Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

218. Жалпы кіші жіліншіктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Жалпы кіші жіліншік нерві N.peroneus comminis немесе fibularis – улкен жіліншіктен кіші латералды бағытта келіп,сол жерде M.peroneus longus- тың басын тесіп өтіп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді:

Тармақтары:

  1. Бұл нерв өз жолында сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін n.cuteneus surae lateralis- ті береді.Сирақтың ортасынан төмендеу жерде n.Cuteneus surae lateralis- пен n.cuteneus medialis екеуі қосылып n. Suralis- ті түзеді. Ол латералды толарсақты артқы жағынан айналып өтіп, өкше терісіне тармақтар r.calcanei lateralis беріп,содан кейін n. Cutaneus dorsalis lateralis деген атпен аяқ ұшы үстінің латералды жиегімен жүріп, оның терісі мен кішкене бақайдың бүйір жағын нервтендіреді.

  2. Кіші жіліншіктің беткей тармағы – кіші жілік бұлшықеттері арасымен canalis muscularis peroneus superior-ға түсіп, оларға бұлшықеттік тармақтар береді.

Ол сирақтың ортаңғы және төменгі шекарасында, тек тері нервісі ретінде шандырды тесіп өтіп,аяқ ұшы ортасына келіп, екі тармаққа бөлінеді :

  1. n. cutaneus dorsalis medialis – үлкен бақайдың медиалды жағы мен 2-3 башпайлардың бір – біріне қараған жиектерін n.digitales dorsales.

  2. N. cutaneus dorsalis intermedius – 2-5 бақайлардың сыртқы бетінің бір – біріне қараған жақтарын нервтендіретін n.digitalis – ке бөлінеді.

  1. Кіші жіліншіктің терең тармағы – асықты жілік артериясымен қосарлана жүре аяқ ұшы сыртына шығып, қысқа бақай жазғыштарын нервтендіреді. Содан кейін екі nn.digitalis dorsales- ке бөлініп,1-2 бақайлардың бір – біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.

219. Вегетативтік рефлекторлық доға.

Нерв жүйесі қызметінің негізін рефлекс доға құрайды. Бұл доға күрделеніп, оның әрбір бөлігіндегі бір нейронның орнына афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар түзетін нейрондар тізбектері пайда болады.Демек нерв жүйесінде өткізгіш жолдар деп – оның түрлі бөлімдерін байланыстыратын және құрылысы мен қызметінің ортақтығымен сипатталатын будалар жүйелеріне біріккен, бірінің жанына бірі тығыз орналасқан нерв талшықтарын айтады. Вегетативті рефлекторлық доға құрылысы – нерв жүйесінің соматикалық бөлігінің рефлекторлық доғысынан айырмашылығы бар. Негізгі ерекшелігі: Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігінің рефлекторлық доғасында эфференті звено біреу емес, екі нейроннан тұрады. Жалпы қарапайым доға 3нейронмен көрсетілген.

Рефлекторлық доға 1- ші звеносы Сезімтал нейрон, оның денесі жұлын түйіндерінде немесе ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады.Бұл нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар рецептор ағзалар мен тіндерден басталады.

2- ші звеносы эфферентті, себебі импульсті жұлын немесе мидан жұмыс ағзасына апарады.Осы звеносы екі нейронмен көрсетілген: 1- шісі яғни қарапайым вегетативтік рефлекторлық доғадағы саны бойында екінші нейрон орталық нерв жүйесінің вегетативтік ядроларында орналасады.1-шісі сезімтал нейрон, ал 2- шісі аралық деп атауға болады.Эфекторлық нейрон осы доғаның 3-ші нейрнын көрсетеді.Эффекторлы нейрондар денелері вегетативтік нерв жүйесінің перифериялық түйіндерінде ми нервтерінің вегетативтік түйіндерінде, вегетативтік өрімдер түйіндерінде жатады.Осы нейрондар өсінділері ағзалық вегетативтік немесе аралас нервтер мен тіндерге бағытталады және нерв талшықтары сайкес соңғы нерв аппаратымен біріңғай салалы мускультарда,бездерде және тіндер аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]