Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

60. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ алдынан төспен , артынан –омыртқа жотасының бөлігімен, бүйірінен – оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. Көкірекаралық жағарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасыныңа, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақатты көкірекаралықты шартты түрде жағарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Доғарғы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ СУПЕРИУС төс сабын 4-5 кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталған тамырлар , кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі , кеуде түтігінің сәйкес бөлігі , оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.

Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ИНФЕРИУС орналасады. Ол3 ке бөлінеді: Алдыңғы , ортаңғы, артқы.:

--------Алдыңғы МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИУС алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары , төс мңындағы , алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады.

-------Ортаңғы Көкірекаралықта МЕДИАСТИНУМ МЕДИУМ ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап , басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.

-------Артқы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИУС алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген . Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың , ішкі мүшелік нервтердің , кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері , артқы кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.

Клиникалық практикада Базель номенклатурасыбойынша көкірекаралық алдыңғы кк МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИОР және төменгі кк МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИОР бөлінеді.

------Алдыңы кк-қа жүрекжәне жүрекқабы ПЕРИКАРДИУМ , жүрекке кіретін жіне шығатын ірі артериялар мен вена қантамырлары, тимус , көкет нерві ПРЕНИКУМ, көкет-жүрекқап қантамырлары және жоғарғы көкеттік , көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.

-----Артқы кк-та, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, ДУКТУС ТОРаЦИКУС , сыңар және жартылай сыңар веналар ВВ.АЗУГОЗ ЕТ ХЕМИАЗУГОЗ кезбе нерв Н.ВАГУС, оң және сол симпатикалық сабау, ТРУНЦИСИМПАТИЦИ ДЕКСТЕР ЕТ СИНИСТЕР және артты кк , алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.

  1. Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.

Бүйрек РЕН грекше НЕФРОЗ жұп экскреторлық мүше. Бүйректің сыртқы пішіні бұршақтәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдардабүйрек көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см көлденең ені 5-6 см қалыңдығы 3-4 см Орташа салмағы 120 гТүсі қою-қызыл

Бүйрек топографиясы: Бүйрек іші куысының артқы қабырғасында , омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ кеуде омыртқа мен жағарғы екі бел омыртқалардың аралығында , ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан. Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксимальды ұшы ЕКСТРЕМИТАС СУПЕРИОР ХІ қабырғаның тұсында , дистальді ұшының ЕКСТРЕМИТАС ИНФЕРИОР орналасуы тұрақсыз., жалпымықын сүйегінің қырынан 3-5 см жоғары орналасқан.

Бүйректің қабықтары:

----Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен КАПСУЛЯ ФИБРОЗА жабылған. Қабықбүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады.. Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және біріңғай салалы бұлшақеттерден құралған.

----- Майлы қабық КАПСУЛА АДИПОСА бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан. Майлы қабық бүректің артқы бетінде жақсы дамыған, ол бүйрек майын КОРПУС АДИПОСУМ түзеді. Майлы қабығы қалыңдығының күрт азаюынан бүйрек қазғалмалы келеді.

-----Бүйрек шандыры ФАСЦИА РЕНАЛИС екі бүйрекке ортақ, ол майлы қабықтың сыртқы бетін жауып бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі , бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртқаның алдынан өтіп , оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекартытабағы оң және сол жақтарынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.

Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталды ішастар орналасқан. Бүйрек ішастармен экстраперитоеалды жабылған.

Бүйректің фиксациялық аппараты

Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:

----Бүйрек орнына , белдің үлкен бұлшықеті , М:ПСОАС МАЙОР мен белдің шаршы бұлшықетінен М:ГУАДРАТУС ЛЮМБОРУМ түзілген

----Іш қуысы, көкет және шаттың бұлшықеттің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын құрсақтық қысымға.

----- Бүйрек аяғына: бүйрек қантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары, бүйрек түбегі немесе несепағар

----Бүйрек қабықтары әсіресе бүйрек шандырына

----- ішкімүшелермен тығыз жанасып орналасуына

-----ішастар байламдарына

Бүйректің фиксациялықаппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5см ауытқуы байқалады.

  1. Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.

Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМ СУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС СУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.

Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына:бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.

Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік , ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.

Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.

Нефрон құрылысы:

Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.

ГЕНЛЕ ілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]