Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 тарау.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
78.65 Кб
Скачать

16.Көл қазаншункырларынын калыптасу сипатына карай жиктелуі.

Кҿл қазаншұңқырларының қалыптасу сипатына қарай бҿгелген немесе тоғандалған, қазаншұңқырлы жҽне аралас сипатты кҿлдер болып бҿлінеді.

Бӛгелген кӛлдер ҿзен аңғарларын тау кҿшкіндері, сырғымалары, мұздықтар шҿгінділер басып қалған жағдайда пайда болады. Мысалы, Памирдегі Ескендір-кҿл мен Сарез кҿлдері, Кавказдағы Рица кҿлі. Бұл кҿлдер ҿзен аңғарларының сұлбасын толық қайталаумен сипатталады. Бұл топқа табиғи бҿгелген кҿлдерден ҿзге жасанды кҿлдер – Рыбинск, Цимлян, Бұқтырма бҿгендері жатады.

Қазаншұңқырлы кӛлдердің пайда болуының себептері кҿп. Бұл топқа мореналық тектоникалық, вулкандық, дефляциялық немесе эолдық жҽне карстық кҿлдер жатады. Мореналық (мұздык,) кҿлдер мұздықтардың эрозиялық жұмысының ҽсерінен, ҽсіресе тҿрттік дҽуірде, пайда болған. Мұздықтардың шегінісі (еруі) кезінде кҿп мҿлшерде тау жыныстарын (саз балшык, малта тас, құм жҽне койтастар) тасымалдаған жҽне морена турінде шҿгінділер қалдырып отырған. Мореналық кҿлдер мұздық шҿгінділердің біркелкі болмауы себепті пайда болған ойыстарда қалыптасқан. Олар ҽр түрлі сұлбада кездеседі (дҿнгелек, созылыңқы, сопақ т. б.). Қазаншұңқырлы кҿлдер ҽсіресе ежелгі мұздық дҽуір дамыған жерлерде кҿп тараған (Карел, Қола түбегі).

17.Колдердин морфологиялык сипаттамасы.

Морфологиялык сипаттамалар қазаншұңқырлардың тереңдіктері кҿрсетілген карталар мен пландардың кҿмегімен анықталады жҽне белгілі бір су денгейіне сҽйкестендіріледі. Қазаншұңқырдың кұрылымы күрделі болған жағдайда морфометриялық сипаттамалар кҿлдің барлық бҿлігі үшін жҽне оның жекелеген бҿліктері үшін де анықталады.

Су бетінің (айдын) ауданы, Ғ, км2 - аралдарсыз жҽне аралдармен қосқандағы аудандар кҿрсетіледі, планиметрдің немесе палетканың кҿмегімен анықталады.

Қазаншұңқырдың ұзындығы L, км - жаға сызығының ең алыс нүктелерінің арасының тіке қашықтығы, су бетімен ҿлшенеді.

Қазаншұңқырдың ені В, км: орташа ені В0 - ауданының (Ғ) ұзындығына қатынасына (В0 = Ғ/L) тең; максимал ені В mах - ұзындырына жүргізілген перпендикуляр арқылы ҿлшенетін екі жағалаудың су деңгейімен ҿлшенгендегі ең алыс қашықтығы.

Жағалау сызығының ұзындығы S, км су кемерімен (нҿлдік изобата) анықталады.

18.Колдердин даму кезендери

Уақыт ҿткен сайын кҿл казаншұңкырының алғашқы бедері тегістеледі, кҿл саязданады, ал одан кейін ҿсімдік басып «ҿледі». Геологиялық тұрғыдан алып қарағанда барлық кҿлдер уақытша ғұмыр кешеді, олар ерте ме, кеш пе құриды.

Кҿлдердің дамуы келесі кезеңдерден тұрады:

1) жастық кезеңі – қазаншүңқырдың алғашқы бедері ҿзгерісіз сақталады;

2) есею кезеңі - кҿлдің айналасында жағалық қайраң пайда болады, ал ҿзен құйғандарында (саға) атыраулар қалыптасады, бірақ казаншұңқырдың табанының кейбір кедір-бұдырлықтары сақталады, су ҿсімдіктері дамиды;

3) кҽрілік кезеңі - кҿл атырау беткейлерімен жҽне жағалық қайраң шҿгінділерімен қоршалып жатады, кҿлдің барлық бҿлігінде аллювиалдық шҿгінділер таралады, тереңдігі азаяды;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]