Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 тарау.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
78.65 Кб
Скачать

23.Грунт жане калкыма сулар.

Грунт суларының шамасы, қасиеті, жатыс тереңдігі тек геологиялық, ҽсіресе, климаттық факторларға байланысты. Грунт суларының таралуынан климат зонасына сҽйкес келетін белгілі зоналылық байқалады. Табиғи құбылыстар зоналылығының идеясын бірінші болып тұжырымдаған белгілі орыс топырақтанушысы В.В. Докучаев. Зоналылықтың грунт суларына қатысты идеясын П.В. Отоцкий, кейінірек В.С. Ильин (1923) дамытты.

КСРО-ның европалық бҿлігінде грунт сулары зоналылығының алғашқы схемасын ұсына отырып, зоналы жҽне зонасыз суларды ажыратты. Сулардың климат зоналылығы жҽне физгеографиялық зоналылықпен байланыстылығы зоналы грунт сулары болып табылады. Климат зоналылығымен онша тығыз байланысы жоқ суларды зонасыз грунт суларына жатқызады. Кейінірек грунт сулары зоналылығының мҽселелерімен О.К. Ланге, Г.Н. Каменский, А.Н. Семихатов, И.В. Гармонов, И.К. Зайцев, т.б. айналысты. О.К. Ланге В.С. Ильиннің схемасына түзету енгізе жҽне толықтыра отырып, грунт суларының зоналылығы жҿнінен КСРО жерін үш аймаққа бҿлді:

- ауаның жылдық орташа температурасының бұрыс мҽнімен сипатталатын кҿпжылдық тоң аймағы;

- ауаның ылғалдылығы жоғары, жылдық орта температура дұрыс мҽнді, температураның тҽуліктік, маусымдық жҽне жылдық ауытқуларының шамасы аз болып келетін аймақ;

- ауасы тым кұрғақ, температураның ауытқулары тым жоғары келетін аймақ. Бұл аймаққа жататын Орта Азия аумағында тау бҿктерлеріне тҽн келетін жер астының ағыны буланудан басым зонаны, жазық ҿңірлерге тҽн, ағыны мен булануы тепе-тең зонаны бҿлуге болады.

Г.Н. Каменский судың химиялық құрамының қалыптасу типіне қарай КСРО жерін 2 зонаға бҿлді: ерітіп шаятын грунт сулары, континенттік тұзданудың грунт сулары. Грунт суларының бірінші типі жер астының тасқыны буланудан басым келген жағдайларда қалыптасады. Мұндай жағдайлар ылғалдану мҿлшері жоғары келетін аймақтардан орын алады. Жақсы кҽріздену танаптары дамыған ҿзге зоналарда да болуы мүмкін. Осындай жағдайлар таулы ҿңірлерде де ұшырайды (Г.Н. Қаменский таулы ауданда грунт суларының ерітіп шаятын зона бҿлігін ажыратты). Екінші зонадағы грунт суларының қалыптасуы атмосфералық жауын-шашын мҿлшерінің аздығы, буланудың молдығы, жер асты ағынының жетімсіздігі жағдайында ҿтеді. Биіктеу келген танаптарда кҿбінесе тұщы сулар, беткейлер, сайлар, аңғарлар аумағында тұщы жҽне сҽл тұзғылт, ал аңғарлар мен сайлардың ойдымды жерлерінде тұзғылт жҽне тұзды сулар қалыптасады. Қоректену мен шығын жағдайларының ҿзара қатынасынан басқа жер асты суларының құрамына су сыйыстырушы жыныстардың құрамы да ҽсер етеді. Гипсті жҽне тұзды жыныстар тіпті еру, шайылу зонасының ҿзінде де кермек жҽне тұзды сулардың қалыптасуына себепші болады.

25.Әлемдік мұхит және оның бӛліктері.

Жер шарының шамамен 3/4 бҿлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Оның ауданы 361 млн км2 тең немесе планетамыздың 71% бҿлігін құрайды жҽне бұл су айдынында бүкіл гидросфераның шамамен 96 %-і шоғырланған (1,34 млрд км 3).

Құрлықтар арасында орналасқан, кҿлемі үлкен ҿзіндік жеке су жҽне атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін ҽлемдік мұхиттың бҿліктерін мұхиттар дейміз. Кейде мұхиттар мұхит алаптарына бҿлінуі мүмкін. Негізінен мұхиттарды теңіздерге, шығанақтарға жҽне бұғаздарға бҿліп қарау қалыптасқан.

Теңіз – мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның ҿзге бҿліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бҿлектеніп жатқан кішігірім бір бҿлігі. Теңіз мұхиттан ҿзіне тҽн геологиялық, гидрологиялық жҽне басқа да сипаттарымен ерекшеленеді.

Келтірілген анықтамаларға сүйенсек теңіздердің гидрологиялық режимінің ҽлемдік мұхит бҿліктерінің айтарлықтай сипаттамалық белгісі болып табылатындығын кҿреміз. Мұхиттар мен теңіздердегі гидрологиялық процестер жер бетіндегі су объектілерінде ҿтіп жататын табиғи процестердің маңызды бір бҿлігі жҽне оларды игеру барысында керекті шарт.

Ҽлемдік мұхит шартты түрде келесі бҿліктерге: Тынық, Атлант, Үнді жҽне Солтүстік Мұзды мұхиттарға бҿлінеді. Алып жатқан ауданына жҽне суының кҿлеміне қарай мұхиттардың ең үлкені жҽне тереңі (орташа жҽне шекті ҿлшем бойынша) – Тынық мұхит, кейде оны «Ұлы мұхит» деп те атайды (1-кесте). Оның ең терең жері (ҽлемдік мүхиттың да) 11022 м. Ол жер Мариан шұңғылында орналасқан (1957 ж. Советтік ғылыми-зерттеу экспедициясы «Витязь» кемесінде ҿлшеген).

Мұхиттардың бҿліктері - теңіздер - құрлыққа қатысты орналасуына қарай ішкі (құрлық іші жҽне материкаралық), шеткі жҽне араларалық деп үш топқа бҿлінеді.

Ішкі теңіздердің мұхиттармен байланыстары тар бұғаздар арқылы болуы себепті ҿте нашар жүреді. Сондықтан да олардың гидррлогиялық режимі мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимінен біршама ерекшеленеді. Ішкі теңіздердің екі түрге бҿлінуі олардың аттарынан-ақ кҿрініп тұр. Материкаралық теңіздер материктер арасында орналасса (оған мысал Жерорта теңізі), ал құрлықішілік теңіздер - бір құрлықтың ішінде орналасады (Азу, Балтық, Ақ теңіздері)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]