Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.

Ішкі аталық жыныс ағзасына аталық бездер,шәуетшығаратын түтігі,ұрық безі,қуықасты безі,буылтық несеп шығаратын несеп бездеріжатады.Сыртқы ағзасына: аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.

Аталық без(testis)жұп жыныс ағза ,сопақша пішінді,салмағы 20-30г.Аталық бездің қызметі-сперматазоидтар,яғни аталық жыныс жасушаларын жасау,және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару.Аталық бездер ұмада орналасқан.Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі,бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары,нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысынтүзеді.Сірлі қабық астында басқа қабық,яғни ақ қабық(tunica albuginae).Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – аталық без орталығын (mediastinum testis) түзеді.Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді аталық без үлесшелеріне (150-ден 300 дейін) (lobli testis)бөлетін аталық без қалқашықтары(septula testis)(tubuli seminiferi contorti)болады.Иреленгеншәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына(rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне(tubuli seminiferi recti)қосылады.Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп,қосалқының басына шығады.12-15 үлестік пішінде болады.Шығарушы өзекшелерқосалқының түтігіне байланысып,көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтыншырмауықшаларды құрайды.Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.

Шәует шығаратын түтік (ductus deferens) – жұп ағза,ұзындығы 40-50 см,диаметі 3мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шап өзегінің сыртқы тесігіне барады.Оның 4 бөлігі бар:1.ұмалық (pars scrotalis).2.шаптың беткейлі сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars funicularis)3. Шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis)4.тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina). Шәуетшығаратын өзекті өтіп,иіліп кіші жамбасқа өтеді.Щның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуетті шығаратын түтіктің қабырғасы кілегейлі, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады.Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіпшәуетті шығаратын түтіктің кеңжерін құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді.Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris)бар.

Шәует бездері (vesiculae seminales) – қалтатәрізді түтікті,ұзындығы 4-6 см,қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар.Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған.Бездің қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті және дәнекр қабықтан тұрады.

Қуықасты безі (prostata) – жамбастың түбінде орналасқан,несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан.Оның артқы беті тік ішекке,алдыңғы шат симфизіне, бүйірі – артқы өрісті көтеруші бұлшықетке жанасады.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі (glandula bulbourethrales)терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан,яғни аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында.

Ұма (scrotum) – тері бұлшықетті қапшық,онда аталықбез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төмег і бөліктерімен орналасқан.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna) ;7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis) ,ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

Жыныс мүше (penis)- несеп қуықтан несепті шығару және әйел жыныс мүшесіне шәуетшіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі – жыныс мүшесінің денесінен,corpus penis,тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі,ostium urethrae externum,бар еркек жыныс мүшесінің басымен,glans penis,аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің кеңейген бөлігі басының тәжі, corona glandis, және тарылған бөлігі мойнын collum glandis,ажыратылады.Артқы бөлігі еркек жыныс мүшесінің түбірі, radix penis, қасаға сүйектеріне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің жоғарғы-алдыңғы бетінің арқашығы , dorsum penis деп атайды.

71.Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.Ішкі құрсақтың дамудың 3 айында, болашақ терең шап сақинасының орнында қынаптық өсіндісі (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады.Ұрық денесі ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып,ішастардың артына,жамбас астау қуысына жылжиды,кейін қынаптық өсіндінің, processus vaginalis peritonei, тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып,ұмаға түседі.Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап, аталық без орнын – ұманы түзеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]