Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

23.Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз

Сөйлеу негiзiнен екi қызметтi атқарады: коммуникативтiк, сигнификативтiк. Осы қызметтерiне орай сөз тiлдесу құралы жəне ой мен сананың көрiну формасы ретiнде танылады. Сөйлеудiң негiзгi сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екенi баршаға белгiлi. Баяндалып жатқан сөздi тыңдағанымызда бiздiң назарымыз оның мəндiк мазмұнына аударылады. Адам тiлiнiң əрбiр дара сөзi қандай да бiр затты өрнектейдi, оны атаумен бiздiң санамызда нақты бiр заттың не құбылыстың бейнесi пайда болады. Осынысымен де адам тiлi жануарлардың қысқа мерзiмдi, қылықтық күйiн бiлдiретiн аффектiк «тiлiнен» ажыратылады. Жануарлар «тiлi» ешқашан да нақты бiр затты белгiлi дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөйлеудiң бұл қызметi —сигнификативтiк қызмет деп аталады. Сөйлеудiң белгiлеу қызметi нақты ұлт өкiлiне түсiнiктi сөздерден құралған тiлдiң қызметi. Осы қызмет нəтижесiнде адам əртүрлi заттардың бейнесiн жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзi жоқ болған кезде де олармен iс-əрекеттiк қатынасқа түсе алады. Осыдан адам танымы еселенiп байиды, яғни адам өзiндiк сана қорында заттың тiкелей бейнесiн сақтап, таниды, оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келедi. Сөйлеудiң жəне бiр, күрделiрек қызметi бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мəндi қасиеттерiн ажыратып, заттарды белгiлi категорияларға топтастыру мүмкiншiлiгiне ие боламыз. Осыдан Сөйлеу дерексiздендiру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастардыбейнелеуге қолданылады. Сөйлеудiң бұл екiншi қызметi «Сөйлеумағынасы» терминiмен белгiленедi. Сөйлеудi игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренемiз.Сөйлесудiң жəне бiр қызметi — коммуникативтiк өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бiрлiгiнен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бiрiгiп, сөз жəне сөйлем формасына келуiнен əлi сөйлеу шықпайды. Сөйлеу — заттық негiзi бар мағына болғанда ғана iске асады. Əрқандай сөздiң (сөйлеу) белгiлi зат жөнiнде баяны болып, екiншi бiреуге бағытталса ғана, өзiнiң коммуникативтiк қызметiне сай болады. Сөйлеудiң мағыналық мазмұнының өзегi — өрнектеген заты. Бiрақ, нақты белсендi сөйлесу барысында сөз өзiнiң белгiлегенiнен тыс көп хабарды жеткiзе алады, себебi сөз ағымы сезiмдiк əрекеттермен толығады: ым, ишара т.б.Адам тiлiндегi көңiл-күй көрiнiсi үлкен маңызға ие. Сөздi тек ақыл-ой көрiнiсi деп тану оның өрiсiн өте тарылтып жiбередi. Сөзде, əсiресе оның ауызша түрiнде көңiл-күй танытатын көптеген сөйлеу бiрлiктерi қосылады: iркiнiс, ырғақ, əуен; жазба түрiнде — тыныс белгiлерi, сөз орыны т.б. Сөйлеу барысында бiз тек бiлген ақпаратымызды ғана хабарлаумен тынбастан, əңгiме арқауына болған, əңгiме тыңдаушыға болған өз көңiл толғаныс, қатынастарымызды бiлдiремiз. Сөз неғұрлым өрнектi, əсерлi болған сайын,одан сөйлеушiнiң келбетi, болмысы дəл əрi нақты көрiнедi. Сөз бiр нəрсе жайында баяндаумен бiрге ықпал жасау құралы да болып қызмет етедi. Адам тiлiнiң ықпалдық қызметi — өте мəндi құбылыстардан. Ол тiкелей əрекет-қылықты өзгертпегенiмен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезiмiне қандай да өзгерiс ендiредi. Сөйлеу — əлеуметтiк мiндеттi орындау, тiл қатынасының құралы бола тұрып,саналы ықпал қызметiн орындайды.

Сөйлеу процесiнiң негiзгi тiрегi — түсiну, түсiнiсу. Сөз қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес, сөйлеу тiлдесуге арналған жəне тiлдесуде пайда болатын əлеуметтiк өнiм.Сөйлеу саналы əрекетке айналуы үшiн əңгiме арқылы шешiлетiн мəселе жəнеоның мақсаты анық болуы қажет. Сонымен бiрге, əңгiме барысындағы мiндеттiң шешiмi сол əңгiме жүрiп жатқан жағдайға да байланысты. Бұл жағдай əңгiме өзегi болған зат пен əңгiме бағышталған тыңдаушы қауымының сипатымен анықталады. Əңгiме мақсаттарымен жағдайларын бiрлiкте қарастыра отырып, адам не айту керек, қалай айту керек екендiгiн барластырады, осыдан өз сөзiн алдына қойған мiндетiн шешуге жарайтын саналы əрекетке айналдырады.

  1. Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз

Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

1) интенсивтілігі;

2) жаңалығы;

3) аффективтілігі.

П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;

2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейінің қызметтері:

1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.

 

  1. Зейіннің психологиялық теорияларын интерпретациялаңыз

Зейіннің психологиялық теориясы. Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді. Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әр түрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді.

Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.

Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді. 1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес. 2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады. 3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мәлім ол «Жағымды  әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген. 4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі. 5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес. 6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты. 7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.

Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген. Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған. Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей: 1. Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі. 2. Зейіннің негізгі қызметі-психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған. 3. Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған. 4. Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады. 5. Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады. 6. Ырықты зейін алдын ала бағдарлама бойынша орындалатын зейіннің бақылау түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлін айқындаңыз

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Қиялдың ғылыми техникада және көркем Шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.        Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз. Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалынады.

Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.

Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.  Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.      Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.          Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдарың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай болады. Бұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.         Қиялдың органикалық процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады. Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.

27,Қиял және оның түрлеріне мысал келтіріңіз

Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.

Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі.

Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзінің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Қиял пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады. Егер ерікті немесе белсенді қиял әдеміленіп жасалынса, яғни ол пассивті қиял ырықты және ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.

 

 

 

 

 

 

  1. Қиял және шығармашылық.

Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл — творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.

Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес.Абай мүны өте дүрыс көре білген.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,Сонда да солардың бар тандамасы.Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?

Бүл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

  1. Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз

Эмоция туралы жалпы түсiнiк. Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi. Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз. Эмоция — бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады. Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды. Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi    компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк   жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң   қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық    уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi. Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн. Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.Тұрақсыз әлеуметтiк, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүрлi ауытқулардың өсуiне бейiмделтедi. Бiрiншiден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттiлiктерiн қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиi ұшырасқанда адамдарда эмоционалды шиеленiсу болады. Екiншiден, әлеуметтiк ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңiл-күйге, яғни осы өмiрге деген қорқыныш, сенiмсiздiк пайда болады. Мысалы, қоғамда қауiптiжағдай кездескен жағдайда, мен өзiмдi осы жағдаймен күресудiң әдiс-тәсiлдерiн, ыңғайын iздестiруiм керек.