Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК гравитация 2011.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
3.37 Mб
Скачать

2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспары

1 Тәжірибелік жұмыс. Гравитациялық әдіспен байыту үрдісін таңдау

Әдістемелік ұсыныстар: Гравитациялық үрдісті таңдауда заттың ірілігінің маңызы. Әр үрдістің тиімділігіне әсер ететін күштер.

Әдебиет: 1 нег. [5-27]

Бақылау сұрақтары:

  1. Кенді жинағыш столда байыту.

  2. Кенді байыту алдында сұрыптау.

  3. Кенді шөктіру (отсадка) әдісімен байыту.

  4. Шөктіру алдында кенді сұрыптау.

  5. Ауыр ортада байыту.

2 Тәжірибелік жұмыс. Гравитациялық әдіспен байытуды тиімді үрдісті таңдау.

Әдістемелік ұсыныстар: Үрдістердің ең тиімдісін таңдау үшін әрқайсысының барлық ерекшеліктерін

(өнімділіктерін, қандай ірілікке қолдануға болатындығын, бөлу дәлдіктерін) жақсы болу керек. Көпшілік жағдайда олардың біреуі ғана емес, екеуі не үшеуіде белгілі кезекпен қолданулары мүмкін.

Әдебиет: 1 нег. [5-27]

Бақылау сұрақтары:

  1. Шөктіру әдісімен байыту үрдісінің өнімділігі, қаңдай ірілікке қолданылуы және минералдарды бөлу дәлдігі?

  2. Жинағыш столдардың өнімділігі, қандай ірілікке қолданылуы және минералдарды болу дәлдігі?

  3. Шлюздердің қолданылу ерекшеліктері ?

  4. Бұрама бөлгіштердің қолданулары ?

  5. Ауыр ортада байытуды қолданудың негізгі мақсаты ?

3 Тәжірибелік жұмыс. Гравитациялық байытудың технологиялық сұлбалары.

Әдістемелік ұсыныстар: Технологиялық сұлбаларда байыту үшін қолданылатын барлық операциялар белгілі кезекпен көрсетіледі. Сұлбада алдымен қандай байыту үрдісі қолданылуына байланысты сұрыптау рперациялары келтіріледі. Оларға ірілік кластарына бөлу не бірдей шөгу принциптерімен сұрыптаулар жатады. Одан әрі әр класс жеке машиналарға түсіріледі. Негізгі байытудан концентрат тазалау операцияларына түседі.

Әдебиет: 1 нег. [130-177]

Бақылау сұрақтары:

1. Ірілік кластарға бөлу қандай үрдіспен байыту алдында жүргізіледі ?

2. Бірдей шөгу принципімен кластарға бөлу қандай үрдістін алдында жүргізіледі ?

3. Тазалау операцияларының саңы кеннің қандай қасиеттерімен аңықталады ?

4. Әр класты жеке машинаға түсірудің себебі не ?

5. Екі не үш байыту үрдістері қолданылса (жинағыш столда байыту, ауыр ортада байыту және шөктіру әдісімен байыту) олар қандай кезекпен жүргізіледі ?

4 Тәжірибелік жұмыс. Ауыр ортада байыту

Әдістемелік ұсыныстар: Ауыр ортада байытудың негізі. Ауыр сұйықтың тар және суспензиялар. Ауыр суспензияларды дайындау және регенерациялау. Ауыр суспензиялардың сипаттамалары және оларды дайындау жолдары. Ауыр суспензияда байытуда қолданылатың құрал-жабдықтар.

Әдебиет: 1 нег. [35-70]

Бақылау сұрақтары:

1.Ауыр ортада байытудың теориялық негізі ?

2. Ауыр сұйықтардың түрлері ?

3. Ауыр суспензияларды дайындау және оларды қолдану жерлері ?

4. Минералдық суспензиялардың қасиеттері ?

5. Пайдалы кендерді ауыр ортада байыту технологиясы ?

5 Тәжірибелік жұмыс. Жинағыш столдарда байыту

Әдістемелік ұсыныстар: Жинағыш столда байытудың негізі. Дека бетіндегі түіршіктерге әсер етуші күштер. Жинағыш столда байыту алдында заттарды дайындау. Столдың қозғалу қашықтығын және тербеліс саның реттеу. Жинағыш столдардың түрлері.

Әдебиет: 1 нег. [370-383]

Бақылау сұрақтары:

1.Кенді жинағыш столда байыту.

2. Кенді байыту алдында сұраптау.

3. Үрдіске әсер ететін күштер, оларды реттеу жолдары.

4. Жинағыш столдардың концентрациялық құрылымдары.

5. Бірдей шөгішу түйіршіктер және бірдей шөгу коэффициенті.

6 Тәжірибелік жұмыс. Шөктіру әдісімен байыту

Әдістемелік ұсыныстар: Байыту үрдісіне әсер ететін күштер. Бастапқы байытылатын зат ірілігінің байытылу тиімділігіне әсері. Жасанды төсеніш және оның атқаратың ролі. Үрдісне әсер ететін факторлар және оларды реттеу. Шөктіру үрісінде қолданылатын машиналар.

Әдебиет: 1 нег. [181-237]

Бақылау сұрақтары:

1.Шөктірумен байытуда минерал түйіршіктерінің қозғалысына не әсер етеді ?

2. Минерал түйіршіктерінің тор үстінде орналасу кезегін түсіндіру ?

3. Үрдіске әсер ететін факторлар ?

4. Шөктіру машиналарының түрлері ?

5. Үрдістің қолдану аумағы ?

7 Тәжірибелік жұмыс. Ортадан тепкіш өрістерде байыту

Әдістемелік ұсыныстар. Ортадан тепкіш өрістегі пайда болу себебі. Ортадан тепкіш күш және бөліну факторы. Отадан тепкіш жинағыштарда байыту. Нельсонның ортадан тепкішгидроконцентраторы, оның жұмыс істеу принципі.

Әдебиет: 1 нег. [181-237]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ортадан тепкіш аппараттарда қандай күштін әсері жоғары болады ?

  2. Бөліну факторы дегеніміз не?

  3. Қысқа конусты гидроциклонда байыту.

  4. Центрифугаларда байыту.

  5. Нельсонның ортадан тепкіш гидроконцентраторысында байыту.