Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

49 Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз

Қарым-қатынаста комлимент айтудың менің ойымша қажеттілігі бар деп ойлаймын. Менің оймшы адамға комплимент айтсақ ол өзіне сенімдірек болатын сияқты.Мысал келтір.

50 Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз

Жалпы адамның өмірі түрлі қиындықтардан, сынақтардан тұрады. Бірақ оған мойымай сол қиындықтарға қарсы күресе білу керек. Менің ойымша осы қиындықтарды жеңудегі басты сапаның бірі ерік жігер, төзімділік, ұстамдылық, табандылық деп ойлаймын.Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. Ұстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. Табандылық қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., қиындықтан шыға білуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.

51 «Психология мен физика ғылымының байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз

Жалпы психология – психика дамуының жалпы  заңдылықтарын, зерттеу  әдістерін,  теориялық  принциптерін  және оның ғылыми   негіздерінің  қалыптасу  жүйесін  зерттейді. Психика жоғары  дәрежеде ұйымдасқан материяның  нақты  формасының  қызметін, әрекет  тәсілін  бейнелейді,  адам  психологиясы  жаңғырту арқылы пайда  болады. Жалпы психологияда адам біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден,  әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Біріншіден  психология — мінез құлық туралы ғылым. Бұл пәннің негіді   адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар болып табылады.. Ол студенттердің ақыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара қарым – қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, студенттер арасындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

52 Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.

Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді.Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам.  Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда  көрініс беріп,  адамның өзі мен  оны қоршағандар  үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік  қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие. Тұлғалық даму деңгейлерін қарастырғанда  оған   қабілеттерді, темпераментті,  мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды жатқызуға болады.Қабілеттер дегеніміз   бұл  түрлі іс-әрекеттердегі  табыстарын анықтаушы адамның  жеке басының тұрақты қасиеттері.  Темперамент —  адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы.  Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер   бар.  Мотивация дегеніміз әрекет етуге  деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар-  адамдардың  наным-сенімдері  Әлеуметтену және  тұлғаның қалыптасу процестері арнайы  әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте,  және  түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады.  Тұлға  әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі — жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында  адам тұлғасының негіздері  қаланады.  Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін  қаланады деген  түсінікті   кездестіруге болады. Бұл  жас кезеңінде  адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын  алғашқы тәжірибе мен өзін өзі ұстау тәрбиесін алады.