Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСНОВА2.docx
Скачиваний:
165
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
145.75 Кб
Скачать

53 Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн. Мәселен, адам мүлтiксiз, өте дұрыс және қажеттi шешiмдер қабылдайды делiк. Алайда, сол шешiмдi орындау үшiн күш-қуатын жинап, жұмылдырмаса, яғни, азды-көптi күш жұмсамаса, онда ол өз мiнез-құлқын игеруде дәрменсiздiк көрсетедi. Бұл жағдайда алға қойған iстi практика жүзiнде орындаудың дұрыс жолы табылғанымен шешiм орындалмай қалды. Оларды жүзеге асыруға ерiк күшi жетпей қалды. Демек, бiр нәрсенi саналы ұғыну дегенiңiз әрекет жасаумен барабар емес.Ерiктiк әрекеттердi қарапайым және күрделi деп бөледi. Қарапайымы, әдетте, мақсат қою және орындау сияқты екi буыннан тұрады. Күрделi ерiктiк әрекетте мақсатты ұғыну, жоспарлау және орындау деген үш буын айқын бөлiнедi.Тiлек өмiрде бiрден жүзеге аспайды. Кейде адамда бiрнеше келiсiлмеген, тiптi сәйкес келмейтiн қайшы тiлектер пайда болуы мүмкiн. Онда ол оның қайсысын жүзеге асыру керектiгiн бiлмей қиын жағдайда қалады. Бiрнеше тiлектердiң қақтығысынан туындайтын психикалық күйдi немесе арасынан бiреуiн таңдауға тура келетiн қарама-қарсы, үйлесiмсiз мотивтер қақтығысын мотивтер тартысы деп атайды. Мотивтер тартысы оған қатысты толғаныстарды тудырады. Мотивтер тартысының ақыры шешiмге келумен бiтедi. Яғни, әрекет мақсаты пен тәсiлi таңдалады. Шешiмге келу дегенiмiз – бiр тiлектi екiншi тiлектен ажырату, сөйтiп мақсаттың идеалды бейнесiн жасау. Қабылданған шешiмдер әдетте “осы шешiмге тоқтаймыз”, “осылай жасаймыз” деген сияқты тоқтам түрiнде қысқа тұжырымдалады.Күрделi ерiк әрекетiнде шешiм қабылдаудан соң қойылған мiндетке жету жолдарын жоспарлау басталады.Амал-тәсiлдер белгiленген соң адам қбылдаған шешiмдердi жүзеге асыруға кiрiседi. Көптеген психологтар ерiктiң мәнiн нақ осы қабылданған шешiмдi орындаудан көредi. Ерiктiк әрекеттiң орындау сатысының күрделi құрылымы бар. Қабылданған шешiмдi орындау ең алдымен белгiлi бiр уақыт мерзiммен байланысты.Сонымен, ерiктiк әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс боп шықты.