Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Көмей бұлшықеттері (мускули ларингис)

Қызметі: Дауыс саңылауын кеңейтетін , тарылтатын және дауыс байламын керетін болып бөлінеді.

І дауыс саңылауын кеңейтетін б.еттер.

1.Артқы жүзікожау тәрізді бұлшықеттер М. КРИКОАРТЕНОИДЕУС ПОСТЕРИОР.

ОЛ ЖҮзіктәрізді шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латеральді және жоғары өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС бекиді Кызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС артқа және медиальді бұрылып ПРОЦЕСУС ВОКАЛИС латеральді бұрылып , дауыс саңылауын кеңейтеді.

2 Қалқанша көмей қапашығы бұлшықеті М ТУРОЕПИГЛОТТИКУС ол қалқанша көмей қақпашығы байламының ЛИГ ТУРОЕПИГЛОТТИКУМ бүйір қапталында орналасқан. Қызметі көмейдің кіретін тесігін кеңейтіп ашу.

ІІ Дауыс саңылауын тарылтатын б. еттер.

1 латеральді жүзікожау тәрізді б. еті М. КРИКОАРУТЕНОИДЕУС ЛАТЕРАЛИС. Ол жүзіктәрізді шеміршектің доңасынан басталып , жағарғы және артқа қарай өтіп , ожау тәрізді шеміршектің б. еттік өсіндісіне , ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС барып бекиді. Қазметі: Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстық өсіндіні ішке қарай бұрып , дауыс саңылауын тарылтады.

2. Қалқаншаожау тәрізді б, еті Т ТИРОАРУТЕНОЙДНУС, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып , жағарғы және артқа карай бағыт алып, кіреберіс қатпарының ПЛИЦА МУЫЕШИБУЛЯРИС терең қабаты арқылы өтіп, ожау тәрізді шміршектің б. еттік өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС алға карай жалжып , дауыс саңылауының жарғақтық бөлігі тарылтады.

3. Көлденең ожаутәрізді б.еті М. АрУТЕНОИДЕУС ТрАНСВЕРСУС Тақ б.ет .

Б.ет оң және сол жақ ожаутәрізді шеміршегінің артқы бетінде көлденең орналасқан.

Қызметі: Дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін тарылту.

4. Қиғаш ожаутәрізді б,еті М. АРУТЕНОИДЕУС ОБЛИГУУС , ол жағарыда айтылған бағытта қиылысып орналасқан жұп б.еттен тұрады. Б.ет ожау-көмей қапашығы қатпарының ПЛИЦА АРУПИГЛОТТИКА терең қабаты арқылы өтіп , ожау-көмей қапашығы б.етіне М, АРУПИГЛОТТИКУС жалғасады. Қызметі: дауыс саңылауын тарылтып , көмей кірісін АДИТУС ЛАРИНГИС тарылтып, көмей қапашығын төмен тартады.

ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер

  1. Жүзікқалқанша б.еті М КРИТИРОИДЕУС жүзіктәрізді шеміршектің дағасынан басталып, жағарғы және артқа қарай өтіп, тік бөлігі, ПАРС РЕКТА, қалқанша шеміршектің төменгі мүйізіне барып бекиді. Қызметі: Жиырылған кезде қалқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс байламын, ЛИГ ВОКАЛИС керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі мен қалқанша шеміршектің аралығын алшақтатады.

  2. Дауыс б.еті М. ВОКАЛИС немесе ішкі қалқаншаожаутәрізді б.еті М.ТУРОАРУТЕНОИДЕУС ИНТЕРНУС БНА. Б.ет көмейдің дауыс қатпарының ПЛИЦА ВОКАЛИС терең қабатында орналасқан. ОЛ қалқанша щемірщек бұрышының төменгі бөлігінің ішкі бетінін басталып, горизонтальді артқа қарай өтіп ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндінің ПРОЦЕССУС ВОКАЛИС латеральді қапталыны және дауыс байламына ЛИГ. ВОКАЛЕ бекиді. ҚЫЗметі: дауыс байламын керу.

Көмей қуысы (кавум ларунгис).

-------Көмей кірісі тесігінін АДИТУС ЛАРИНГУС басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қапашығының жиегімен, артқы қабырғасы: ожау тәрізді шеміршектің ұщы және ожауаралық қатпармен ПЛИЦА ИНТЕРАРУТЕНОИДЕА бүйір қабырғааралығында алмұрттәрізді қалта РЕКЕССУС ПИРИФОРМИС орналасқан. Көмей қуысының сыртқы пішіні құмсағатқа ұқсас, жағарғы кіріберіс бөліктен, ВЕСТИБУЛУМ ЛАРИНГУС, ортаңғы бөліктен , КАВУМ ЛАРИГИС ИНТЕРМЕДИУМ және дауысасты куысынан, КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ тұрады.

------Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіріберісі ВЕСТИБУЛУМ ЛАРИНГИС. ОЛ Көмей кірісінен, Көмей куысының бүйір қапталында орналасқан кіреберіс қатпарында ПЛИЦА ВЕСТИБУЛЯРИС дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: Алдында көмей қақпашығының артқы беті, артында ожаутәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпары ПЛИЦА ИНТЕРАРУТЕНОИДЕА бүйір қабырғасы: талшықты- эластикалық жарғақтан МЕМБРАНА ФИБРОЭЛАСТИКА ЛАРИГИС тұрады.

------Көмей қуысының ортаңғы тарлау келген бөлігінің құрылысы күрделі. Себебі: мұнда меншікті ддауыс аппараты ГЛОТТИС орналасқан. Көмейдің бұл бөлігі көмедің кірібіріс бөлігі, ВЕСТИБУЛУМ ЛАРУНГИС мен төменгі бөлігінің КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ бүйір қапталында жұпталып орналасқан. Ол шырышты қабықпен көкерілген жоғарғы кірібіріс және төменгі дауыс қатпарлары арқылы шектелген.

-----Көмейдің төменгі кеңдеу келген бөлігі КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ жіңішкеріп, кеңірдекке жалғасады.

  1. Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.

Кеңірдек ТРАХЕА іші қуыс , ауаны өкпеге өткізіп, ұзындығы орташа есеппен 9-11см , көлденеңі 15-18смм түтік тәрізді мүше. Ол көмейдің тікелей жалғасы, 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, 4кеуде омыртқаның тұсында айырылып, БИФУРКАЦИО ТРаХЕА оң және сол басты бронхтарға бөлінеді

Кеңірдектің құрылысы: қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар ЛИГГ АННУЛАРИЯ арқылы өзара байланысқан 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, ПАРИЕС МЕМБРАНАЦЕУС арқылы байланысқан. Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен және бойлық және көлденең орналсқан біріңғай салалы б.ет талшықтарынын тұрады. Ішкі беті шырышты қабық шырышты бездер ГЛЛ.ТРАХЕАЛЕС пен лифаға өте бай.

БРОНХТАР

Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5 ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол бронхтарға БРОНХИ ПРИНЦИПАЛЕС бөлінеді.

Оң басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛЕС ДЕКСТЕР кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан , тіктеу , өту жолы кең және қысқа 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронх ұзындығы шамамен 9 смдей.

Сол басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС СИНСИТЕР оң басты бронхтарға қарағанда бұрыш құрап Ұзындау және жіңішкелеу келіп 9-12 сақиналы шеміршектерден тұрады.

Оң басты бронх доға тәрізді иіліп , жоғарғы қуыс венаға В КАВА СУПЕРИОР бағытталған сыңар венамен В, АЗУГОЗ бен шектесіп , сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен АРКУС АОРТЕ беттесіп орналасқан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]