Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.

Несепағар,ureter-жұп мүше,бүйрек түбінің тарылған жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Несепағардың ұзындығы 30-35см,ені 4-8мм-дей,несепағар қуысының ені 3-4 мм.Несепағар ішастар артында ретроперитонеалді орналасқан.Несепағар топографиясының орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді:іштік,жамбас астау,қабырғаішкі.несепағардың ішкі бөлігі ,pars abdominalis, белдің үлкен бқлшықетінің m.psoas major алдыңғы бетінде орналасқан.

Несепағардың іштік бөлігі.Оң несепағардың проксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars desendens duodeni артында,сол несепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexura duodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. et v.testiculares және париеталді ішастар,peritoneum parietale орналасқан.Оң несепағар жамбас астау бөлігінде pars pelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады.

Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacae internae алдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерде несепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерде несепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққа ашылыды.

Несепағардың қабырғалары 3 қабықтан тұрады.

-ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды.

-ортаңғы бұлшықетті қабығы ,tunica muscularis жоғарғы бөлігі 2 қабаттан-сыртқы бойлық,ішкі церкулярлық,ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан –сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғы циркулярлықтан тұрады.

-сыртқы дәнекер тінді,адвентициалді қабықтан,tunica adventitia тұрады.

Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Несепағар веналары аталық без немесе аналық без веналары,кейін ішкі мықын веналарына ашылады.

Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мықын лимфа түйіндеріне құйылады.

Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық невтенуі кезбе нервпен, ал төменгі бөлігі- жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.

Несепағардың 3 тарылуы:

1.бүйрек түбінен несепағардың басталған жерінде.

2.несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөләгәне өткен жерінде.

3.несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.

69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.

Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethra masculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады.Оның простаталық (pars prostata),жарғақты (pars membranacae),және кеуекті (pars spogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоға рғы қуықастына өтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетінен өтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:

1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossa navicularis urethrae.Әйел несепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйел несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]