- •Қазіргі жағдайы және даму болашағы
- •Гравитациялық байыту әдістерін сұрыптау
- •Минералдардың қасиеттері
- •Гравитациялық байыту орталарының реологиялық қасиеттері
- •Сұрыптау процесінде қолданылатын аппараттар
- •Механикалық сұрыптағыштар
- •Конусты сұрыптағыштар
- •Камералы гидросұрыптағыштар
- •Гидроциклондар
- •Қозғалыссыз ортадағы денелердің негізгі қозғалу заңдылықтары
- •Денелердің бірдей шөгуі. Бірдей шөгу коэффициенті
- •Денелердің қысыла қозғалуының жылдамдығы
- •Қысыла қозғалу жағдайындағы бірдей шөгу
- •Ауыр суспензиялар, оларды дайындау және регенерациялау.
- •Ауыр суспензиялардың сипаттамалары
- •Ауыр суспензияда байытуда қолданылатын құрал-жабдықтар
- •Конусты сепараторлар (аэролифтілі)
- •Барабанды сепараторлар
- •Доңғалақты сепараторлар (ск)
- •Пайдалы кендерді ауыр ортада байыту технологиясы
- •Су қозғалысының теориялық заңдылықтары.
- •Турбулентті қозғалыс
- •Концентрациялау (жыйнағыш) столдарда байыту
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2.4 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж, аудиториялық)
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) мазмұны
- •2.7 Бақылау жұмыстарының тақырыптары
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •D) вертикалды орналасқан диафрагмамен
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Шаутенов Мэлс Рахым ұлы студенттік пәндік оқу-әдістемелік кешені Гравитациялық байыту әдістері пәні бойынша
Камералы гидросұрыптағыштар
Гидравликалық сұрыптағыштар бірге шөгу принципімен сұрыптау арқылы алынған минералдық кластарды гравитациялық байыту процесіне дайындауға негізделген.
Камералы гидросұрыптағыштар (КГ) негізінде 4-6 камерадан тұрады (5-сурет).
-
5-сурет. Камералы гидравликалық сұрыптағыш КГ-6
1-сырты; 2-вал қозғалтқышы; 3-редуктор;
4-сұрыптағыш құрылым; 5-араластырғыш;
6-бөлгіш қалқалама; 7-жапқыш
Бұл сұрыптағыш көлемдік мөлшері бастапқы зат түсетін жерден ағызынды шығатын жағына қарай өсіп отыратын, алты пирамидалық камерадан тұрады. Камералар сатылы ретпен орналасқан Әр камераның төменгі бөлігі үш бөлімнен тұрады: 1 -пульпа араластырылатын цилиндрлік бөлігі. Оның төменгі жағы қима конусқа ұласқан. Сондықтан түйіршіктер қысылысты жағдайда құлайды. 2-сұрыптау процесін қадағалап және реттеп отыру үшін шыныдан жасалған цилиндр пішінді камера. 3-ішкі жағы спираль пішінді сорғыш құбыр. Сорғыш құбырдың төменгі жағында тұнған зат түсетін қабылдағыш бар. Өнім таяқшаға орнатылған қақпақша арқылы шығарылып отырады. Таяқша тіке орнатылған қуыс вал арқылы өтеді. Таяқшаның жоғарғы жағында дискіге орнатылған жұдырықша бар. Диск айналып тұратын тісті доңғалақ арқылы қозғалады. Дискіге орнатылған жұдырықшалар саны бірден төртке деиін болады. Ірілігі жоғары кластар үшін олардың саны төртеу, ал майда зат үшін — біреу.
Тісті доңғалақтың айналу жылдамдығы 1,2 а/мин. Шарикті қақпақша көтерілгенде зат төменгі жағы салмалы конус болып келетін цилиндр пішінді кабылдағышка өтеді. Қабылдағыштан зат втулка арқылы шығарылады. Қуыс вал көлденең орнатылған қозғалтқыш вал арқылы, оған бекітілген араластырғышпен бірге, 1,2 а/мин. жылдамдықпен айналады. Араластырғыш заттың қойылып, тұнуына кедергі жасайды. Әр камераға түсетін судың мөлшері шкалалы қакпақша аркылы реттеліп отырады. Секциялардағы судың өрлеу ағынды жылдамдығы ағызынды шығатын жағына қарай кем-кемнен азайып отырады.
Бұл сүрыптағыштың артықшылығы – шөгіндірілген затты, шарикті қақпақшасы бар таяқшаны автоматты көтеру арқылы шығарып отыру.
Бұл құрамында қатты зат мөлшері жоғары өнімді шығаруға мүмкіндік береді, сондықтан судың шығынын азайтады, сонымен бірге, камераның цилиндрлік бөлігін тығылып қалудан сақтайды. Зат жыйналатын қабылдағыштың болуы пульпаның төмен қысым жасауына жол бермейді. Сондықтан, заттың шығарылуы кезінде сұрыптау процесі бұзылмайды.
Гидравликалық сұрыптағыштардың техникалық сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.
11-кесте. Гидравликалық сұрыптағыштардың техникалық сипаттамасы
-
Көрсеткіштері
Сұрыптағыш түрлері
КГ-4
КГ-6
КГ-8
Өнімділігі, т/сағ
15-25
15-25
15-25
Секция саны
4
6
8
Түсетін зат ірілігі, мм
1,65
2,5
2,5
Араластырғыштың айналу жылдамдығы, а/мин
1,2
1,26
1,26
Қақпақшаның минут сайын көтерілу саны
-
1,26-5
1,26-5
Судың шығыны, л/мин
30-80
50-120
70-160
Түрі
А41-4
АО-51-6
АО-51-6
Қуаты, кВт
1,7
2,8
2,8
Сырт өлшемдері, мм
Ұзындығы
3660
5435
7359
Ені
1752
2307
2884
Биіктігі
2844
3632
4172
Сұрыптағыш массасы, кг
2000
3320
4770
Жасаушы завод
«Труд заводы»
Әр камераның түбінен берілетін (құбырға) су шығыны сол камерада алынатын кластың ірілігіне байланысты алдын-ала есептелінеді. Ол үшін алдымен бірдей шөгу коэффициенті анықталып, алынатын класс іріліктері белгіленеді. Мысалы, алғашқы заттың ірілігі -3+0мм болсын. Сонда алынатын кластардың ірілігі былай табылады: 3:2=1,5, 1-класс ірілігі -3+1,5мм; 1,5:2=0,75, 2-класс ірілігі -1,5+0,75мм; 0,75:2=0,375, 3-класс ірілігі -0,75+0,375мм.
Осыдан кейін әр класс үшін шөгу жылдамдығы (яғни судың көтерілу жылдамдығы) есептеледі. 1-класс үшін 1,5мм, 2-класс үшін 0,75мм және тағы сол сияқты әр кластағы ең кіші диаметр есепке алынады. Табылған жылдамдықтарды (υ) және су түсетін құбырлардың диаметрлерін біле отырып әр камераға жіберілетін су шығыны есептеледі: Q=υ∙S л/мин,
мұнда S=πd2/4- құбырдың қимасының ауданы, м2
Әр камерада шөгу жылдамдықтары судың көтерілу жылдамдығынаназ түйіршіктер ағып келесі камераға түссе, шөгу жылдамдықтары басым түйіршіктер батып камера түбіне түседі.
Бірге шөгу принципімен сұрыптау арқылы алынған кластардың ерекшеліктері ол- әр класс ішінде тығыздығы үлкен минералдың барлық түйіршіктерінің диаметрлері тығыздығы төмен минералдыңбарлық түйіршіктерінің диаметрлерінен кіші болады. Осылай сұрыптаудың, мысалы, кенді концентрациялау (жинағыш) столдарында байыту үшін маңызы зор.