшті, қозуы  мен  тежелуі  тең,  қозғалғыш   адам; холериктерді – ұстамсыз, нерв  жүйесі  күшті,  қозуы  мен  тежелуінен  басым; флегматиктерді  нерв  жүйесі  күшті,  қозуы  мен  тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы  баяу  адамдар  десе; меланхоликтерді – нерв  жүйесі  әлсіз  типті  адамдар  деп  сипаттады.  И.П.Павлов  осы  айтылған  негізгі  типтерден  басқа  да  аралас, өшпелі   типтердің  кездесетіндігін  айтты.     Соңғы  жылдары  кӛрнекті  орыс психологы  Б.М.Тепловтың (1896-1965) лабораториясында  нерв   жүйесінің  типтері  одан  ары  зерттеле  түсті. Егер, И.П.Павлов ӛзінің  тәжірибесін жануарға жасаған болса, Б.М.Тепловпен  оның  шәкірттері  осындай  экспериментті  адамдарға  жасады. И.П.Павловтың нерв жүйесінің типтері  туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент  ӛкілдері  былайша  сипатталады. Мәселен, нерв жүйесі  күшті,  бірі  екіншісіне  тең  келмейтін  адамдар  кӛбінесе  ұйытқымалы, қимыл қозғалысқа  шапшаң  келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге  ылғи  да  дайын тұратын  күйгелек  адамдар. Істі  бұрқыратып  істегенмен, олардың  кейде қолын  бір сілтеп  сылқ  түсетін  кездері  де  болады.  Бұлар –  холерик  темпераментінің  ӛкілдері.           Сангвиник   темпераментінің  ӛкілі,  Павловтың  айтуынша,  қуатты, тұрлаулы, ширақ  тип  ойнақы,  еті  тірі  бірақ  кез-келген  істі  бастап  тастап  жүре береді. Ол  жұмысқа  қабілетті,  беріліп  істейді, басқа  адамдармен  тез  тіл   табыса  біледі,  ұжым  арасында  өзін  кӛңілді  ұстайды,  былайша  айтқанда,  ақ  кӛңіл,  қызу  істің  адамы. Оның  осал  жері — іс  жоқ  кезде сылбыр күйге  түсіп  кетеді,  енді  бірде  жеңіл   мінезділікке  салынады.

Нерв  қызметі  қасиеттерінің  тұрақсыздығы.  Нерв  қызметінің  типі

адаммен  бірге  туады  және  оның  түгелдей  өзгеріске  ұшырауы  неғайбыл. Дегенмен  И.  П.  Павлов  нерв  қызметі  типтерінің  жекеленген  қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі тежелуінен басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы езінің

тежелу процесі күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен теңестіргені байқалған. Осыдан  И.П. Павлов күшті қозғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу  процесінің  күшін  арттырып,  бір-бірімен  теңестіруге  болады,-  деген

қорытындыға келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз

Темперамент — 25  ғасырдан   берi  ғылыми   ойды  қызықтырған  мəселелердiң  бiрi.

Оған  деген   қызығушылықтың  төркiнi —  адамдар  бойында  болатын   дара  өзгешелiктер.  Əр адамның  жан   дүниесi  өз  алдына  бiр  болмыс .  Оның  қайталанбастығы ,  бiр  жағынан ,  адам тəнiнiң  биологиялық  жəне  физиологиялық  құрылымы   мен   дамуына  байланысты   болса , екiншiден  —  əлеуметтiк  ерекше  байланыстар  мен   қатынастарға  негiз  бола  алуында. Темперамент  адамның  биологиялық  сипатынан   көрiнедi.

Темперамент  —  бұл   адамның  психикалық  əрекетiнi ң  динамикасы н

айқындайтын   дара  қасиеттерiнi ң  жиынтығы.  Ал  қасиеттер  iс- əрекеттiң  барша  түрiнде мазмұн,  мақсат,  сеп — түрткiлерге   тəуелсiз ,  бiрдей  сипатта   көрiнiс  бередi,  ересек  шақта   да өзгерiссiз  тұрақталады .  Психикалық  қасиеттер   өзара   байланысқа   келумен   белгiлi темперамент  тип iне  негiз  болады .  Темперамент  типінiң  нақты   көрiнiсi  сан   алуан .  Олар  тек сырттай   əрекет-қылықта   ғана  емес,  сонымен  бiрге  барлық  психикалық  құбылыстар   да: сезiмде ,  ниет  пен   əрекетте,  ақыл- ой  жұмысында,  тiлдесу   ерекшелiктерiнде   т . б.-байқалады.

Сангвиник —  жоғары   дəрежелi  əрекетшең  адам,  дегенмен,  бұл   əрекетшеңдiк  оның

белсендiлiк  қасиетiне  сай ,  қозу   мен   тежелуi  тепе-тең .  Назарын  тартқанның  бəрi не  араласа кетедi,  ым-ишарасы  мен   қозғалыс  қимылдары  мəнерлi,  шапшаң .  Сəл   нəрседен  қарқылдап күледi,  болмашы  себептен  көңiлi  қалып ,  мұңаяды.  Бет — жүзi нен   көңiл-күйi,  заттар  мен адамдарға   болған  қатынасы   бiлiнiп  тұрады.  Сезiмталдығы   өте   жоғары,  сондықтан   ол оншама   əсерi  болмаған  дыбыстар   мен   жарыққа   елеңдей   бермейдi.  Мұндай  адам  көтерiңкi белсендiлiкке  ие,  жұмыс  қабiлетi  мен   қуатының   жоғары  болуынан   жаңа iске  қаймықпай кiрiседi,  ұзақ   уақыт   талып -шаршамастан  қызметiн  жалғастыра  алады .  Зейiнiн  таңдаған

объектiне тез шоғырландырады,  тəртiптi,  қажет   болса,  өзiнң  ырықсыз  əрекеттерi  мен сезiмдерiне тоқтау,  тиым  бере  алады.  Əрекетi  жедел ,  ақылы-ойы икемдi,  тапқыр,  сөйлеу қарқыны   шапшаң. Сезiмдерi, көңiл- күйi,  қызығулары   мен   ниеттерi  өзгерген   жағдайға байланысты   жеңiл  ауысып  отырады.   Сангвиник   төңiрегiндегiлермен  тiл  табысқыш,  жаңа талаптар  мен   жағдайларға   икемшiл.  Қиналмастан  бiр iстен  екiншi ісiне ауыса алады, қажет болса, қайта   үйренiп,  жаңа  дағыларды  қабылдауға  шебер.  Əдетте,  бұл   типтi  адам  өткенi мен   болашағын  болжастыруда   өзiнiң  субъектив   пайымдауларының  жетегiнде   қалып қоймай,  көбiрек сыртқы  əсерлердi  объектив бағамдауға  бейiм,  экстраверт.

Холерик.  Сангвиник  сияқты жай  əсерлерге  берiлмейдi,  əрекетшең  жəне  белсендi.

Бiрақ холериктiң əрекетшеңдiгi  белсендiлiктен  басымдау, сондықтан   ол  ұстамсыз,

шыдамсыз,  қызба.  Сангвиникке   қарағанда салғырттау, икемi  кемiрек.  Осыдан – ниеттерi мен   қызығулары  тұрақтылау, табанды ,  зейiнiн  ауыстыруы  қиындау, сезiмi  көбiне  сырттай көрiнедi, сондықтан  —  толық экстраверт.

Флегматик —  əрекетi  енжар ,  сезiмталдығы  мен   көңiл  шарпулары  кем көрiнiстi. Оны күлдiру  де, мұңайту да  оңай  емес, төңiректiң бəрi күлкiден  жығылып  жатқанда,  ол мiзбақпас. Қай  жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзi сылбыр, əрекетi жай. Жаңарған  жағдайға  икемделуi қиын,  дағдылары  мен əрекеттерiн өзгертуi ауыр. Солай да болса, флегматик  өте   қуатты,  жұмыстан

шаршамайды. Шыдамды,  ұстамды, сезiмге  берiлмейдi. Əдетте,  жаңа   адамдармен

араласып кете бермейдi,  сырттай  əсерге  төзiмдi.  Бар бiлгенi iшiнде  —  интраверт.

Меланхолик. Өте   сезiмтал,  бiрақ  əрекетшеңдiгi  кем   адам.  Болмашы  нəрседен

көзiне  жас  үйiрiлiп, өкпелегiш,  сырттай əсердi  күйзелiспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы  мен   қозғалысы  өте сылбыр. Əдетте,  өзiне  сенiмсiз, үркек, болмашы  қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң жiгерi кем,тез   шаршайды,  қызметi болымсыз. Зейiнi  тұрақсыз,  оның  барша  психикалық  процестерi əлсiз. Көпшiлiк меланхоликтердiң  өздерiнiң  тұйықтығы   мен   адамдардан   оқшаулануынан iшiне  түйгенi көп —  толық   интраверт.

Əр  адамның темперамент типi тума екендiгi  қалтқысыз  дəлелденген, ал  қасиеттер түрiне  байланысты   белгiлi  типтiң  ұйымдасу  проблемасы — əлi  ғылыми   шешiмiн  таппаған. Осы темпераменттің типтерінің сипаты негізінде кәсіби әрекетке қалай әсер ететін көріп отырмыз.