Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
киын сурактар.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
181.76 Кб
Скачать

21. Омар Хаям туралы жазбаша баяндаңыз

Парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты- Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесәнде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген. Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қол жазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударылып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан конустық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілген, бұл алгебра мен геометрияны біріктірген керемет әдіс еді. Ол тағы да екімүшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін де зерттеген.Евклидтің кітабын аударып және оған түсініктеме берген. Оның «Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған. Басты еңбектері:

  • Арифметика мәселелері.

  • Әл-жебр мен әл-мүкабала есептерінің дәлелдемелері туралы.

  • Евклидтің еңбегіндегі қиын мәселелерге түсініктемелер («Негіздерге түсініктеме»)

  • Даналық таразысы.

  • Болмыс туралы. Фалсапалық кітап.

  • Омар Хайям өлеңдер жинағы.

22 .«Ш.Смағұлов - дарынды ғалым» деген тақырып бойынша жазбаша баяндаңыз

Смағұлов Шалтай (16.3. 1949 жылы туылған, Алматы облысы,Балқаш ауданы,Құйған ауылы – 22.2.2003, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990). Новосибирск мемлекеттік университетін (1972), КСРО ҒА-ның Теория және қолданбалы механика институтының аспирантурасын (1978) бітірген. Ресейдің жоғары оқу орындарында (1972–1984) жұмыс істеді. ҚР ҰҒА-ның Механика және математика ғылыми-зерттеу институтының директоры (1996–2001), ҚазҰУ-да декан (2001–2003) қызметтерін атқарды. Шалтай Смағұлов – атақты математик, академик, əлем таныған ірі ғалым, қолданбалы математика, есептеу гидродинамикасы мен ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық ғылыми мектептің негізін салушы. Шалтай Смағұлов ғылымға келген уақыт аралығында 150-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 8 монографиялық еңбек жазыпты. Ғалымның тікелей жетекшілік жасауымен 60-тан астам кандидаттық диссертация, 10 докторлық диссертацияның қорғалуы Ш. Смағұловтың ғылым саласындағы дарындылығы мен біліктілігі,табандылығының нəтижесі.

23. КазҰу-дың механика-математикалық кафедрасы туралы баяндаңыз.

1934 жылдары Қазақстан аумағында ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті ұлттық білім беру және ғылыми орталықтарының бірі болды. Факультетіміз барлық сынақтардан өтіп жатыр және ең үздік ғылыми зерттеу орталығы болып қала береді. Сонымен қатар мемелекетіміздегі метематика, механика, информатика пәндерінен кадрлар дайындау жолында ең алда.

Соңғы жылдары факультетімізде білім алатын студенттер саны арта түсуде. Сондай-ақ ғылыми зерттеу бағдарламаларының саны көбейіп, арнайы мамандар дайындау жолында көптеген жаңа курстар ашылып, факультетіміздің материалдық базасы үлкейуде. Студенттеріміз сапалы білім алып және математика, механика, информатикапәндерінің жаңа бағыттарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Механика-математика факультетінің ұжымында білім беру процесінде және заманға сай ғылыми зерттеу жұмыстарының даму жолында көптеген жоспарлар бар. Факультетіміз осы жоспарларды орындау жолында жеткілікті потенциалы бар.

 

Оқу жүйесі

Факультетте жоғары білімді мамандарды даярлау көп сатылы оқу жүйесі бойынша жүргізіледі:

       

                   Бакалавриат;

                

                                                  Магистратура; 

                             

                                                                                  PhD докторантура;

  

Факультет жоғары базалық (бакалавр) білімді, арнайы білімді және де магистрлік академиялық дәрежесі бар мамандарды төмендегі мамандықтар бойынша даярлайды:

  •  Математика;

  •  Информатика; 

  •  Механика; 

  •  Ақпараттықжүйелер; 

  •  Математикалық және компьютерлік моделдеу;

  •  Ғарыштық техника және технология.

 

Факультет келесі елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыс орнатқан: Ресей, Белоруссия, АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Франция, Италия, Польша, Түркия, Мысыр, т.б.