Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
киын сурактар.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
181.76 Кб
Скачать

19. «Жаһандану жағдайындағы тіл мәселесі» тақырыбына эссе жазыңыз.

Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетке ерекше ықпалын тигізіп отырған жаһандану – өмірдің барлық саласын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінде қоғамдық тіл мен ділімізге, рухани кеңістігімізге әсер етіп келеді.

Бұл проблема – адамзат өз дамуының жаңа сатысына көтеріліп, өркендеудің жаңа кезеңіне өткенін дәлелдей түсер ақиқаттың жемісі.

Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар да келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымызда да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.

Ұлттар мен халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі – әр кезеңдегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды.

Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады.

Егер біз қазіргі жаһандану кезеңінде тәуелсіздігімізді сақтап қалғымыз келетін болса, ең әуелі, тілімізді қорғай отырып, оның мемлекеттік тіл ретінде тамыр жаюына бәріміз қызмет етуіміз қажет.

Тілді бүкіл қазақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекеттік мәртебесіне айналдыру керек. Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде кеңістігіне шығуы тиіс.

20. «Математика - ғылымдардың патшасы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Математиканың басқа ғылымдармен байланыстары көп. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығында дау жоқ. Ал тарихпен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады. Бейнелеу өнерінде де математиканың бар екенін көруге болады. Леонардо да Винчи Ф санын «Алтын қима» деп атады және осы санды ол өзінің суреттерін салғанда пайдаланды. Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы қолданған. Ежелгі Грекия сәулетшілері Афиныдағы Парфенолды тұрғызу кезінде алтын тік төрт бұрыштарды пайдаланған. Шынында да математика өздігінен математикалық қүндылықтарды туғызбайды, ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның қүнды пікірлері мен әдістерін үқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді.Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалык әдістерді қолданбаса ғылыми-прогрестің болуы мүмкін емес. «Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал.