Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

31) Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек. Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды. Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады. Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. (Психология эмоции. Новый подход – журнал ңМир психологииң, 2002, N4). Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы

  1. Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз

Адам  жан  дүниесiнiң  сыры  қоршаған  ортаға  əсер-ленiп  қана  қоймай,  оның құпияларын танып бiлуге ұмты-луында. Мұндай əрекет адам сезiмiнiң жоғары деңгейдегi саналы  əрекетiн,  эстетикалық  талғамы  мен  адамгершiлiк-моральдық  қасиеттерiн  сезiне бiлетiн  көңiл-күйiне  байланыс-ты.  Жоғары  деңгейдегi  сезiмдердiң  ақыл-ой,  эстетикалық жəне моральдық-адамгершiлiк түрлерi бар.

Ақыл-ой  сезiмi  адамның  таным  əрекетiмен  байланысты.  Сезiмнiң  бұл  түрi — балалардың  оқып  бiлiм  алуға,  ересектердiң  өз  қызметiне,  шығармашылық  пен  өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кiсiнi əрбiр нəрсенiң, құбылыстың, оқиғаның мəн-жайын жан-жақты  танып,  оларды  тереңiрек  түсiнуге  жетелейдi,  оның iзденiмпаздық  əрекетiн тудырады. Iздену барысында адам түрлi жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар  жасай-ды.  Күмəндi  жайттарды  тəжiрибе  жетiстiктерiмен  салыстыра  отырып,  тексередi. Ақиқаттығы   айқындалған  ойды  қорытып,  теориялық  пайымдаулар  туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететiндiгiне деген сенiм сезiмi  пайда  болады.  Сенiм  оған  күш-қуат  берiп,  көңiлiн  көтередi.  Ақыл-ой  сезiмi — адамның кез-келген iс-əрекетiндегi рухтандырушылық маңызы зор көңiл-күй.

Эстетикалық сезiм — объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы  мен  сенiм-дiлiгiн  қабылдап,  оған  əсерленудегi  көңiл-күй.  Əсемдiктi қабылдап,  оған  сүйсiну,  лəззаттанып,  рухани  күшiн  арттыру  сезiмi   —  адамның  өмiр тiршiлiгiнде  бiртiндеп  қалыптасатын  жағдай.  Əсемдiктi  қабылдау  туа  пайда  болмайды. Əсемдiк  əлемi  адамға  өзiнiң  сұлулығымен,  табиғи  жарасымдылығымен  жəне  шынайы көркемдiлiгiмен  əсер  етiп,  адамның  мақсат-мүддесiне,  рухани  қажеттiгiне  лайықты дамиды.

Эстетикалық сезiм — мазмұны мен мағынасы жəне түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым.  Психология  эстетика-лық  сезiмдi  табиғат  пен  адам  қоғамындағы  əсемдiктiң  адамның  жан  дүниесiнде  бейнеленiп,  оның  мiнез  құлқына,  дүниетанымына  ықпал  етiп отыратын  жағымды  құбылыс,  сонымен  қатар  көңiл-күйiн  шалқытып, iс-əрекеттерiн  өрiс-тетушi  ықпал  ретiнде  қарастырады.  Өнер  мен  музыка,  əн-күй  мен  көркем  шығарма адамның жан дүниесiн тебiрентiп, өмiрдiң неғұрлым мазмұнды болуына əсер етедi, оны шабыт-тандыра  түседi.  Мектеп  пен  оқу  орындары  түлектерiн  əсем-дiктi  қабылдап,  оған əсерленуге,  дүниенiң  сұлулығынан  лəззаттанып,  өз  дүниетанымын  дамытып  отыруға тəрбиелеудi эстетика пəнi арқылы жүзеге асырады.

Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң лайық  не  лайық  еместiгiн  сезiнген  көңiл-күйiн  бiлдiредi.  Адамгершiлiк  сезiмi  моральдық сезiм  деп  те  айтылады. «Мораль» — «морале»  деген  француз  сөзi.  Мағынасы -адамгершiлiк.  Адамгершiлiк  сезiм  қоғамның  тарихи  дамуына  байланысты.  Қоғамның экономикалық  жағдайы,  саяси-идеялық  бағдары,  ондағы  таптар  мен  топтар-дың əлеуметтiк жағдайы — мұның бəрi адамгершiлiк сезiм көрiнiсiнен байқалып тұрады.

Адамгершiлiк  сезiмiнiң  принципi  мен  жалпы  негiзi — белгiлi  бiр  қоғамдық-экономикалық  сатыларда  əлеумет  мүшесiнде  қалыптасып  отыратын  мiнез-құлық көрiнiстерi. Гуманистiк жəне демократия үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер — борыш сезiмi, əркiмнiң өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы, əрбiр адам-ның  жеке-даралық  қасиеттерiн  сыйлау,  үлкенге  құрмет,  кiшiге  қамқорлық, отбасындағы  өзара  сыйластық  жəне  əр  түрлi  ұлттар  мен  ұлыстардың,  этностардың өкiлдерiне  деген  жалпы  гуманистiк  қарым-қатынас.  Адамгершiлiк  сезiм  кiсiнiң  өткен өмiрiндегi  елестерiне,  мақсат-мiндеттерiн  жүзеге  асыруы  мен  идеяларына  жəне дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық iс-əрекет түрлерiне байланысты болып келедi.

Адамның жоғары деңгейдегi сезiмдерiнiң қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзiнiң жеке басына деген жауап-кершiлiктi сезiнуiнде жатыр. Екiншiден, ол отбасындағы тағылым-тəрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрiстейдi.