Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
киын сурактар.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
181.76 Кб
Скачать

9. Ақпарат алмасудың түрлері туралы өз пікіріңізді жазыңыз

"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген үғымдарды білдіретін

informatio сөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа. ғылымның әр түрлі:

философия, экономика физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді.

Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.

"Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын

білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Ақпаратты өндеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.

Адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өндейді және кабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т. б. бола алады.

Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Акпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өндеу құралдарыньң болуын ескереді.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл акпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы — бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат - бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.

Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

10. Әбу Насыр әл-Фараби - данышпан ғалым» деген тақырып бойынша жазбаша баяндаңыз

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) – Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар “Фараб” деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған.

Әл-Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда-саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тілі болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің ғалымдарымен кездесіп, солармен сырлас болды. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.