Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1,2,3 Акбота

.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
18.14 Кб
Скачать

Ұйым қаржысы.

  1. Ұйым қаржысының мәні.

  2. Ұйым қаржысының принциптері мен қызметтері.

  3. Ұйымның қаржылық механизмі.

Жауабы:

  1. Ұйым қаржысы біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі.Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан олар қаржының негізгі бастапқы бөлігі болып табылады.Себебі онда жиынтық, қоғамдық өнім, ұлттық табыс және байлық жасалады.Ұйым қаржысының мәні ақша қаражаттарын қалыптастыру,бөлу және пайдалану.

  2. Ұйым қаржының қызметтері:

Бөлу қызметі­нің ерекшелігі жиынтық қоғамдық өнім құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі.Мұның өзі ұдайы өндіріс кезінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды.

Бақылау қызметі маңызды рөл атқарады есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды.Себебі ұйымдардың қаржысы, еңбек, қаржы ресурстары бақылауды талап етеді.

Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету.

Ұйым қаржысының принциптері:

Шаруашылық есептің мәні кәсіпорынға оның қызметіне қажетті жарғы қорын құрайтын негізгі және айналым қаржысы бөлінеді.Шаруашылық есептің өзі екі негізгі принципке бөлінеді:өзін-өзі ақтау және өзін-өзі қаржыландыру.

Өзін-өзі ақтау кәсіпорын тиімді өткізген табысының есебінен өндірістік шығындардың ақталуы,яғни шығынға батпау.

Өзін-өзі қаржыландыру өзін-өзі ақтау сонымен қатар нормативтік пайда табуды көздейді.

Коммерциялық есеп принципі кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылады.Кәсіпкерлік тәуекелге бел байлап, табыс табуға ұмтылған азаматтардың жеке,дербес іс қимылдары.

  1. Кәсіпорын қаржыларын басқару мақсатында қаржылық механизм қолданылады.Қаржылық механизм мемлекет пен экономикалық заңдар талаптарына сәйкес бекітілген өндірістің соңғы нәтижесіне тиімді ықпал ету мақсатында қаржылық қатынастармен ақша қаражаттары қорлары байланысын ұйымдастыру үшін арналған кәсіпорын қаржыларын басқару жүйесі.

Қаржылық есеп.

  1. Кассадағы ақшалай қаражаттарының есебі.

  2. Ағымдағы банк шоттарындағы ақшалай қаражаттарының есебі.

  3. Аккредитивтегі ақшалай қаражаттарының есебі.

Жауабы:

  1. .................

  2. Банк шоттары теңгеменде шетелдік валютаменде жүргізіледі.Ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар банк шоттары-банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы және жинақ шоттары-бұл да банктік шоттар.Бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Касса- қолма-қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға,беруге және уақытша сақтауға арналған.

3…................

Экономикалық талдау және қаржы есебін талдау.

  1. Экономикалық талдаудың пәні,мазмұны мен маңызы.

  2. Экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері.

  3. Экономикалық талдаудың мәліметтер базасы.

Жауабы:

  1. ЭТ пәні-обьективті және субьективті факторлардың әсерінен пайда болатын шаруашылық процестермен оның соңғы нәтижелері.

ЭТ мазмұны-талдау грек тілінен аударғанда “analisis” зерттеп жатқан обьектіні бөлшектеп қарау .

  1. Әдіс дегеніміз- әр ғылымның пәнін зерттеу барысында қолданатын пайымдау немесе қимыл операцияларының жиынтығы.

Әдістің түрлері:

Тікелей-әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып,қортынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

Факторлық талдау-жекелеген факторлардың қортынды көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау.

Көлденең талдау-есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.

Салыстырмалы талдау-бір құбылыспен екінші құбылысты салыстыра отырып талдау.

Трендтік талдау-барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен бір қатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеу.

Коэффициенттік талдау- салыстырмалы шама болып табылады.Оларды есептеу кезінде біреуін бірлік ретінде алып,ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінді көрсетеді.

  1. ЭТ мәліметтер базасы-екі топқа бөлінеді.

1. Қаржылық есептен алу Мәліметтерді құжаттардан,бухалтерлік есептен,қаржылық деректерден алу.

2.Ақпараттарды теледидар радио,интернеттерден,газет-журналдардан алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]