Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

55 Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз

Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi.Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-дөрекi,әдептi-әдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты және өзгермелi болып келедi. Адам мiнезi жеке адам қызығушылықтарымен, қажеттiлiктерiмен, бағдарларымен, бағытымен, мотивiмен т.б. байланысты.Психология ғылымында мiнез топтастырылып оның қасиеттерi мынадай төрт түрлi жүйеге бөлiнiп қалыптастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшелiктерiн көрсетедi.1.Мiнездiң еңбекке байланысты қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық, еңбекке жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық.2.өжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк, талапқойғыштық, асқақтық,менсiнбеушiлiк.3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк.4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы. Мұндай ерекшелiктер адамның азаматтық қасиеттерiн көрсететiн негiзгi және өзектi сипаттары болып табылады.Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi.Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.

  1. Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз

Логикалық ойлаудың ерекшелігі — қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз — ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет деп ойлаймын.

Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Оқу еңбегінің қаруы — ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді.Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн деп ойлаймын.Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады.Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.

  1. Болашақта өз кәсібіңізде пайдалана алатын психологиялық білімдерді түсіндіріңіз

Менің болашақ мамандығым – педагог. Ал педагог үшін психология ғылымының алатын орны ерекше. БАсқаша айтқада, педагогика мен психология егіз ғылымдар. Кез келген психологтан жақсы педагог шығады демекші, оқушылармен қарым-қатынасты жақсы ұстай алған кез келген мұғалім жақсы педагог атана алады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді.

Педагог адамдармен тікелей жұмыс істейтін мамандық иесі болғандықтан ол өз тәжірибесігде барлық психологиялық білімдерді қолданады. Оқушының мінезін, оның темпераментін, басқа оқушылармен қарым-қатынасы, өмірге деген көзқарасын, барлығын білу аса маңызды мәселе. Педагог оқушының психологиясын біліп қана қоймай, оның кейбір осал тұстарын түзетуге де ат салысады.

Педагог мамандығын таңдаған әрбір адам, оқушы мен тәрбиеленушінің алдында ғана емес, сонымен қатар, өзіне-өзі жауап беруге және өзінің кәсіби даярлығы үшін Педагог, Оқытушы, Тәрбиеші құқына ие болуы үшін жауапкершілік алады. Кәсіби педагогикалық парызды лайықты орындау адамнан  бірқатар  міндеттер қабылдауын талап етеді.

Біріншіден, өзінің жеке мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауы, осы кәсіпке байланысты маңызды қасиеттердің әлді, әлсіз жақтарын білуі (өзін-өзі реттеу ерекшелігі, өзін-өзі бағалау, эмоционалдық көріністер, коммуникативтік, дидактикалық қасиеттер т,б). Мысалы, адамның өз мінез-құлқын сәйкес бағалай алу және түзету қабілеттілігі сияқты позитивтік кәсіптік қасиеті басқа адамдарға адекватты ықпал ете алудың алғышарттарының бірі болып табылады. Бұл қасиеттердің қалыптасуы болашақ педагогтардан рефлексивтік ойлаудың дамуын, өзін-өзі реттеу ерік жігерлігін, жоғары деңгейлі таным белсенділігін қажет етеді.

Екіншіден, болашақ педагог интеллектуалдық іс-әрекеттің жалпы мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, елестету, зейін), мінез-құлық мәдениеті, қарым-қатынас, атап айтқанда, педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі тиіс. Педагог  — бұл оқушылар үшін еліктеу үлгісі болып табылады, олар мұғалімнің әрекетіне саналы түрде, көп жағдайларда ойланбай еліктейді. Осыған орай, болашақ педагог –студенттің рефлексияланған, түзетілген «Мен» бейнесі тұлғалық, коммуникативтік, кәсіби тренингті үнемі талап етеді.

Үшіншіден, педагог іс-әрекетінің  негізгі және қажетті шарты — ол сыйластық, білім және өзінің оқушысын «Басқа адам» ретінде түсінуі. Құндылық жүйесі, бағалау, мінез-құлық моделі сәйкес келмеуіне қарамастан, мұғалім оқушыны қабылдауы, түсінуі қажет; бұл мәселе қарым-қатынас, әрекеттің психологиялық механизмі мен заңдылықтарын білуін қажет етеді.

  1. Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз

ӘРКІМ ӨЗ ТОБЫНА МІНЕЗДЕМЕ ЖАЗСЫН!!!!!

  1. Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланық білім мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева, К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.

Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.

Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика — ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

  1. Тұлғалық даму денгейлеріңізге сызба құрыңыз.

Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)Даму кезеңі.Дамудың қалыпты желісі.Дамудың аномалды желісі1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін) Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру

Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.2.Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.3.Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну. Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рольдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы. 6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану. Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы) Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау. 8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.