Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

45.Ұйқыбез (pancreas)

Асқазанның артында ұзындау келіп,көлденең бағытта орналасқан,паренхиматозды мүше.Ішастармен экстраперитонеальді жауып орналасқан. Бездің жалпы ұз 12-15см.

Топографиялық орналасуына байланысты: басы, денесі, құйрығы болады.

Ұйқыбез басы-caput pancreatis

Басының алдыңғы төменгі бетінде ілмектәрізді.өсінді processus uncinatus,басы мен денесінің шектескен жерінде тілік incisura орналасқан.Ұйқыбез басында қосымша ұйқыбез түтіктері ductus pancreaticus accessorius бар.

Денесі-corpus pancreatis үшқырлы призма тәрізді.Ұйқыбездің алдыңғы ,артқы,төменгі беттері;үш жиегі:жоғарғы,алдыңғы төменгі ажыратылады.

Құйрығы-cauda pancreatic

Көкбауырдың төменгі қапталында орналасқан.Құйрық тұсынан ұйқыбездің негізгі түтігі ductus pancreaticus өтеді.

Синтопиясы:

Ұйқыбездің басы омыртқа бағанасының оң қапталында ,1-3 бел омыртқасының аралығында орн.Денесі 1 бел омыртқасының тұсында,құйрығы 11-12 кеуде омырт. Тұсында орн.

Скелетопиясы:

Артқы беті-төменгі қуыс венамен v.cava inferior және көкетпен шектескен.төменгі беті жоғ.шажырқайлық артериямен a.mesenterica superior шектеседі.

Қызметі:сыртқы секреттік қызметі бар,секретті он екі елі ішекке құяды,қандағы қант молшерін реттейтін инсулинді қанға бөліп шығарады.

Ішастар(peritoneum) құрсақ қуысы қабырғалары мен оның ішкі ағзаларын қаптаушы сірлі қабық болып табылады.

46. Ішастар қуысын қабатқа бөліп қарастырамыз:1)жоғарғы қабат, үстінен көкетпен, астынан көлденең жиек ішектің шажырқайымен, mesocolon transversum, шектелген; 2) ортаңғы қабат, mesocolon transversumнен төмен қарай кіші жамбас астау кірісіне дейін созылады; 3) төменгі қабат, кіші жамбас астауына кіру сызығынан басталып, төмен қарай іш қуысы аяқталатын кіші жамбас астау қуысына сәйкес келеді. 1. Ішастар қуысының жоғарғы қабаты 3 қапқа бөлінеді: bursa hepatica, bursa pregastrica, bursa omentalis. Вursa hepatica қабанда, бауыр астында, бүйрекүсті безімен қоса оң жақ бүйректің жоғарғы шеті орналасқан. Вursa pregastrica, Асқазаналды қабы бауырдың сол жақ үлесін, асқазанның алдыңғы бетін және көкбауырды қамтиды.Шарбы қабы, bursa omentalis асқазан мен кіші шарбының артында жататын ішастардың жалпы қуысының бөлігі болып табылады. Кіші шарбының, omentum minus, құрамына ішастардың 2 байламы енеді: ligamentum hepatogastricum және ligamentum hepatoduodenale. Шарбы қабының қуысы ішастардың жалпы қуысымен тек біршама шарбылық тесік, foramen epiploicum, арқылы қатынасады. Ғoramen epiploicum үстіңгі жағынан бауырдың құйрыөты үлесімен, алдынан ligamentum hepatoduodenale-нің бос жиегімен, астынан - он екі елі ішектің жоғарғы бөлігімен, артынан - осы жерден өтетін төменгі қуыс венаны жабатын ішастар жапырақшасымен, ал сырттау жағынан lig. hepatorenale шектеледі.

47.Үлкен шарбы, omentum majus, алжапқыш сияқты colon transversum-нен төмен қарай салбырап, біраз жерінде жіңішке ішектің бөліктерін жауып тұрады. №ол табақшалар түрінде тұтасып кеткен 4 ішастар жапырақшасынан тұрады. 2. Егер үлкен шарбы мен көлденең жиек ішекті жоғары қарай көтерсек, ішастар қуысының ортаңғы қабатын көруге болады. Іштің бүйір өабырғалары мен colon ascendens және descendens арасында оң және сол жақтағы бүйір өзектер, canales lateralis dexter et sinster, орналасады. Жиек ішек қаусырған кеңістікжіңішке ішектің жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай қиғаш өтетін шажырқайы арқылы 2 шажырқай қойнауына, sinus mecsentericus dexter et sinister бөлінеді. Ішастардың артқы қабырғааралық жапырақшасында практикалық маңызы бар шұңқырлар байқалады. Он екі елі ішектің аш ішекке ауысатын жерінде - recessus duodenalis superior et inferior; Жіңішке ішектің тоқ ішекке ауысатын аймағында 2 шұңқыр бар - recessus iliocaecais superior et inferior; Сигматәрізді ішектің шажырқайын жоғары қарай тартқанда байқалатын recessus intersigmoideus. 3.Төменгі қабат. Кіші жамбас астау қуысына түсіп, ішастар оның қабырғалары мен онда жатқан ағзаларды жауып тұрады. Ішастар еркектерде тік ішектің алдыңғы бетінен несепқуықтың алдыңғы бетіне ауысып, несепқуықтың артында орналасқан тік ішек - қуық ұңғылын, excavatio restovesicalis- ті түзеді. Әйелдерде жамбасастау қуысында 2 ішастар ұңғылы болады: тік ішек - жатыр ұңғылы, excavatio rectouterina, және қуық- жатыр ұңғылы,excavatio vesicouterina, жатады. Екі жыныста даҚұрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының топографиялық анатомиясы.Құрсақтың алдыңғы қабырғасының шекарасы: жоғарыдан – arcus costarium мен processus xipholdeus төменнен – пупартов байламы мен симфиз / шап сүйектерінің біріккен жері/, бүйірінен – linea acsliiaris пен шектелген. Бұл аймақ топографиялық жағынан үш бөлікке бөлінеді – epigastrium, mesogastrium, hypoastrium.Бұл аймақтар бір-бірінен сызықтармен бөлініп тұрады, жоғарғы сызық – х қабырғалардың төменгі нүктелері арқылы, ал төменгісі – spinae lilacae anterloris superlores арқылы біріктіріледі. Бұл бөліктердің әр біреуі оң және сол жақтан Х қабырға мен tuderculum pudlcum арқылы жүргізілген сызықтар арқылы тағыда басқа аймақтарға бөлінеді. Epigastrlum, region epigastrica – ға /ортасында орналасқан/ және regio hypochondrica dextra мен sinistra – ға бөлінеді. Mesogastrium regio umbilicalis – ке және region abdominalis dextra мен sinistra –ға бөлінеді. Hypoastrium, regio pubica –ка мен екі regio inguinales-ке бөлінеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасында бұдан басқада сызықтар жүргізіледі: І Семсер өсіндісінің ортасынан симфизге дейін – құрсақтың ортаңғы сызығы жүргізіледі, ол құрсақтың ақ сызығына сәйкес келеді /linea aiba/, 2. Linea pararectalis, m. recti-дің сыртқы жиегіне сәйкес келеді, 3. Linea semliunaclis spigelii-m. transverse abdominis-тің апоневрозға ауысатын жеріне сәйкес келеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасының қабаттары: тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр, lamina thompsoni бұлшық ет қабаттары, fascia transversa, іш пердесінің алдындағы майлы қабат /lamina adipose langenbeci/ және қабырғалық /париетальды/ іш пердесі.І. Тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр.Құрсақтың алдыңғы қабырғасының терісі жұқа, жұмсақ және созылғыш болып келеді /мысалы: құрсақта су болғанда, жүкті әйелдерде/.Шаш тәрізді түк region pubica және құрсақтың ақ сызығы бойында дамыған. Тері асты клетчаткасы семіз адамдарда жақсы жетілген және қалыңдығы бірнеше сантиметрге жетеді. Бұндай жағдайда құрсақтың алдыңғы қабырғасының беткі шандыры екі жапырақшадан тұрады, ол майлы клетчатканы бөлек-бөлек қабатқа бөліп тұрады. 2. Lamina thompsoni / s. Lamina secundariaF. superficialis / тығыз дәнекер тканьді жапырақша, region inguinalis аймағында жақсы дамыған, кейде соншалықты жақсы дамығандықтан, сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозына жалғасады.3. Бұлшық ет қабаты қиғаш және тік бұлшық еттерден құралған, олар құрсақтың алдыңғы қабырғасының бүйір бөлігінде жатыр/ m. Obliguus abdominis externus, m. Obliguus abdominis internus және m. transverses abdominis/, және тік орналасқан бұлшық еттер құрсақтың алдыңғы қабырғасының ішкі жағында жатады /m. rectus abdominis, m. pyramidalis/. M. obliguus abdominis externus беткей және қиғаш бағытта жоғарыдан төмен қарай, сырттан ішке қарай жатыр. M. recti –дің сыртқы жағынан құрсақтың сыртқы бұлшық еті өзінің апоневрозына /сіңірлі шандырға/ ауысады. Бұл бұлшық еттің апоневрозы құрсақтың тік бұлшық етінің қынабының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады.Құрсақтың төменгі жағында апоневроз қалыңдап, оның шеттері spinae lilaca anterior superior және tuderculum pablcum- ге бекітіледі және пупартов байламы /lig. Inguinale s. Pouparti/ деп аталады.Осы байламның ішкі жиегінде апоневроз екіге бөлініп саңлау /тесік/ түзеді. Бұл шап өзегінің сыртқы тесігі, ол арқылы ұрық шылбыры /ерлерде/ және жатырдың жұмыр байламы /әйелдерде/ шығады.M. obliguus abdominis internus құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық етінің астында жатады. Бұл бұлшық еттің талшықтары сыртқы қиғаш бұлшық еттің талшықтарына қарсы төменнен жоғарыға және сырттан ішке қарай бағытталған, кішкене бөлігі төменгі жақта пупартов байламына қатар жүреді, бұл талшықтар m. cremaster-тің түзілуіне қатысады.Құрсақтың тік бұлшық етінің сыртқы жиегіне жақын m. obliguus abdominis internus апоневрозға ауысады, бұл апоневроз кіндіктен жоғарғы жақта екі жапырақшаға бөлінеді, тік бұлшық еттің қынабының алдыңғы және артқы қабырғасын құрауға қатысады.Ал кіндіктен төменгі жақта құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық етінің апоневрозы тік бұлшық еттің қынабының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады.M. transverses abdominis-тің талшықтары көлденең бағытта. Бұл бұлшық етте тік бұлшық еттен біршама қашықтықта апоневрозға ауысып, linea semilunaris spigelii қиғаш сызыққа ауысады/бұл жерде де жарық пайда болуы мүмкін/.Көлденең бұлшық еттің апоневрозы кіндіктен жоғары, құрсақтың тік бұлшық етінің қынабының артқы қабырғасын, ал кіндіктен төмен тік бұлшық еттің алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады. M. rectus abdominis құрсақтың ортаңғы сызығының оң және сол жағында ұзына бойы орналасқан.Бұл бұлшық ет сіңірлі қынаптың ішінде жатыр, оның ұзына бойында 3-4 көлденең жатқан сіңірлі бөлгіштен бар, олардың екеуі кіндіктен жоғары, біреуі кіндік деңгейінде, ал төртіншісі кіндіктен төмен, ал кейде төртіншісі болмауыда мүмкін. Бұл сіңірлі бөлгіштің ішінен тамырлар және жүйкелер өтеді /және vv. Intercostals-тің тармақтары және nn. Intercostals /. Кесінді жасағанда осы сіңірлі бөлгіштерді сақтай отырып жасауы керек. Өйткені, ол зақымдалғанда құрсақтың тік бұлшық еті семіп қалуы мүмкін және бұл жерде жарық пайда болуы мүмкін. Құрсақтың тік бұлшық етінің қынабы алдыңғы және артқы қабырғалардан тұрады.Алдыңғы қабырғасын m. obligui abdominis externi-тің апоневрозы және obligui abdominis interna-ның апоневрозының сыртқы жапырақшасы, қынаптың артқы қабырғасын m. transverses abdominis-тің апоневрозы және obligui abdominis interna-ның ішкі жапырақшасы құрайды. Құрсақтың ортаңғы сызығы бойында сіңірлі талшықтар, оң жақтағы және сол жақтағы бір-бірімен бірігіп құрсақтың ақ сызығының /linea alba/ түзеді. Ақ сызық бойында кейде саңлаулар байқалады, бұл саңлаулар арқылы жарық және іш пердесінің алдындағы май қабаты шығуы мүмкін.Ақ сызық бойында операция кезінде операциялық тілік жасайды. Кіндіктен төмен апоневроздың орналасуы өзгереді. Құрсақтың тік бұлшық етінің артқы қабырғасы болмайды, барлық апоневроздар қынаптың алдыңғы қабырғасын құрайды, ал артқы қабырғасын fascia transversa-ға жанасып жатады. Апоневроздың қынаптың алдыңғы қабырғасын құрауға ауысатын сызықты linea semicircularis Douglasi деп атайды. Бұл сызық доға тәрізді, кіндіктен 3-5 см төменірек.M. pyramidalis Құрсақтың алдыңғы қабырғасының төменгі бөлігінде m. rectus-пен бір қынапта жатыр және оның талшықтары linea aiba-ға бекітіледі.4. Fascia transversa (s. endoabdomialis) m. transverci abdominis-тің артқы бетіне жабысып жатады, осы бұлшық еттің төменгі жиегіне жақын шандыр қатаяды және шап өзегіне ұрық шылбыры өтетін үлкен емес тесік бар. Тесіктің жиегі бойынша шандыр ұрық шылбырына өтіп және сол бойынша ұмаға өтіп, бұл жерде tunica vaginalis communis деп аталады. Fascia transversa жоғарғы жақта көкеттің төменгі жағына ауысып fascia duadrata, fascia psoatis деп аталады, ал артқы және ішкі жағынан m. guadratus lumborum және m. psoatis деп аталады. Fascia transversa құрсақтың алдыңғы қабырғасымен құрсақтың ақ сызығына бағытталып, онымен бірігіп кетеді. Бұл жерде тек қана кіндік аймағында Fascia umbilicalis деп аталады.5. Іш пердесінің алдында жатқан майлы клетчатка қабаты әр түрлі дамыған. Семіз адамдарда құрсақтың алдыңғы қабырғасының бүйір бөліктерінде қалыңдығы бірнеше сантиметрге жетеді. Бұл қабат артынан іш пердесінің артындағы клетчатка қабатына ауысады. 6. Іш пердесі /қабырғалық жапырақшасы/ іш пердесі алдындағы майлы клетчаткамен борпылдақ бос байланысқан.7. Тамырлар. Құрсақтың алдыңғы қабырғасында мынадай артериялар бар: 1. A. epigastrica superficialis- a. femoralis-тен пупартов байламының астынан шығады және қиғаш бағытта кіндік аймағының тері асты клетчаткасына барып, өзінің тармақтарын береді. 2. A. Circumfiexia ilium superficialis, a. femoralis-тің тармағы тері астымен қиғаш spina iliaca anterior superior-ге өтеді. 3. A. Pudenda externa /a. femoralis-тің тармағы/ - тері асты клетчаткасында жатады және шат жаққа барады.Басқа артериялар терең жатады: 4. epigastrica interior profunda /a. iliacae externae тармағы/ fascia transversa-мен іш пердесінің арасында жатады және құрсақтың алдыңғы қабырғасының ішкі бетінде қатпар-plica epgiastrica-ны түзе, төменнен жоғары және ішке көтеріледі. Жоғарырақта артерия fascia transversa арқылы тік бұлшық еттің артқы қабырғасымен жоғары көтеріліп a. epgiastrica superior-мен анастомоз жасайды. 5. a. epgiastrica superior /a. mammaria internae-ның тармағы/ жоғарыдан төмен қарай тік бұлшық еттің қынабының қабырғасымен осы бұлшық ет арасында жатады. 6. aa. Intercostalis-тің алдыңғы тармақтарының 5-6 төменгі тармақтары қиғаш жоғарыдан төмен және ішкері n. Obliguus abdominis internus пен m. transverses-тің арасынан және a. epigastricae superioris пен байланысады. 7. aa. Lumbales-тің алдыңғы тармақтары, осы бұлшық еттердің арасында жатады және a. epigastricae interiors-пен анастомоз жасайды. Осы айтылған тамырлардан беткі тармақтар шығады, олар негізгі бағаналарға сәйкестеніп теріде тармақтарға бөлінеді.Құрсақтың алдыңғы қабырғасының веналары тереңде жататын /vv. epigastricae interior және superior vv. Intercostals- пен vv. Lumbales-тің көздерінен/ және артерия жолдарына сәйкес беткі тармақтарға / vv. epigastricae, superficialis, vv. Circumfiexae ilium superficialis pudenda externae / бөлінеді.Олар бір-бірімен анастомоз арқылы байланысады. Беткі веналар тереңде жатқан веналарға қарағанда жақсы дамыған, беткі веналар тері асты клетчатка қабатында көптеген тор түзеді. Төменгі қуысты вена жүйесінде веналы қан айналым қиындаса /мысалы: ісікпен тамырды қысқанда, вена тромбозды, тромбофлебит кезінде/ олар кеңиді және v. Cava superioris-пен колатеральды жолмен веналық қанды айдайды. 8. Жүйкелер. Құрсақтың алдыңғы қабырғасының жүйкеленуі алты /немесе бес/. nn. Intercostales-тің төменгі тармақтарымен және nn. Iliohypogastrici-пен ilioinguinalis-мен жүзеге асады.Қабырға аралық жүйкелердің алдыңғы тармақтары аттас тамырлармен қиғаш жоғарыдан төмен және алға қарай m. abliguus abdominus-пен m. transversa-тің арасында жатады.Жүйкелер бір-біріне қатар жүреді және осы аты аталған бұлшық еттерді қоректендіреді. Олар бүйірінен тік бұлшық еттің қынабынан өтіп /кіндіктен төмен / fascia transversa-дан өтеді, m. recti-дің артқы бетіне жетеді де, осы бұлшық еттің ішінде тармақтарға бөлінеді.Оның соңғы тармағы rr. perforantes anteriores бұлшық етті тесіп ішіне кіреді де, құрсақтың ақ сызығының айналасындағы қабырға аралық бағана жүйкелеріне байланысатын тармақтар өзгеріп тұрады.Осы сызықтың артынан жүйкелерден беткі тармақтар-rr. perforantes lateralis шығады, бұл тармақтар құрсақтың алдыңғы қабырғасының бүйір бөлігінің терісін қоректендіреді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасының төменгі-бүйір бөлігінде бұлшық еттердің ішінен n. Iliohypogastricus пен n. Ilioinguinalis /plexus lumbalis-тің қысқа тармақтары/ өтеді. Бұл жүйкелердің жолы және тармақтарымен байланыстары өзгеріп тұрады.Лавочкин бойынша олар екі түрлі пішінге бөлінеді. Бірінші жағдайда қабырға аралық жүйкелердің аз байланысы бар, бөлек-бөлек бағаналардан тұрады, ал екінші жағдайда керсінше олар бір-бірімен көптеген байланыс жасайды және олардың құрылысы тор тәрізді болады. 9. Құрсақтың қабырғасының беткі қабатында орналасқан лимфалық тамырлар nodi lymphatici inguinalis және axllaris-ке құяды. Төменгі-бүйір бөліктерден және жоғарғы бүйір бөліктерден лимфалар құйылады. Терең лимфалық тамырлармен бірге қан тамырлар да жүреді және олар nodi lymphatici intercostals anteriores мен posteriors, lumbales мен iliaci құйылады.КІНДІК АЙМАҒЫ. /REGIO UMBILICALIS/.Кіндік аймағы mesogastrii-дің ортасында жатыр және бұл жерден жарық шығуы мүмкін.Кіндіктің сыртқы түрі әр түрлі болады, негізі екі түрлі болады: шығыңқы, оның түрі цилиндр тәрізді және конус тәрізді, екінші түрі жалпақ /жұмсақ кіндік/.Кіндіктің пішіні құрсақ ішінің қысымының өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін. Қысым көтерілген кезде /жүктілік кезінде, құрсақ ішінде сұйықтық жиналғанда/ кіндік жайылады және кейбір кезде шығып кетуі де мүмкін. Негізгі ол үлкен ойыс, ал түбінде кіндік түскеннен соң пайда болған – papilla umbilicalis бар.Кіндік linea aiba-ға сәйкес келеді және оның тесігі – annulus umbilicalis бар. Оның шеттері қатты және терімен бірігіп кеткен. Бұл жерде тері асты клетчаткасы және іш пердесі алдындағы клетчатка болмайды, сондықтан кіндік ішіне кіріп кеткен.Кіндік аймағында мынадай қабаттар бар: 1. Тері қабаты жұқа, 2. Fascia umbilicalis, fasciae transversae-нің бір бөлігі, 3. Қабырғалық іш пердесі.Кіндік сақинасы құрсақтың ақ сызығының апоневрозынан пайда болған және ол әр түрлі пішінде және көлемде болады. Ені әр түрлі адамдарда да әр түрлі болады және тесігінен кейде зондтың ұшы ғана, ал кейде бір саусақ кіріп кетеді. Егер тесігі үлкен болса күшенген кезде жарық пайда болады. /кіндік жарығы/.Құрсақтың алдыңғы қабырғасының ішкі жағынан кіндік сақинасына біреуі жоғарыдан, үшеуі төменгі жақтан келетін дәнекер тканьді созылғыш бар, ол іш пердесімен жабылған, бұл созылғыштар эмбриональды кездегі күрделі құрылымдардың қалдығы.Жоғарғы созылғыш бауырдан кіндікке қиғаш жоғарыдан төмен қарай келеді. Ол кіндік венасы және ол Lig. teres hepatic деп аталады. V. umbilicalis кейде толық бітеліп қалмайды, бұл кезде ол осы аталған байламның құрамында қақпалық венамен байланысады.Төменнен бүйірі бойынша кіндікке-Kig. Vesicoumbilicalia lateralia деген екі байлам келеді. Төртінші созылғыш ортасында жатады, ол кіндік пен қуықты /Lig. Vesicoumbilicale medium/ байланыстырып тұрады және ол ұрықтық қуықтың өзегінің қалдығы болып есептелінеді /irachus/.ШАП АЙМАҒЫ /REGIOO INGUINALIS/.Шап аймағы hypogastrii-дің бүйір аймағында жатады. Шап аймағының төменгі жағында шап үш бұрышының шекаралары: төменнен-пупартов байламымен, ішкі жағынан-тік бұлшық еттің сыртқы жиегімен, жоғарыдан-пупартов байламының ортаңғы және сыртқы жиегімен, жоғарыдан-пупартов байламының ортаңғы және сыртқы бөлімдерінің арасынан көлденең жүргізілген нүктеге сәйкес келеді. Практикалық жағдайда құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұл жері маңызды, өйткені, бұл жерден жарық шығуы мүмкін.Шап үш бұрышы аймағының қабаттары:Тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр. Тері қабатын шашты түк басқан және мұнда тері және май бездері бар. Тері асты клетчаткасы семіз адамдарда екі қабаттан тұрады және дәнекер ұлпамен бөлініп тұрады.Lamina Thonpsoni-бұл жерде қатты.Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық етінің апоневрозы-қиғаш бағытта жоғарыдан, сырттан төменге және ішке қарай бағытталған. Оның төменгі бөлігі пупартов байламына сай түзеді. Шап үш бұрышының төменгі бөлігінде апоневроз екі аяқшаға бөлінеді –ішкі және жоғарғы /crus superius/ және сыртқы немесе төменгі /cuus interioris/.Бірінші, үлкен crus superius symphysis pubis келеді, оның талшықтарының жартысы қарама-қарсы жақтағы сондай талшықпен байланысып Lig. suspensorium penis /ерлерде/ және Lig. suspensorium clitoridis /әйелдерде/ түзеді.Екінші кіші аяқшасы-cuus inferius, tuberculum pubicum-нен өтіп және жартылай Lig. gimbernati-ді түзеді.Сыртқы қиғаш бұлшық еттің аяқшаларының арасындағы саңлау /тесік/ - шап өзегінің сыртқы /тері асты/ тесігі /annulus inguinalis externus, s. subcutancus/. Сыртқы шап сақинасының басқа, қосымша аралықтар кездеседі, олардан да жарық қабы шығуы мүмкін.Бұлшық ет қабаттары: m. obliguus abdominis internus және m. transverses. M. obliguus abdominis internus қиғаш жоғарыға және ішке қарай өтеді. M. transverses шап үш бұрышының терең бұлшық етті жапырақшасын құрайды.Бұлшық еттің төменгі жиегі ұрық шылбырына тығыз байланысып жатпайды, соның есебінен шапта бұлшық етті аралық түзіледі, оның түбінде көлденең шандыр жатады.Fascia transversae жұқа шандыр жапырақшасы, ол Lig. inguinalis-тің ішкі жиегімен байланысады. Шап үш бұрышының төменгі –ішкі бұрышында көлденең шандыр пупартов байламынан бастап талшықтар шоғырымен бекітіледі.Lamina adipose Langenbecki-іш пердесі алдындағы майлы клетчатка-әдетте біршама жақсы дамыған, ал бүйір бөлігінде біршама аз дамыған. Жарық пайда болғанда, жарық қабығымен бірге және іш пердесімен бірге томпайып сыртқа шығады.Қабырғалық іш пердесі.Тамырлар. Тері асты клетчаткасында кіндікке қарай бағытталып a. epigastrica superficialis өтеді. Шат сүйектен ішкерірек a. pudenda externa, сыртқары a. circumflexa ilium superficialis жатады. Терең Fascia transversae мен іш пердесінің арасында a. epigastrica interior орналасқан. Веналар артериялармен аттас болып келеді және олар майлы қабатта бір-бірімен анастомоз жасап, жақсы дамыған торлар түзеді.Жүйкелер-n. Iliohypogastricus пен n. ilionguinalis spina iliaca anterior superior-ден бір елі жоғары құрсақтың алдыңғы қабырғасының ішінде жатады /анестезия кезінде инені кіргізетін орын/. Одан әрі n. Iliohypogastricus-ке қиғаш төмен қарай m. abdominis internus пен m. transverses арасында жатады. Оның беткі тармақтары шат аймағының терісін қоректендіреді. M. ilioinguinalis-тің бағанасы пупартов байламының үстінде жоғарыдағы жүйкеге қатар және одан төмен жатады. Кейде бұлшық еттің жиегіне жанасып және тері астынан шап өзегінің сыртқы тесігі арқылы шығады. Бұл жағдайды шап жағынан операция жасағанда, тігіске осы жүйкені бірге алып кетпеу керек.Лимфалық тамырлар пупартов байламынан төмен лимфалық түйіндерге /nodi lynphatici inguinales/ келеді. ШАП ӨЗЕГІ /CANALIS INGUINALIS/.Шап өзегі құрсақтың алдыңғы қабырғасының төменінде қиғаш бағыттағы саңлау, ол жоғарыдан төмен және сырттан ішке қарай бағытталған.Ол алдынан апоневроз m. obligui abdominis externi мен, артынан fascia transversalis-мен, төменнен пупартов байламымен, жоғарыдан – m. obligui abdominis interni-пен m. tranversi-ның төменгі жиегімен шектелген. Жарығы жоқ адамдарда ер адамдарда ұрық шылбырымен, ал әйелдерде-жатырдың жұмыр байламымен толтырылған. Шап өзегінде екі саңлау бар: сыртқы және ішкі. Шап өзегінің сыртқы тесігі тері астында Томсонов және беткі шандырымен жабылған, осы жерден ұрық шылбырына өтеді.Шап өзегінің ішкі тесігі, fascia transversa-ның талшықтарынан құралған. Ішкі сақина ұрық шылбырын алып тастағаннан кейін көрінеді. Бұл тесіктің ішкі жиегінен fascia transversa-ның астынан және vv. epigastricae interiors өтеді. Бұл жағдайды қысылып қалған шап жарығын және оның сырты бойынша ішкі жарық сақинасын кескен кездегі операцияда ескеру керек. Ол кезде жуан артерия а. epigastricae interiors-ны кесіп кетіп зақымдап алуы мүмкін. Көлденең шандыр ішкі тесік аймағында ұрық шылбырына өтеді және оның қабығын-tunica vaginalis communis-ті түзеді. Шап өзегінің бойында m. obdominis internus пен m. transveersus-тен ұрық шылбырына бұлшық ет талшықтарының шоғыры /m. cremaster/ шығып, оның бойымен ұмаға түседі. Funiculi spermatici-тің құрамына: I. a. deferentalis-пен бірге vas deferens, 2. spermaticae, 3. n. spermaticus (n. genitofemoralis-тің тармағы) шап өзегінің сыртқы тесігініің маңында ұрық шылбырына келеді.Құрсақтың алдыңғы қабырғасын шап аймағында ішкі жағынан қарағанда, оны қабырғалық іш пердесі жауып тұрады және қатпарлар мен ойыстар бар. Plica epigastrica-ның бүйір бойында орналасқан vasa epigastrica inferiora бойындағы іш пердесінен пайда болған екі ойыстың практикалық маңызы зор. Осы айтылған қатпардың сыртында орналасқан ойыс fovea inguinalis lateralis шап өзегінің ішкі тесігіне сәйкес келеді. Екіншісі fovea inguinalis medialis plica epigactrica –ның ішкі жағында орналасқан. Осы ойыстар /біріншісі жиі, екіншісі сирек кездеседі/ жарық пайда болғанда іш пердесі шығатын орын болып табылады. Егер fovea inguinalis lateralis арқылы шықса, онда қиғаш жарық деп, ал ereovea inguinalis medialis арқылы шықса тік шап жарығы деп аталады. Fovea cupravesicalis-үлкен емес ойыс, ол біріккен қуық өзегі мен кіндік артерияларының арасында орналасқан, ол іш пердесі шығатын жер деп есептелмейді.ҚҰРСАҚТЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАСЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР.Лапоротомия – дегеніміз құрсақ қуысындағы мүшелерге жету үшін құрсақ қуысын ашу болып табылады. Негізі оны құрсақтың алдыңғы қабырғасын кесу арқылы жасайды. Ол үшін біршама кесулер қолданылады. Оларды төрт топқа бөледі: 1. Ұзынша – тік бағытта кесу, 2. Қиғаш, 3. Көлденең, 4. Біріктірілген /комбинированные/ кесулер.Ұзыннан кесулер жиі қолданылады. Олардың ішінде ең көп қолданылатындары: Орталық Lig. terec hepatic-ді зақымдамас үшін, кіндіктің сол жағынан айналып, құрсақтың ақ сызығы арқылы кеседі. Теріні, іш пердесін ақ сызық бойымен кеседі. Бұл кезде жүйкелер мен тамырлар аз зақымдалады және құрсақ қуысының мүшелеріне жету жақсы жолмен жүзеге асады. Бұл кесіндінің жеткілікісіздігі: жараның жиегінің бірігіуі жақсы болмайды және пайда болған тыртық мықты емес болса, соның себебінен операциядан кейін жарық пайда болуы мүмкін.Тік бұлшық ет арқылы /трансректальды/ кескенде жүйкелерді және тамырларды кесіп кеткендіктен, бұл бұлшық ет семіп /атрофия/ қалуы мүмкін.Тік бұлшық еттің сыртқы жиегі бойымен /параректальды/ кесіледі. Тік бұлшық еттің сыртқы жиегінен 1-2 см ішкері және оған қатар теріні, тері асты клетчатканы және беткі шандырды, lamina Thonpsoni-ді және m. recti-дің қынабының алдыңғы қабырғасын кеседі. Тік бұлшық етті ішке қарай ығыстырып және қынаптың ішкі қабырғасын және басқа қабаттарды /fascia transversa-ны, іш пердесі алдындағы клетчатканы және іш пердесін/ кеседі. Жараны қабат-қабатымен тігеді. Осы кесулер кезінде жүйкелерді /nn. Intercostals, n. iliohypogastricus/ зақымдамас үшін, Добротворский тік бұлшық еттің артқы қынабын кескенде қиғаш және көлденең бағытта кесуді ұсынған.Қиғаш кесу, құрсақтың алдыңғы қабырғасының жоғарғысынан қабырға доғасының жиегінен кеседі. Құрсақтың төменгі жағында пупартов байламына жиегінен кеседі. Құрсақтың төменгі жағында пупартов байламына қатар және оған бұрыш жасап кесінділер жасайды.Көлденең кесінділер жүйкелерді зақымдамай көлденең бағытта жүргізіледі және құрсақ мүшелеріне кең түрде жетуге болады. Бұл кесінді аз қолданылады, өйткені бұлшық еттердің ажырап кетуі мүмкін. Сонымен қатар жиі тамырларды зақымдайды.Біріктірілген кесінділер /бұрышты, Т-тәрізді ж.т.б./ сирек қолданылады. Бұл кесіндіні операция кезінде бірінші кесіндіні ұзарту үшін және қосымша кесу кезінде қолданылады. Құрсақтың алдыңғы қабырғасын кескенде жүйкелерге көңіл бөлу керек, өйткені жүйкелер кесіліп кетсе бұлшық еттер семіп қалады. Аққан қанды уақытылы тоқтатып тұру керек. Осы мақсатпен әр бір қабатты кескенде, олардың талшықтарының жолымен кесу керек /теріні-қатпар бойынша, апоневрозды, бұлшық еттерді талшықтарының бағытымен ж.т.б./.ҚҰРСАҚҚА ПУНКЦИЯ ЖАСАУ.Құрсаққа пункцияны кіндік пен шаттың арасынан жасайды. Пункцияны мак Бурнея нүктесінен де /кіндік пен spina iliaca anterior-дің арасы/ жасайды. Бұл жерден жасалған пункция өте қауіпті, өйткені epigastrica interioris пен superficialis-ті зақымдап алуы мүмкін.КӨРСЕТКІШТЕРІ: құрсақ қуысына көп сұйықтықтың жиналуы /асцит/. Науқасты жартылай отырғызып, қатты науқасты бүйірімен отырғызып жасайды. Қуықты алдына ала босатып алу керек. Пункция жасау әдісі. 1. Пункция жасалатын жердің терісін иодпен сүртіп өңдейді және хлорэтилмен немесе новокаин сұйықтығымен 0,5 процентті жансыздандырады. 2. Науқастың оң жағында оператор тұрады және сол қолына трокарды алып, сұқ саусағын трокардың үстіне қойып құрсақтың алдыңғы қабырғасына кіргізеді /егер науқастың терісі қалың болса, алдын ала скальпельмен теріні кесіп қояды/. 3. Аспапты кіргізіп болған соң, қолымен құрсақтың қабырғасына бекітеді және ішіндегі стилетті алып тастайды. Сұйықтық шығарғанда жәйлап, порциямен науқастың жалпы жағдайына қарап және транссудатты құрсақтан сүлгі арқылы жоғарыдан ысыра отырып алады. Құрсақ қуысының тамырларына қан толып қалғандықтан, мида қан жетіспей /анемия/ қалады, соның салдарынан есінен танып қалуы мүмкін. Шарпы май немесе ішектің қабырғасы торакордың тесігін жауып қалып, одан сұйықтықтың ағуы тоқтап қалады. Оны түйме тәрізді зондтың көмегімен, аспаптың ішіне кіргізіп ашады. 4. Транссудатты алып болған соң, тррокарды суырып алып тастайды да, теріні өзінің орнына ығыстырып және оған коллоидты жапсырғышты жапсырады. Егер тері кесілген болса, онда оны тігіп тастайды. Екінші мәрте пункция жасағанда, оны терінің басқа жерінен жасайды.АСҚЫНУЛАРЫ: 1. тамырлардың жаралануы мүмкін, ең ауыры құрсақ қуысының ішіндегі қан ағуы. 2. Мүшелер жаралануы мүмкін, оның ішінде ішектер. 3. Асцитті жыланкөздер.ҚҰРСАҚТЫҢ ЖАРЫҒЫ КЕЗІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАР.Жарық ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы жарық дегенеміз – қабырғалық іш пердесімен қапталған ішкі құрылымдардың шығуы. Ішкі жарық кезінде ішкі мүшелер құрсақ қуысында қалады да, іш пердесінен құралған қалталарға кіріп кетеді. /мысалы: recessus duodenojejunalis, r. retrocaecalis ж.т.б. ./Егер ішкі құрылымдар іш пердесіз тері астына шықса, онда оны «шығу» - evenratio деп атайды.ЖАРЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ: Туа пайда болған /h. congenita/, жүре пайда болған /n. acguicita/ жарықтар. Одан басқа орнына қайта салуға болатын /h. reponibilis/ және орнына қайта салуға болмайтын /h. irriponbilis/, қысылып қалған жарық /h. incarcerata/.Сыртқы жарық мынадай құрылымдардан тұрады: 1. жарық қапшығы қабырғалық іш пердесінен құралған және басқа қабаттармен сыртынан қапталған, ол қапшықпен терінің арасында жатады, жарық қапшығында қапшықтың мойны /бастапқы жіңішке жері/, денесі және түбі болып бөлінеді. 2. Жарық құрылымдары – құрсақ қуысының әр түрлі мүшелері /жиі ішектердің ілмектері және шарб майлар/. 3. жарық қақпасы – құрсақ қабырғасындағы тесік, ол жерден жарық қапшығы шығады. Жарық пайда болған жерге байланысты сыртқы жарықтар шап, сан, кіндік, құрсақтың ақ сызығының жарығы, бел, шатаралық болып бөлінеді.Жарыққа жасалатын операциялар мақсаты жарық қапшығын кесіп алып тастап, құрсақтың қуысының құрылымдарын қайта ішіне кіргізіп, жарық қақпасын жауып және құрсақтың қабырғасын мықтылау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]