Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

54 «XXI ғасыр — психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз

Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.Психологияның негізі — жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән-мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздеме¬лері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей:1) нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);2) даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);3)адамның әлеуметтік жағдайы мен оның қоғамға қатынасы (әлеуметтік психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап, тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).Және бір аса маңызды жағдаят – бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білім¬дерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму, шығармашылық, тұлға және т.б. психологиясы. Өзге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі салаларға бөлінген: психофизиология, нейропсихология, математикалық психология. Психологияның әртүрлі қызмет, тәжірибемен болған күрделі байланыстары ұйымдастырушылық, инженерлік, спорттық, педагогикалық психологияда байқалады.Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерт-тейді.Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблема¬ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. Мысалы, еңбек психологиясы – адамның еңбектену және іс-әрекетке келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады.