Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК гравитация 2011.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
3.37 Mб
Скачать

2.4 Зертханалық жұмыстардың жоспары

1 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерінің сұйықтықтардың және суспензиялардың тығыздығын анықтау

Тапсырма. Қарапайым тез орындалатын әдістермен тәжірибе жүргізу арқылы кендердің және минералдардың, сұйықтардың, суспензиялардың тығыздықтарын анықтайтын әдістермен танысу.

Әдебиет: 1-нег. [10-27], 3-қос. [5-11]

Бақылау сұрақтары:

1. Заттың тығыздығы және үлесті салмағы деген не, олардың өлшем бірліктерін ата?

2. Минерал түйіршіктерінің және сұйықтықтардың тығыздықтарын тез анықтайтын әдістер.

3. Түйіршіктердің, ығыстырып шығарған су көлемі арқылы олардың тығыздықтарын анықтау?

4. Түйіршіктердің тығыздықтарын анықтау үшін неліктен органикалық сұйықтықтарды қолданған дұрыс?

5. Сұйықтардың тығыздықтарын анықтаудағы ареометрдің жұмыс істеу принципі.

№2 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерінің су ішінде ақырғы еркін шөгу жылдамдығын анықтау

Тапсырма. Пішіні дұрыс емес минерал түйіршігінің көлемін шар көлеміне теңестіру арқылы оның диаметрін анықтау.

Әдебиет: 1-нег. [10-12], 3-қос. [11-14]

Бақылау сұрақтары:

1. Түйіршіктердің эквивалентті диаметрі деген не?

2. Бірнеше түйіршіктердің орташа эквивалентті диаметрін қалай анықтауға болады?

3. Жеке кесектің орта диаметрін табу жолдары?

4. Түйіршіктің эквивалентті диаметрі қандай формуламен анықталады?

№3 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерінің су ішінде ақырғы еркін шөгу жылдамдығын анықтау

Тапсырма: Іріліктері және тығыздықтары әр түрлі түйіршіктердің ақырғы шөгу жылдамдықтарына әсер ететін тәуелділікті анықтау

Әдебиет: 3-қос. [14-18]

Бақылау сұрақтары:

1. Еркін және қысылмалы шөгу деген не?

2. Ақырғы шөгу жылдамдығы деген не?

3. Бірқалыпты қозғалу кезінде түйіршіктерге қандай күштер әсер етеді?

4. Бірдей шөгу коэффициенті деген не?

5. Шөгу жылдамдығына түйіршіктердің пішіні қалай әсер етеді?

6. Ақырғы шөгу жылдамдығын қалай есептеп табуға болады?

№4 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерін гидроциклонда сұрыптау

Тапсырма: Гидроциклон құрылысымен танысу. Сұрыптау процесінің негізгі реттеуші факторларымен гидроциклонда зерттеу. Гидроциклонды және көмекші аппараттарды іске қосуды, тоқтатуды игеру.

Әдебиет: 3-қос. [18-27]

Бақылау сұрақтары:

1. Гидроциклонның құрылысы және ол қалай жұмыс істейді?

2. Гидроциклонның қондырғысына не кіреді?

3. Ағызынды және құмдардағы түйіршіктер ірілігі қалай реттеледі?

4. Ағызынды және құмдардағы қатты зат үлестері қалай реттеледі?

№5 Зертханалық жұмыс. Кенді жинағыш столында байыту.

Тапсырма: Жинағыш столының конструкциясымен және минералдардың бөліну процесімен танысу.

Әдебиет: 3-қос. [27-35]

Бақылау сұрақтары:

1. Жинағыш столдың жұмыс істеу принципі

2. Жинағыш столының бөлшектері.

3. Жинағыш столында байытылатын заттың ірілігі?

4. Дека үстінде түйіршіктерге әсер ететін күштер және оларды өзгерту жолдары.

№6 Зертханалық жұмыс. Пайдалы қазбаларды фракциялық талдау.

Тапсырма: Ұсатылған кендердің фракциялық құрамын зерттеу, гравитациялық байыту қисықтарын салу және оларды сынау.

Әдебиет: 3-қос. [27-34]

Бақылау сұрақтары:

1. Фракциялық талдаудың мақсаты

2. Кендерді талдауда қандай тығыздықтағы ерітінділер қолданылады?

3. Гравитация байытулығы немен сипатталады?

4. Байыту қисықтары қалай салынады және қолданылады?

№7 Зертханалық жұмыс. Кенді диафлрагмалық отсадкалау машинасында байыту

Тапсырма: Диафрагмалық отсадкалау машинасының бөлшектерімен, жалпы конструкциясымен танысып, ол арқылы екі минералдар араласын өткізіп, кенді концентратқа және қалдыққа бөлу машинаның эскизін сызу.

Әдебиет: 4-қос. [18-21]

Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды төсеніштің атқаратын ролі

2. Жасанды төсеніштің: құрамы, ірілігі, биіктігі

3. Байыту алдында кенді қалай сұрыптау қажет?

4. Отсадкалауда минерал түйіршіктеріне әсер ететін күштер?